0 дауыс
12.3k көрілді

ұлпан романындағы оқиға шешімі сізге қалай әсер етті. 

ойыңызды 5-6сөилеммен беріңіз

өтініш керек болып тұр еді

4 жауап

0 дауыс

Ел анасы

Қазақ әдебиетінің классик жазушысы Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» атты романында қазақ әйелінің әншейін қиялдан тумаған, жалған дәріптелмеген, өмірде нақты прототипі бар көркем бейнесін жасады.

Отбасы институты, ер мен әйелдің арасындағы табиғи үйлесім бұзылуы салдарынан Батыс қазір ерекше зардап шегіп отыр. Орыс топырағында да некебұзарлық, ажырасу, өз күйеуінен жерініп, өзге ерді пір тұту, ашыналық құбылыс қасіреті бар екенін классик жазушы Лев Толстой «Анна Каренина» атты қос томдық романында терең ашып көрсетті.

Ел анасы

Қазақ әдебиетінің классик жазушысы Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» атты романында қазақ әйелінің әншейін қиялдан тумаған, жалған дәріптелмеген, өмірде нақты прототипі бар көркем бейнесін жасады.

Отбасы институты, ер мен әйелдің арасындағы табиғи үйлесім бұзылуы салдарынан Батыс қазір ерекше зардап шегіп отыр. Орыс топырағында да некебұзарлық, ажырасу, өз күйеуінен жерініп, өзге ерді пір тұту, ашыналық құбылыс қасіреті бар екенін классик жазушы Лев Толстой «Анна Каренина» атты қос томдық романында терең ашып көрсетті.

Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» атты жинақы романында алдына мұндай мақсатты қойған жоқ. Ұлпан ерден безген, сүйіспеншіліктің отына күйіп, басқа ерді сүйгені үшін қарекет қылған, ұябұзар әйел емес. Керісінше, «Ерді кебенек ішінде таны» дейтін халық даналығынан туған дарқан мінез, нағыз ерді ардақтау арқылы елдіктің іргесін бекіткен, халқының ризық-берекесін қарақан басының бақытынан артық санаған өте ақылды, дана, дегдар әйел болуымен баурайды. «Алтын басты әйелден бақыр басты еркек артық», «Байтал шауып бәйге алмас» деп қарайтын елде Ұлпан сияқты қайратты жанның болмысы бағалана бермейді.

Керей ішінде Сибан руының бас көтерер адамы, биі Есенейге Ұлпан қыз қапалақтаған қар астында ұшырасады. Есеней еркекшора киінген, батыл сөйлескен Ұлпанның қыз екенін байқамай қалады. Оның қыз екенін Есенейге дереу айта қалып, жүрегіне шоқ түсіріп жіберген «түркпен» Мүсіреп: «Ие, қыз!.. «Міне, айыбым!» дегенде көз құйрығымен өзіңді бір шарпып өткенде неғып байқамадың?» дейді. Жазушы «шарпып» деген сөзді текке қолданып тұрған жоқ. Махаббат оты демде тұтанғанының тұспалы. Романның дилеммасы мен драмасы осы эпизодта бірден жарқ етеді.

Қазақ әдебиетінің драма жанры мен кино өнеріне өшпес олжа салып, «Қыз Жібек», «Ақан сері – Ақтоқты» сынды шедевр дүниелер тудырған Ғабеңнің қаламы жазуда әбден ұшталған, стилі мықты, қу сөзге әсте жоқ. Қысқа да нұсқа.

Есенейдің ағайыны «түркпен» Мүсірепті елші қылып, өзіне сөз салғанын естігенде Ұлпан жаны тосырқау, жатсынуды сезінеді. Бұл жазмыш сөзді естіген сәті жас қыздың жүрегіне қанжардай қадалды. Әкесі Артықбай батыр қатарлы, өзінен кем дегенде қырық жас үлкен Есеней, ел ағасы, көсем, патриарх. «Ағашқа асылып өлмесең құтыла алмайсың. Есенейден арашалап алып қалар адам жоқ. Айтты – болды. Басың болса ие бер, тізең болса бүге бер». «Ұлпан бір түсініксіз күлкімен күле бастады. Жынданып кеткендей атынан ауып, ар жағына қарай құлап барады».

Ұлпанның жас өмірін қимайтын, үлкен кісіге күйеуге барғысы жоқ балғын көңілін жазушы шебер психологиялық иірімдерімен бере алған.

Есеней Ұлпан үшін кемітетін ер емес, ердің ері, («Шіркін-ай, бұдан қырық жыл бұрын қандай болды екен? Бұған кездеспегенде кімге кездесер едім? Сөз жоқ, бір жасқа кездесер едім. Сол жасым Есенейдің оннан біріне тұрар ма еді? Кім білсін...жоқ, тұрмас еді!») әттең, жасы ғана жасына сәйкес келмейді. Ұлпанның мықтылығы сонда, ол әзелде жаны қаламаса да Есенейге күйеуге тиюді мұрат қылды. Ол елдік мұрат. Кез келген шөпжелке қыздың қолынан келмейтін, тіршілікті дүниемен өлшейтін кейбір ойы шолақ, таяз әйел затының түсіне кірмейтін ұлы мұрат. Ұлпан жайнаған жастық дәуренін осы елдік мұрат жолына қиды. Есенейдің беделі мен билігін ол қараңғылық құрсаған елін алға жетелеу үшін пайдаланды.

Қазақ байлығы жылқысында. Есеней – исі Сибанның бай адамы, ел қорғаған бас батыры, биі. Оның ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс.

«Есенейдің құрығы мойныма түсе қалса, оны алып кететін күш біздің аз ғана ауыл кірме Күрлеуітте жоқ. Құдай салды – біз көндік. Бірақ, ағаңның есінде болсын – Ұлпан арзанға түспейтін қыз».

