+7 дауыс
3.7k көрілді
Осы қазақта ырымдар көп және де көп пайдаланылады.Сұрақ: Осы ырымдарға сенген дұрыс па,  ну, сенесіздер ме, ырымға сенуге бола ма?

9 жауап

–4 дауыс
Ырымға сеніп не қажеті бар?Ырым-адамдардың ертеден қалыптасқан наным сенімі.Және ырымға сену,оны пайдалану күнә деп естігем.Ырым бойынша әрекет еткенше,жалғыз ғана Жаратқанға құлшылық еткеніміз жөн емес пе?!
+6 дауыс
Ырымға сенемін. Алайда, мағыналы, жақсы істерді қарастыратын ғана... Мысалға, тек қайтыс болған адамның  шұлығын ғана дұрыс бетімен  жаяды...теріс аудар! - дейтін мылжың, кешірерсіздер, ырымды тыңдағым да келмейді.) Негізі, Арайлыммен келіспекпін.
шұлық па?
Рахмет, Абылай. Шұлық екен....)
–4 дауыс
Шариғат жолымен жүрсеңіз болды. Ал былайынша ырымдар далбаса...
http://www.muftyat.kz/index.php?newsid=5165
+7 дауыс
Бір ырымды айтып өтейін
Бір таксисит жолаушыларымен келе жатады сол арада жолды бір мысық кесіп өтеді содан такси тоқтап тұрады жолаушылар неге тоқтап тұрмыз жүрмейміз бе дейді сонда әлгі шопыр қара мысық жолымызды кесіп өтті басқа мәшине өтсе соңынан өтерміз деп күтіп тұрады мәшине келе қоймайды содан түймелеріңді ұстаңдар өтеміз дейді бейнебір қылкөпірден өтіп жатқандай,мәшиненің ішінде қулау жігіт бар екен ағасы менде түйме жоқ екен сырма(замок) болама дейді ойбай болады болады деп өтіп кетеді айтайын дегенім тағдырымызды сол қара мысыққа тапсырып қойғанымыз егер мысық сөйлей білсе күлетін еді.
+6 дауыс
Жолдастар, біз қазақ болғаннан кейін ата бабамыздан қалған біршама ырымдар бар!!  Олардың барлығын бірдей жоққа шығаруға болмайды!! Себебі оны жоққа шығарсақ қазақ ұлттылығымыздан , дәстүрімізден айырыламыз!! Тек шамандықтың қалдықтарын ғана көп қолданбау керек!! Орынсыз да ырымдар жетерлік!! Көп жағдайда ырымдардың астары болады!! Бірақ, сол астарларын үлкендерден қазбалап сұрағанда, олар көп жағдайда жауап бермей жатады! Сондықтан, жастардың көбі ырымды жоққа шығарады!!
Алла Тағаланың қасиетті ислам жолы тура жол!! Ал, қазақтардың осы көптеген ырымдары исламға сай келеді!! Мысалы ерте кезден бері қазақтарға қыз балаларға кіндігін ашып жүруге тыйым салған! Ол, ислам бойынша харам(әуретін ашу), ал ғылым бойынша дәлелденген, яғни әйел затының жыныстық гармондарының жетілуіне кері ықпалын тигізеді!!! Сондықтан, ырымды түбегейлі жоққа шығаруға болмайды!! Естіген ырымды бірден далбаса демей, астарына мән берген абзал!! Мен де өз басым осы замандағы көп ырымға сене бермеймін!!
Әрине қыз баланың кіндік ашып жүруі жат қылық,сонда бұл ырым ба?
+5 дауыс
1.   Бос бесікті тербетпейді.
2.  Бос бесікті еш уақытта жабусыз қалдырмау керек. Үстіне ақ мата жауып, ең болмағанда ұршығына орамал      байлап қою қажет.
3. Бесіктің теріс жағына отырмайды.
4.   Бесікті саудаламайды. Айтқан бағасына сатып алу керек.
5.  Бесік жасайтын шеберлер ынсапты болуы  тиіс. Киелі дүниенің бағасын аспандатпауы керек.

Осы  ырым - тиымдардың ішінде исламға қарсы, адамды жамандыққа шақыратын қайсысы бар. Бұл  Қазағымның  миллиондаған ырым -тиымдарының бесеуі ғана. Ал енді қайдағы бір мысықты, болмаса "Стаканның түбінде арақ қалдырсаң қырсық шалады"- деген ырымдарға менің Қазағымның қандай қатысы бар.
Ол жолдағы жолбикелердің шығарғаны, сол үшін неге менің дана ата - бабаларым мұрынбоқтардан сөз естуі керек.
+5 дауыс
Қатті кетіп жатыр екен мұнда, ырымға сенем өз басым, өзім орындап та жүрем!!!
+3 дауыс
Мұхаммед пайғамбарымыздың хадисінде "ырым-жырымға сену - күнә" делінген. Ал қазақтардың ырым-тыйымдарының көбінде тәрбиелік мән бар. Қара мысыққа келер болсақ, ол қате сенім, мысық та Алланың жаратқаны, Алла оның несібесін тауып жесін деп далдаға шашып қойса, адам жолын кескені оның жолы болмайды дегені емес. Өз несібесін тауып жеп жүрген мысықтың жолы адамдарға кедергі емес, бұл жәй соқыр сенім ғана.
0 дауыс
Негизи мен коп ырымдарга сене бермеймин.Бирак сонымен катар ырымдардын барин жокка шыгаруга болмайды!Кейбир ырымдардын астында улкееен шындык жатыр.Бирак биз казирги сол ырымдардын астында не жатканын билгимиз келмейди,зерттемеймиз сонын натижесинде ырымга коп адамдар сенбейди.Сондыктан да биз еринбей зерттеуимиз керек
...