0 дауыс
8.2k көрілді
Маған қатты керек еді.Жаратылыс пәнінен таппай жаттырмын көмектесіп жіберініздерші. Дәл қазірге керек еді

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Бактериялар – табиғатта ең көп тараған, негізінен бір жасушадан тұратын, оқшауланған ядросы жоқ, қарапайымдылар. Алғаш рет бактерияларды 17 ғасырда голланд ғалымы, микроскопты жасаушы – Антони ван Левенгук байқаған. 19 ғасырда бактериялардың құрылысы мен табиғаттағы рөлін француз ғалымы Луи Пастер, неміс ғалымы Роберт Кох және ағылшын ғалымы Джозеф Листерзерттеді. Бактериялардың жасуша құрамында тұрақты жасуша қабаты, цитоплазмалық мембрана, цитоплазма, нуклеоид, рибосома болады. Ядроның қызметін дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) атқарады. Бактериялар ядросы мембрана қабығымен оқшауланбаған және онда хромотин жіптері түзілмейді. Бактериялар қарапайым бөліну арқылы көбейеді. Мысалы, 1 г қара топырақта 2 – 3 млрд. бактериялар, 1 г құмды топырақта 150 мың бактериялар, адам көп жиналған бөлме ауасының 1 м3-інде он мыңдай бактериялар тіршілік етеді. Олардың пішіндері әр түрлі: шар тәрізділерін – кокк, қосарланғандарын – диплококк, таяқша тәрізділерін – бациллалар, үтір тәрізділерін – вибриондар, таға тәрізділерін терроидтар, жүзім тәрізді шоғырланғандарын – стафилококтар деп атайды. Бактериялардың ұзындығы 1 – 20 мкм, ені 0,1 – 10 мкм, ал жіп тәрізділерінің ұзындығы 50 – 100 мкм-ге жетеді. Қолайсыз жағдай туғанда сырты қалың қабықпен қапталып спора түзеді. Бактериялар өте төменгі температурада (–1900С-та, ал споралары –2530С-та) тіршілік ете береді. Оларды өте жоғары температурада (+1000С-та) кептіргенде, кейбір түрлері (мысалы, гонококтар) тіршілігін тез жойса, дизентерия таяқшалары жеті тәулік, дифтериянікі отыз тәулік, туберкулездікі тоқсан тәулік, ал түйнеменің бациллалары он жылға дейін тіршілігін жоймайды. Бактерияларды ультракүлгін сәулелері ерітіп жібереді. Қышқылды, қантты, тұзды ортада тіршілік ете алмайды. Бактериялардың көпшілігі зиянсыз, ал зиянды түрлері көптеген жұқпалы аурулар (туберкулез, тырысқақ, көкжөтел, т.б.) тудырады. Бактериялар жасушасында өсімдіктер мен жануарлардың жасушасында болатын элементтердің барлығы кездеседі. Бактериялардың тіршілігінде ферменттердің атқаратын рөлі зор. Олардың бір бөлігі (эндоферменттер) бактерияларда синтез, тыныс алу процесін реттесе, ал екіншілері (экзоферменттер) бактериялар арқылы қоршаған ортаға бөлініп шығады. Сондай-ақ олардың тіршілік етуі үшін көміртек пен азот өте қажет. Бактериялар азотты белоктан, амин қышқылдарынан, аммоний тұздарынан, нитраттардан алады, кейбіреулері атмосфера азотын сіңіреді. 

Ғалымдар грек жаңғағыжидетерекқарағайағаштарының жапырақтарынан бөлінетін заттардың бактерияларды қырып жіберетінін анықтаған. Сондықтан үйде мал қораның жанына ағаш отырғызып, өсімдіктер егу қажет.Адам, өсімдіктер мен жануарларды ауруға шалдықтыратын бактериялар бар, олар ауру туғызатын бактериялар деп аталады. Ауру туғызатын бактериялар ауада, сула, тағамда тіршілік етеді. Адамға солар арқылы оба, сіреспе, туберкулезіш сүзекбаспақантышқақ, құздама ауруы жұғады. Адамның жаппай ауруы індет деп аталады. Ал өсімдіктердің бактериялық ауруы - бактериоз, мақтаның бактериялық ауруы - гоммоз (шайыр ағу). Аурудан сақтану жолы - тазалық сақтау.Қазақтың біртума шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы ауруларға өзінше атау берген. Оның ұсынуы бойынша: тышқақ - сатқа, қантышқақ - сатқақ, құздама - сорбуын.

Бактериялар тіршілік әрекеттеріне қарай алуан түрлі болады және олардың табиғаттағы маңызы өте зор. 

        Шіріту бактериялары -  біздің ғаламшарымыздың тазалаушысы. Себебі олар өсімдіктердің қалдықтары мен жануарлардың өлекселеріндегі күрделі ағзалық заттарды ыдыратады. Топырақта қарашіріктің түзілуіне себепші болады. Топырақ бактериялары өсімдіктерге қорек дайындайды. Бактериялар топырақты минераларды заттармен байытып қана қоймай, сонымен бірге топырақтың құрылымын жақсартады. Топырақ неғұрлым құнарлы болса, онда бактериялар да соғырлым көп болады. 1 г қара топырақта 5-6 млрд бактерия болады. Кейбір бактериялар ауадағы азотты өзіне сіңіріп, топырақты азотты қосылыстарымен байытады. Түйнек бактериялары жоңышқа, беде, асбұршақ, сиыржоңышқа, соя, шеңгел сияқты бұршақгүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктер мен селбесіп тіршілік етеді.

      Бактериялардың халық шаруашылығында да маңызы зор. Оны өте ертеден– ақ, ірімшік жасау, сүт тағамдарын ашыту, тері илеу, сүрлем дайындау үшін қолданған. Мата былғары өнеркәсібіне кеңінен пайдаланады. Бактериялар сүттің құрамындағы қант пен қоректеніп, сүт қышқылын түзеді. Сүт қышқылы сүтті ашытып, айранға айналдырады. Сірке қышқылы бактерияларының көмегімен тамаққа пайдаланатын сірке суы алынады. Оны қияр, саңырауқұлақ, алма, қарбыз т.б. жемістерді тұздау үшін қолданады.

        Әдейі ауру тарату үшін қоздырғыш бактерияларды, вирустарды, саңырауқұлақ түрлерін арнайы қоректік ортада егеді. Оны бактериялогиялық қару деп атайды.

Толығырақ: https://infourok.ru/bakteriyalardi-tabiattai-zhne-sharuashilitai-maizi-1044251.html

0 дауыс
Ответ: себебі бактерияның құрамында маңызды элементтер бар.
0 дауыс
Себебі онда маңызды элементтер бар және ол көп тараған.
...