0 дауыс
531 көрілді
түсімде туыстарымен байлыққа таласыппын.Өңімде не болады?

3 жауап

0 дауыс

Байлық неге түске кіреді? Түсінде бай болсаң?

Түсінде байлық болса немесе бай болсаңыз

Аюрведтік түс жоруы бойынша – байлық

  • Байлықтың түске кіруі тегін емес , кедейлікті тұспалдайды.

Цветкова түс жоруы бойынша – өзіңізді бай болуын көру

  • Түсіңізде бай болуыңыз – науқасқа дейді де, бөгде адамдармен тым ашық сырласпауға кеңес береді

Миллер түс жоруы бойынша – байлық

    • Түсіңізде ауқатты болуыңыз – табандылығыңыз бен іске деген адалдығыңыздың арқасында мансап жолында үлкен жетістіктерге жетесіз. Тағдырыңызды бағындыруға тырыспаңыз, алайда, əйеліңізді алдап бақытты боламын деп ойламаңыз.
  • Байлық туралы түс əдетте кəсібіңіздің қауіпті сəттері болатынын, бірақ сəтті жүретінін көрсетеді. Өзгелердің байлығын көру – қиын сəтте жаныңыздан көп адам табылады. Бұл түсті көрген қыздар ата-анасына мұқият болуы керек.

0 дауыс

Ұсынып отырған түс жоруымыз түске, оның мән-мағынасына бей-жай қарамайтын жандар үшін қызықты әрі пайдалы болмақ.

А

Адамдар (көпшілік) – түсте көпшілік қауымды көрсеңіз, көре алмайтын әрі екіжүзді адамдардың соңынан ересіз.

Адасу, қателік – адам түсінде қателессе не жолдан адасса, онда бұл оның тура жолдан ауытқуын білдіреді.

Ай – түстегі ай мен күн – ата-ананың белгісі. Егер ай мен күн сізге иілсе, ата-аныңыздың разы болғаны. Сырқат адам толған ай көрсе өмірі ұзарады. Ал керісінше жағдай ғұмырының қысқа боларының белгісі.

Айна – ол әйеліңіз. Егер ер адам түсінде айнаға қараса және түс көрген уақытында жұбайының аяғы ауыр болса, өзіне ұқсайтын ұл бала дүниеге келеді. Егер әйелі жүкті болмаса не бойдақ болса, мұндай түс қызметінен босайтынын білдіреді.

Акула –жақын күндері жасырын не қас дұшпанмен кездесетініңізді білдіреді.

Аққу – адал жолмен бай-бақуатты болу.

Алақан, білек – ер адамның күш-қуаты. Ашық алақан молшылықта өмір сүруді аңғартады.

Алмаз, гаухартас – отбасылық қуаныштың белгісі.

Алмұрт – түсте алмұрт жеу –денсаулығыңыздың біраз уақыт сыр беретінінің белгісі.

Алтын – қайғы-мұңнан арылу, қуаныш белгісі.

Ананас – түсіңізде ананас көрсеңіз, бастаған ісіңіз табысты болмақ.

Арал – түсіңізде арал көрсеңіз, өміріңізде оң өзгерістер мен қызықты саяхат күтілуде.

Арыстан, жыртқыштар – мұсылман қауымынан алыстаған имансыз адамдар.

Асүй – таза, кең әрі жинақы асүй әйеліңіздің тазалығы мен инабаттылығын білдіреді.

Аспан – аспаннан от жауса халық індет, қаза не тауардың қымбаттауы сынды бақытсыздыққа душар болады. Аспан – басшының белгісі. Арқанның не баспалдақтың көмегімен көкке көтерілсеңіз, билікке қол жеткізесіз. Көкке жақындау – Аллаға жақындаудың нышаны.

Ауру – екіжүзділікті не діни ережелерінің толық орындалмауын білдіреді.

Аурухана – егер түсіңізде аурухана көрсеңіз немесе ондағы ауырған адамның  жағдайын сұрап жатсаңыз,  ол жақсылықтың нышаны; болашақта жеке өміріңізге табыс, қуаныш және сәттілік әкеледі.

Ауа – таза ауа жан тыныштығын білдіреді.

Аштық – мал-мүліктен не ақшадан айырылу. Сонымен қатар түстегі аштық мақсатқа жетуге талпынысты білдіруі мүмкін.

Аю – ақымақ әрі қолының жымысқысы бар дұшпан.

Аяқ – адамның өмірдегі тұрақтылығы мен табандылық танытуы.

Аяқ киім – аяқ киім жоғалту – ажырасуды білдіреді. Аяқ киімді сату – жұбайыңыздың қазасына жорылады. Бәтеңке кию – саяхатқа аттану. Тар аяқ киім кию – жоқшылық не түрменің белгісі. Түсіңізде жаңа аяқ киім кисеңіз, жәннаттық боларыңызды аңдатады. Ескі, киілген аяқ киім кисеңіз, балалы әйелге үйленесіз.

Б

Банан – береке мен денсаулықтың белгісі.

Байлық – егер түсіңізде бай екеніңізді көрсеңіз, азға қанағат етуді үйренесіз.

Бақ, бау-бақша – денсаулық пен береке-байлық.

Бал – шариғатқа сай жолмен қол жеткізген байлық.

Баспалдақ – жетістікке, мәртебеге қол жеткізудің амалдары.

Батыр – түсте өзіңізді батыр кейіпінде көру сәттілік, табыс пен жеңісті білдіреді.

Бейіт, зират, мазар – түрме. Бойдақ адам түсінде зират қазса, таяу күндерде үйленеді. Егер отбасылы болса, өмірі ұзарады.

Бесік – түсінде бесік көрген адам игі істермен айналыса бастайды.

Бұлт – адамдарға ақиқатты көрсетіп, құтқаратын Ислам дінін және діни ілімді аңғартады.

Бұршақ – бұл денсаулық, жақсы орта мен жемісті еңбек.

Бұрыш – бұрыш көрсеңіз не жесеңіз, ақша жинайсыз.

Бөлме – қауіпсіздік белгісі.

Бөшке – түсіңізде іші толы бөшкені көрсеңіз, үйдегі молшылықтың белгісі;  ал егер бос бөшкені көрсеңіз,  залал немесе басқа да келеңсіз жағдайларды білдіреді.

Бүркіт, қыран – басшы. Сонымен қатар ұзақ өмір, байлық, кейде соғысты білдіруі мүмкін.

Толығырақ: https://kyn.kz/2018/05/23/%D0%BC%D2%B1%D1%81%D1%8B%D0%BB%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D1%88%D0%B0-%D1%82%D2%AF%D1%81-%D0%B6%D0%BE%D1%80%D1%83/

0 дауыс

Байлық – егер түсіңізде бай екеніңізді көрсеңіз, азға қанағат етуді үйренесіз.Байлық

Түсіңізде байлыққа ие болсаңыз, маңсабыңызда үлкен сатыларға көтерілесіз. Басқа адамдардың бай болғанын көрсеңіз, қиын жағдайларда қол ұшын созатын достарыңыз көп деген сөз.

...