Ол Есеней ордасының бәйбішесі болғысы келетінін, «Мен үлкен үйге кіремін де, төрінде отырамын» деп кесімін алты қарыс азуын айға білеген биге өз аузымен айтады. Үлкен үй – билік. Есенейдің көзі тірісінде-ақ, Ұлпан бес болыс Сибанның қамқор анасына айналды. Сөйтіп, оның құрбандығы ақталды. Ғабит Мүсірепов осы бір адамдар арасындағы аса күрделі қарым-қатынасты диалог, оқиғалар арқылы табиғи суреттейді.

Ұлпан даму дәрежесі артта қалған жұпыны елге қанатымен су сепкен қарлығаштай әрекет қылды. Монша, қыстық үй сияқты сол кездегі кедей тірлік, надандықтан езілген елге жақсылықтар нышандарын алып келді. Әйтпесе, қыс бойы киіз үйде отырған қазақ руларының жас баласы қысқы ызғарды көтере алмай, өкпесіне суық тиіп, тез шетінеп кететін еді.

Ұлпанның ел анасына айналған тұсы Есенейдің қалың жылқысын қарауындағы елге бөліп беретін, кісі ақысын жеуді ар санайтын бекзат адалдығы. Бұл мырзалық деуден гөрі имандылық, теңдік белгісі.

Есеней өлген соң Ұлпан бекзаттығынан айырылған жоқ. Әттең, ол қыз емес, ұл болып туатын жан. «Ұлпан бұл кезде қара жамылған қаралы әйел. Он ауыл Сибанды Есенейдің қазаны мен қолына қарап телміріп отырудан біржола құтқарды. Қашаннан Есенейдікі болып келген кең жерді әр ауылға бөліп берді. Мұнысы жалғыз бұл ел емес, жалпы Сібір казактары үшін жаңа бір үлгі еді. Оның аты не екенін Ұлпан өзі білген емес. Кедейлік жаншып, ділгірлік сорына белден батып отырған жоқ-жітікке жаны ашыды да, қолдан келерін істеді де берді. Қазір Есенейдің малы екі есе азайды, оның есесіне ел Сибанның малы он есе көбейді. Әр үй өз текесін, өз айғырын мақтасып отырады.

Ел аздап егін салады, шөп шабады. Бала-шаға дірдектеп қыс бойы киіз үйде отырмайды, жылы, қысқы үйде отырады. Әсіресе, осы қысқы үй үшін ел-жұрты Ұлпанға қатты риза».

Ұлпан өзін Есенейден жоғары қоймайды, артық сезінбейді, байлықты малданып, айналасына ызғарын шашып, бекер өктемдік қылмайды. Өйткені, оның бойында «Қырық есекке жүк болатын» сайқалдық, күншілдік, ардан безу жоқ. «Жеті жылдан бері малымен болып кеткен адамның әділ би деген атағы көмескі тарта бастап еді. Ұлпанның атағымен бірге қайта көтерілді. Ұлпан олай ойлай қоймаса да, Есеней солай сезінді.

– Ақнарым, сен мені адам қыла бастадың, – деді аттанарда.

– Жоқ, Есеней, сен көлеңкең күндік жерге түсетін бәйтерексің. Мен сенің саяңда шырылдаған бозторғаймын. Менің құдайдан бірінші тілегім сенің амандығың! – деді Ұлпан. – Сенсіз мен кім болар едім?.. ».

Расында солай. Қазақ әйелді ешқашан ерден асырмайды. Бұл оң көзқарас, жаугершілікте ел қорғаған ерлер, мал табатын, отбасын асыраушы ерлер, нәсілді сақтайтын ерлер болған соң туған әділетті өмір заңдылығы. Н.С.Лесковтың «Мценск уезінің Макбет ханымы» («Леди Макбет Мценского уезда») атты повесінде махаббат жолында адасып, көңілдес еркекке бола өз ерін өлтірген әйелдің бейнесі сомдалған. Ұлпан ақ жүрек, Ұлпан адал, Ұлпан нағыз қазақ әйелі. Ол қазақы танымнан шығандап шықпайтын дәті берік, намысы күшті әйел.

Мемлекет басқаратын адамның бүкіл нышаны, қайраткерлігі, үлкен жүрегі, мейірім шуағы, имандылығы Ұлпанның бойында түгел бар. Оқымай қалғаны бөгет болмаса Ұлпан тәрізді әйел қазіргі заманда ең биіктен көрінер еді.

Толығырақ: https://egemen.kz/article/23647-ulpan

0 дауыс
Автор романды қазақ әйелінің әншейін қиялдан тумаған , жалған дәріптелмеген , өмірде нақты прототипі бар көркем бейнесін жасаған. Ұлпан романы негізі өте қызық болды. Оқиғаның шарықтау шегі  Біжікеннің өлімі мен соңғы сөз айтуымен аяқталды . Бірақта Ұлпанға өте қиын болды.  Қалаған адамына тұрмысқа шыға алмады ,оған қоса жалғыз қызынан айырылды . Осылай романнын көркемдеу сөздерімен,  кейіпкерлердің ішкі сезімдерін сезіндіре білді . :)))
0 дауыс
Ұлпан романы расымен өте қызықты болды.Оқиғаның шешімі немесе шарықтау шегі Ұлпанның қызы Біжікеннің ең соңғы сөзуін айтуымен аяқталды.Романның сюжеті керемет сөздерді көркемдеу арқылы оқырмандарға ішкі сезімдерді сезіндіре білген.
0 дауыс
Бұрынғы заманда атастыру деген болатын Ұлпан өзі ақ көніл инабатты қыз осы оқиға көптеген өмірде керекті ақпараттарды алдым
...