0 дауыс
535 көрілді
Жыл санауда, білеміз, қазыр еуропа-орташыл көзқарасдағы календрді қолданып отырмыз. Мысалға қазыр: 21 - ғасыр 21 - жыл 3 - ай ... ...
Ал аптаны алып айтсақ, Бүгін аптаның Жексенбі күні. Бұл да, бұзаманғы еуропа-орташыл көзқарасдағы дүниенің бірі ме, жоқ бұрыңғы қазақи апта санау мен бірдей ме еді? Яғни қазақи апта санауында да бүгін аптаның осы күні, жексенбі? Көнекөз кісдер не дер екен?

2 жауап

0 дауыс

Ғайса пайғамбардың туылғанына алты жүз жыл өтсе де Еуропалықтар өздерінің христиан дәуірінде өмір сүріп отырғанын білмеген. Тарихи хронологияны Ғайса пайғамбардың туылуынан бастаған алғашқы шығарма кіші Скифиядан шыққан монах Дионис Экзигуустікі болатын. Дионистің идеясы (пікірі) бойынша жыл санау Ғайса пайғамбардың Мария анамыздың жатырына  алғаш  біткен күнінен бастайды. Ол бұл күнді «бірінші жылдың бірінші күні» деп есептейді. Бірінші жылдың бірінші күні жиырма бесінші наурыз, яғни қазіргі христиан әлемі тойлайтын Рождество 25 желтоқсанға тұп тура тоғыз айжетпейді. Осыған дейінгі жылдардың барлығы анти кристум Ғайсаға дейінгі жылдар болса, бұдан былайғы заман Ғайсаның дүниеге келуінен кейінгі жылдар, яғни Анна Домини дегенді білдіреді. Бұл есеп бойынша нөлінші жыл деген болған жоқ, алайда христиан дәуірі немесе б.з. деген түсініктің әуелі латын шіркеулерінде кейіннен шығыс шіркеулерінде қолданысқа енуіне бірнеше ғасырлар қажет болды.

    Уақыт өте келе әр аймақтың өзінің жыл санау хронологиясы қалыптаса бастады. Осылайша жыл санауда басшылыққа алынатын негізгі принцип 3. Ал жылдың дәл қай жыл екендігін салыстырмалы түрде жорамалдап белгілей салатын. Мысалы: Ветхи Заветте: «Иудейдің патшасы Ахаздың билік құрғанына 12 жыл толғанда, Ильдің ұлы  Осия иудей халқының тағына  отырады. Ол тоғыз жыл Израйлде патшалық құрады. Оған қарсы Ассирияның патшасы Салманасар соғысқа шығады.» Жыл санау мерзімі осындай жолдармен анықталып отырған.(4 Царь 17:1,3)

   Жыл санаудың жаңа жүйесі, яғни христиан дәуірі б.з. деген түсінік өзі секілді көптеген жыл санау жүйелерімен күресуіне тура келді. Мысалыға: жылды Грециядағы олимпиадыға қарап есептеу б.з.д. 776 жылдың 1 шілдесінен басталады. Осындай жыл санау жүйесі б.з. төртінші ғасырына дейін сақталып келді.  Ал Вавилондық жыл санау жүйесі «Набонассар дәуірі» деп аталатын. Бүл жүйені  Александриядағы  гректер орта ғғ дейін қолданып келген. Бұладың жыл санауы б.д.д. 747 жылдың 26 ақпанынан басталады. Македондықтардың өзіндік жыл санауы болған. «Оны Селевкиттер дәуірі» деп атаған. Бұлардың жыл санауы Вавилонды б.з.д.312 жылы Селевкит Никатордың жаулап алуынан бастайды. Еврейлер 15 ғасырға дейін осы жыл санау есебін қолданып келген. Еврейлер бұл жүйені «Келісімдер дәуірі» деп атаған. Ал Римдіктердің жыл санау есебі Рим қаласының іргетасы қаланған кезеінен басталады. Испанияда болса «Цезарлар дәуірі» б.з.д. 39 жылға дейін қолданылып келген. Осы жыл санау жүйесін Вестготтар қабылдаған. Нәтижесінде Каталония б.з. 1180 жылына дейін Кастилия 1382 жылына дейін, Ал  Португалия 1415 жылға дейін осы жүйені қолданып келді. Мұсылмандардың жыл санау есебі Мұхаммед сғс Меккеден Мединеге көшуінен басталады. Ол Хыжра деп аталады. Хижра жыл санағы бойынша 622 жылдың 16 шілдесінен басталады.Бүкіл мұсылман әлемінде осы жүйе қолданылады.

