0 дауыс
1.8k көрілді
Ассаламуалейкум бір сұрағым бар еді мүшеден ақ түссіз қою сұйықтық шықса жүніп боламызба ғұсыл алу міндет пе естігем Сахаба Али Оған Алланың игілігімен сәлемі болсын мен сондай адамнан едім дегені ол кісі нені көздеді соны түсінбедім жауап берсеңіздер Алла сіздерден разы болсын.

1 жауап

0 дауыс

Сұрақ: Қай жағдайлар ғұсылды қажет етеді?

Жауап: Ғұсылды қажет ететін жағдайлар мыналар:

1) Хайз (етеккір) немесе нифас (босанғаннан кейінгі қан) жағдайы біткен кезде немесе жүніп болған кезде ғұсыл алу парыз. Хайз біткеннен кейін, жүніп те болса екеуі үшін бір ғұсыл алу жеткілікті. Әйел жүніп кезінде хайз көрсе, қаласа бірден ғұсыл алады, қаласа хайз біткенге дейін күтеді. Одан кейін екеуі үшін бір рет ғұсыл алады.

2) Еркек жыныстық мүшесінің ұшы, сүннет терісі астындағы домалақ бөлігі, әйелдің жыныстық мүшесіне кірсе, мәни келмесе де, еркек те, әйел де жүніп болып саналады. Домалақ бөлігі кірмесе жүніп болмайды.

3) Еркекте қою ақ және әйелде сұйық сары мәни шаһуетпен атып шықса жүніп болады.

4) Ихтиламмен (поллюция), яғни түсінде шахуеттеніп оянған кезде мәни аққанын көрген еркек және әйел жүніп болады. Түсінде жыныстық қатынасқа түскенін көріп, бірақ оянған кезде мәни ақпаған болса, мәни жоқ болса ғұсыл алмайды. Кейбір ғалымдар, әйелдің мәниі ішке ағады, сенімді болу үшін жуынуы жақсы болады деген.

5) Шаһуетпен шыққан мәни, сідік жолында қалып, кейінірек осы жерден шаһуетсіз шықса да ғұсыл алу керек болады. Сідік шығарғаннан кейін немесе кішкене ұйықтағаннан кейін шықса ғұсыл керек емес.

6) Истимна (мастурбация) ғұсылды қажет етеді.

7) Жүніп болып, сідік шығармастан ғұсыл еткеннен кейін мәнидің қалған мөлшері шаһуатсыз ақса, қайтадан ғұсыл алу керек болады. Сондықтан, ғұсыл алудан бұрын алдымен сідік шығарып, сідік жолында қалған мәни мөлшерін шығарғаннан кейін ғұсыл алу керек.

8) Еркек жыныстық мүшесінің ұшы әйелдің немесе еркектің артына кірген кезде, мәни ақса да, ақпаса да екеуіне де ғұсыл алу парыз болады. Хайз кезінде де, таза кезінде де әйелге артынан жақындау харам, үлкен күнә. Лиуата немесе гомосексуализм деген қатынастар одан да үлкен күнә. Жануарға жақындаған адамға да ғұсыл керек. Өте жаман және үлкен күнә.

9) Ихтилам болғанын есіне түсіре алмай, мәни көрген адамның ғұсыл алуы керек. Оянып іш киімінде мәни көрген адам ихтилам болғанын есіне түсіре алмаса да ғұсыл алады. Мәзи болса, сенімді болу үшін ғұсыл алады.

10) Әйел күйеуін ойлаған кезде, шаһуетпен дірілдегеннен кейін сарғыштау бір сұйық келсе, ғұсыл керек болады.

Толығырақ: https://www.islamdini.kz/articles/840

Ұқсас сұрақтар

...