0 дауыс
1.5k көрілді
Салеметсздерме. Енди медицина болган сон уят туги жок деп ойлайм. Егер ораза кезинде хайыз келип, ол толык битпей ягни коныр тустес хайыз келсе оразасын устай беруге болама? Ойткены менде ол 7 кун бирак Али солай болп отыр. Бастысы катты келип жаткан жоккой. осыган жауап берсениздер!

1 жауап

0 дауыс

7 күн ішінде тоқтамаса әрі бұл бұрын қайталанаған, яғни бірінші рет болып жатқан болса , онда дұрысы дәрігерге қаралған жөн. 

Ол етеккір емес қалпынан бұзылған бөлінділер болуы да мүмкін. Анық сенімді болу үшін дәрігерге көрініңіз.

 Ораза кезінде байқалған етеккір қаны әйелдің оразасын бұзады. Ол күннің қазасын кейіннен өтейді. Етеккірі байқалған әйелдің ораза ұстуына болмайды. Бұл туралы Шейх Атия Сақр: «Хайыз бен нифасы келген әйелдерге қатысты фиқһ ғалымдары мына екі нәрсеге бірауыздан келіскен: біріншісі – оған ораза ұстау парыз болмайтындығы, екіншісі – егер ораза ұстаса, ол оразасы дұрыс болмайтындығы, керек болса, ол ісі күнә болатындығы», – деген.

Имам Нәуаи (р.а) айтты: «Мұсылман үмметі хайыз бен нифас әйелдерге ораза ұстауға болмайтынына әрі ұстаған оразасы да бұзылмайтындығына бірауыздан келіскен. Сол сияқты, кейіннен оразасының қазасын өтейтіндігіне де келіскен. Үмметтің бірауыздан келіскендігін Имам Тирмизи, Ибн Мунзир, Ибн Жәрир және мазхабымыздың ғалымдары жеткізген».

...