0 дауыс
355 көрілді
Жеміс-жидектің ішіндегі құрттар адам денсаулығына зиянсыз ба? Алма,жидек деген секілді.Жидекті жей береміз, бірақ кейбіреуінде кішкене құрттағандары болады.

1 жауап

0 дауыс

Зауза қоңызы. Тұмсығында ұзын мұрттары бар, осімдікпен қоректенеді. Зауза қоңыздарының өте көп гүрлерінің бар екендігі мәлім. Біз бұл жерде олардың әрқайсысын жеке-жеке суреттеп жатпаймыз, өйткені олардың өмір әрекеттері бір-біріне өте ұқсас және олардың барлығына бірдей қолданатын күрес шаралары біркелкі болып табылады.

Әр түрлі зауза қоңыздары көктем айларында және жаздың бас кезінде ұшып жүреді. Ұрғашы зауза қоңыздары шамалы ғана тереңдікте жер астында жұмыртқалайды. Олардың жұмыртқаларынан зауза қоңыздарының личинкалары шығады. Бұл личинкалар аппақ, жұмсақ тығыршықтай жұп-жуан болады, «С» әрпі сияқты ішкі жаққа қарай екі ұщы иіліп жатады. Бұл личинкалар әр түрлі өсімдіктердің тамырларымен қоректенеді, әсіресе жас ағаштардың жаңа отырғызылған шыбықтарына зор зиян келтіреді, көбінесе өсімдіктің қурап қалуына себеп болады.

Зауза личинкаларының кейбір түрлері екі жылға дейін, ал кейбір ірілері төрт жылға дейін өмір сүреді.

Жас шыбықтарды отырғызған кезде олардың тамырларына гексахлоран себіледі. Гексахлоран топырақта өте көп уақытқа дейін сақталады және ең аз дегенде бір жыл бойына жас өсімдікті зауза құрттарының зияндауынан аман сақтайды. Жерді өңдеген уақытта көзге түскен личинкалар мен зауза құрттарының жұмыртқаларын теріп алып жүру керек.

Жапырақ биттері. Жапырақ биттердің көптеген түрлері бар. Жапырақ биттері Қазақстанның барлық аудандарында өніп-өсіп келеді. Бұл биттер тез өсіп, жапырақтар мен жас бұтақтарды сорады. Жапырақта жұмыртқа күйінде қыстап шығады. Жапырақ биттері жылтыр, қара, сопақша жұмыртқаларын жаңа шығып келе жатқан бұтақшалардың тамырына салады.

Жапырақ биті - ұсақ кұрт-кұмырысқа делінеді. Оның денесінің ұзындығы 2-3 миллиметрге дейін жетеді. Түсі күңгірт, көктен қараға дейін әр түрлі болады. Жас кезіпде биттердің қанатсыз түрлері де кездеседі. Жапырақ биттерінің әлсіз жапырақтарды түйреп нәрін соратын тұмсықтары болады, бұл тұмсықтармен жапырақтарды, жас шыбықтарды, жемістерді түйреп, олардың нәрін сорады.

Тіршілік әрекеті. Жапырақ биттерінің көп түрлерінің жұмыртқалары ғана қыстап қалады, бұл жұмыртқаларды күзде ағаш бұтақтарына қанатты биттер салып кетеді.

Көктемде жұмыртқалардан личинкалар жарып шығып, жас балауса жапырақтарды сорады. Личинкалар осіп, түлеп, өніп-өсуге бейімделеді. Өзінің 2-3 апталық өмірінде олар 20-40 личинка шығарады; 8-12 тәулікте өсіп жетілген бұл личинкалар осындай жолмен көбейіп өсе береді. Бір жаз бойында жапырақ биті 10-14 рет балалайды. Жапырақ биттері жас бұтақтарға қонып, нәрін сорады. Ақырында жапырйқтар қурап, жас бутақтар бұралып қалады. Жапырақ биттері түскен шыбықтар қурап қалады (15-сурет). Жапырақ биттерінін тәтті, жабысқақ нәжісі жапырақтардың ауа жұтуын қиындатады. Жапырақтар бұл нәжістерге отырған шаңмен баттасып, оларға күйе сияқты саңырауқұлақтар өсе бастайды. Жапырақ биттеріне қарсы күрес, оларды алғашқы байқаған кезде жүргізілуі керек.

Күзде личинкалардың кейбіреулері қанатты ұрғашы биттерге айналады да, кейбіреулері еркек бит болып шығады. Олар кейіннен өзара жұптасады (шағылысады), ұрғашылары жұмыртқа салады, сөйтіп ересек биттер өліп жойылады да, жұмыртқалары қыстап қалады.

Күрес шаралары. Жапырақ биттері түскен өсімдіктерге аралас улар бүркіледі: 4 процент сабын ерітіндісі (бір литр суға 40 грамм сабын) немесе 0,2 процентік анабазин ертіндісіне сабынды екі есе артық қосып (бір литр суға 2 грамм алабазин 4 грамм сабын) бүркіледі. Сондай-ақ темекі немесе алабазин суын қолдануға болады.

15-сүрет.

а-тамырды кеміретін түркстан заузасы және оның ұрығы;

б-алма биті – қанатты аналық түрі; в – қанатсыз бит аналығы және ұрық салмаған түрі; г – алма биті; түскен бұтақ (сол жақта) және бау бұтақ (он жақта);  д – алманың қара күйесі; е – ұрық салатын «ұя», бұдан алма қара күйесі жұлдыз құртын шығарады; ж -  ұяның беті ашылды, оның ішіндегі қыстан шыққан жұлдыз құрт; з – алма қара күйесі жұлдыз құртының қоректену түрі; сол жақта құрттың қауіп төңдірген жері (жапырақтың сызылған бөлігі), он жақта құрттардың жарақаттанған жапырақтағы ашық көрінісі

Жапырақ биттерінің қаншалықты шығуына (пайда болуына) қарай, бір маусымда бірнеше рет у шашу жүргізіледі.

Толығырақ: https://www.uniface.kz/index.php?post=article&section=2&id=664

...