   Жыл санау еседінің күрделі екендігіне қарап отырып, Дионистің, Ғайсаның туылған кезінен басталатын жыл санау есебі дұрыс емес, қате екендігін аңғаруға болады.Дионис Ғайса пайғабардың туылған жылын олимпиаданың 195 жылы деп көрсетеді. Бұл мерзім Римнің қаланғанына 754 жылдығына (қате есептеген) сәйкес келеді. Осы кезде Римде Августің баласы Цезарь және Павльдің ұлы Эмиля консульдық қызметін өтеді делінеді. Шындығына келсек Ғайса ғсн б.з. бірінші жылы туылғаны жайлы ешқандай нақтылы дерек жоқ. Сондықтан бүкіл христиан әлемі Ғайса ғсн туылған жылын анықтау үшін Лука мен Матвейге жүгінеді. Бұлардың айтуы бойынша христиан дәуірі Иродтың билігінің (б.з.д 4 жыл) ең соңғы жылында басталған. Немесе Иудейдегі ең алғашқы Рим санағы жүрген уақыт. Б.з. 6 -7 жалдары болып шығады.Сондықтан Ғайсаның дәл туылған жылын анықтау мүмкін емес.

  Христиандар үшін де, иудейлер үшін де тарихи уақыттты дүниенің жаратылған кезінен бастау өте маңызды болып есептеледі. Византия шіркеуі дүниенің жаратылған уақытын б.з.д. 5509 жыл деп есептейді. Православ дінін ұстанатын кейбір халықтардың шіркеу календарлары осы есептеуді әлі күнге дейін қолданады. Қазір Греция мен  Ресейде қолданыста . Иудаист ғұламалар дүниенің жаратылған уақытын б.з.д. 3760 жыл деп есептеледі. Еврейлердің қазіргі календары осы уақыттан бастайды. Копт шіркеуі бойынша дүниенің жаратылған уақыты б.з.д 5550 жыл. Англикан шіркеуі дүниенің жаратылған уақытын бзд 4004 жыл дейді.

  Аталған күнтізбелердің бәрін сынап қараған және шығысты христиандық классикалық жыл санау есептерінің арасын теңестіруге ең алғаш әрекет жасаған қайта өрлеу дәуірінің ғалымы Иосиф Скалибер(1540 - 1609) болатын. Оның еңбегі уақытты реформалау деп аталады.Дәл осы кезде  Папа Григорий - 13  Юлиан күнтізбесін реформалауды қолға алған тұсымен тұспа тұс келді. Осы уақыттан бастап хронология жеке ғылым ретінде қалыптаса бастайды.

     Григорян күнтізбесі  европаның католиктік елдерінде  1585 жылдан бастап белгілі бола бастады.Кейбір жерлерде «жаңа тәсіл» деп аталынды. Барлық елдерде бірдей қолданысқа ене қойған жоқ. Көптеген протестанттық православиялық мемлекеттер ескі тәсілмен Юлияндық күнтізбемен бертінге дейін жүріп келген. Шотландия Григорияндық жыл санау жүйесіне 1700 жылы Англия 1752 жылы Ресей 1918 жылы өтті. Бұған дейін екі күнтізбе қатар қолданылып келді. Мысалы: 1734 жылдың 1-наурызы Юлиан күнтізбесі бойынша ал Григориян күнтізбесі бойынша бұл күн 12 наурыз.

    Күнтізбелер арасындағы айырмашылық 17 ғасырда  10 – 11   күннен тұрды. Мысалыға: сіз теңіз арқылы Англияға осы айдың басында сапарға шықсаңыз, Сіз онда келесі айдың ортасында жететін болдыңыз. Өйткені ескі күнтізбе бойынша жаңа жыл 25 наурыздан басталады. Ал жаңа күнтізбе бойынша 1 қаңтар жаңа жыл болды. Европа өзінің күнтізбесін ұзақ уақыт бойына бір жүйеге келтіре алмай қойды, тек болшевиктердің ресейде билікке келіп, бұрынғы ескі жыл санаудан толығымен бас тартқаннан кейін барып ғана Европада осы жүйеге көшті.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/blogs/4747/

0 дауыс

Көнекөз қариялар отырмайды ау бұл сайтта laugh

Ұқсас сұрақтар

...