Үйсіндердің мал шаруашылығы — үйсіндер шаруашылығының даму ерекшелігіне көбіне-көп Жетісудыңгеографиялық жағдайы себеп болды. Мұндағы ерекшелік сол, «классикалық» егіншілік немесе көшпелі мал шаруашылығы аудандарынан өзгеше мұнда мал шаруашылығы егіншілікпен ұштастырыла жүргізілді, ал кешпелі тұрмыс салты жартылай отырықшылықпен ұштасты. Үйсіндердің шаруашылығы туралы жазбаша деректемелердің мәліметтері үздік-создық және олардың шаруашылығының бағытын бір жағынан ғана көрсетеді. Ежелгі заман авторларының үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысына берген сипаттамасы малға азық пен су іздеп, бір жерден екінші жерге көшіп жүреді деп барынша қысқа қайырылады. Бұл - көшпелі және мал шаруашылығымен айналысатын халықтардың көпшілігі үшін дәстүрлі және ортақ тұжырым. Алайда ол үйсіндер жөнінде онша дәл емес. Ертедегі Қазақстан аумағындағы мал шаруашылығы бірнеше кезеңнен өтті. Оның алғашқы кезеңі б. з. б. II мыңжылдықтың бірінші жартысынан бастап қола дәуіріндегі тайпалардың үй жанындағы бақташылық мал шаруашылығы болды. Б. з. б. IX—VIII ғасырларда ғана ол көшпелі мал шаруашылығына айналды. Бұл кезенде жайылымдар мен су көздерін маусым- дық пайдалану қалыптасты, табында алысқа көшуге және қыс кезінде тебіндеп жайылуға мейлінше бейімделген қой мен жылқы басым болды. Мұңдай жайылымдық-көшпелі жүйе тұрақты сипат алды. Ғасырлар бойы қоныстардың, қыстаулардың және жерлеу құрылыстарының белгілі бір жерлерде орналасуы нақ осыны дәлелдейді. Сан алуан үлгідегі ескерткіштерден туратын үлкен зираттар мен көп қабатты қыстау-қоныстар осылайша пайда болды. Атап айтқанда, үйсіндер заманынан бастау алған осындай зираттар әсіресе Жетісудағы қыстаулы аймақтарда көп кездеседі.
Ежелгі үйсіндердің қоныстары мен қабірлерінен табылған мал сүйектерінің қалдықтарына жасалған статистикалықталдау оларда қандай мал табындары мен малдың қандай түліктері болғанын айырып білуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде, мал түліктерінің осындай арасалмағына қарап, мал шаруашылығының формасы туралы және тайпалардың тұрмыс салты туралы қорытынды шығаруға болады. Ақтас-2(Шығыс Жетісу) және Луговое-холм (Батыс Жетісу) қыстау- қоныстарын қазғанда алынған остеологиялық материал үйсіндердегі малдың тәуліктік құрамы мал өсіруге негізделген жартылай көшпелі шаруашылыққа тән екендігін көрсетеді.
Луговое-холм қонысындағы ірі қараның (33,1%) және Ақтас қыстау конысындағы қой (48,4%) мен жылқының (32,7%) пайызы назар аудартады. Мал түліктерінің мұндай арақатынасы шығыс үйсіндеріне қарағанда батыс Жетісу үйсіндеріне көбінесе отырықшылықтан болғанын айқын көрсетеді. Мұндай айырмашылық Талас және Шу өзендерінің аңғарларындағы отырықшы егіншілікке жарамды жазық жерлердің ерекшеліктерінен, сондай-ақ Орта Азия мен Oңтүстік Қазақстанның егіншілік орталықтарының батыс Жетісуға ықпалынан туындайды. Бүкіл Жетісу үйсіндерінің мал құрамында үй малдарыньщ барлық түрлері: қой, жылқы, сиыр, қос оркешті түйе, ешкі, есек болғанын статистика көрсетіп отыр.
Хань әулеттік хроникаларында үйсіндерде жылқы шаруашылығының дамығаны атап өтілген. Байларындағы жылқы саны бес мыңға дейін жеткен, ал ұлы және кіші гуньмолардың жасағы 30 мың атты әскерден тұрған. Үйсін гуньмолары қытай ханшаларына үйленген кезде сөз байласу сыйы ретінде мындап жылқы мен қашыр айдатып жібереді екен. Таулы аудандарда қашырлар жүк артатын көлік ретінде пайдаланылған. Жетісуда асыл тұқымды жүйрік жылқы өсірген көрші еддердің білгірлері оларды төзімділігі мен жүйріктігі үшін бағалап, Даванның «кантерлі аспан» аттарынан кейінгі орынға қойған. Бір ғажабы, үйсіндердің жылқысы «батыс шек» деп аталған.
Теңлік обасынан табылған, салт апының суреті салынған алтын қаптырмалардан үйсін жылқысының тұқымын білуге болады. Ол бейнеге қарағанда, бұлар ірі де биік, бұлшық етті, басы үлкен, құйрық-жалы өрілген немесе күзелген болып келетін жылқылар. Үйсін жылқысының Тенлік қаптыр- маларындағы бейнесі б. з. б. I мыңжылдықтың аяғындағы - б. з. I мың- жылдығының басындағы бізге мәлім (Ашурнасирпал мен Ашурбанипалдың аңшылық бедерлеріндегі, Персепольдегі мидиялық және сириялық бедерлеріндегі, Иранның күміс табақшаларындағы сасанилер патшалары- ның аң аулау көріністеріндегі) Еуразия жьшқьшары бейнелерінің бәрінен де дерлік ерекше.
Үйсін жылқысының бейнесі Персеполь бедеріндегі сақ жылқысына және Сібірден табылған (Петр коллекциясы) алтын қаптырмада суреті салынған, жыртқыш аң жұлмалап жатқан жылқы бейнесіне көп жағынан ұқсас келеді. Бұл бейнелердің бәрінде де аттардың кекілі мен жалын әсем- деудің ұқсастығы, олардың дене бітімі мен бастарын бейнелеуде ұксастық таңғаларлық.
Жартылай көшпелі мал шаруашылығы үйсіндер шаруашылығының негізгі түрі болды. Кейінгі кезде де ол экономикада өзінің жетекші рөлін сақтап қалды; шаруашылықты жүргізу және жайылымдарды пайдалану жүйесі жетілдіріліп отырылды.
Толығырақ: Wikipedia