Қосымша №1
Конкурстықкомиссияға
ата-анасынан (заңдыөкілінен)
Тегі ______________________________________
Аты_______________________________________
Әкесініңаты ________________________________
Тіркелгенмекенжайы_________________________
________________________________________
Нақтытұрғылықтымекенжайы_______________
________________________________________
Телефон ________________________________
Жеке куәлік_____№___________
Берілген(кім және қашан)____________________
__________________________________
Өтініш
Меніңбаламдыжіберуіңіздісұраймын (аты-жөнітолық)
туғанкүні____________, 7-сыныбындаоқуғаконкурстықіріктеу үшін ____________ қ. БИЛ-ге.
______________________ «____»_______________
(қолы) (өтініш беру уақыты)
Мен "Білім-инновация" лицейлеріне қабылдау Ережесінің талаптарымен және оқыту нысанымен таныстым.
Мен Үміткердің конкурстық іріктеудің барлық кезеңдеріне келуі үшін дербес жауап беремін және үміткердің дәнекершілердің қатысуынсыз конкурстың барлық кезеңдерін өзбетінше өтуін қамтамасыз етуге міндеттенемін. Үміткер конкурстан өткен кезде конкурстық іріктеу кезеңдерін ұйымдастыруға және өткізуге жауап беретін ұйымдардың қызметкерлерімен сыпайы болуға міндеттенемін.
Дата ___________ _________________________________
Ата-анасының/заңды өкілінің қолы
Пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында карантин жағдайында “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” лицейі білім беру ұйымдарының 2020-2021 оқу жылына 7 сыныпқа оқуға қабылдауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
1. Жалпы Ережелер
1. Осы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылы 19 шілдедегі №289 бұйрығымен бекітілген Мамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді.
2. «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі білім беру ұйымдарына (бұдан әрі- БИЛ) түсуге ниет білдіруші үміткерлер – Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін білім беру ұйымының 6-шы сынып оқушылары (бұдан әрі-Үміткерлер) бола алады.
2. Құжаттарды қабылдау тәртібі
3. Облыстарда және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында балаларды 7 сыныпқа қабылдау конкурсын өткізу үшін БИЛ директоры бұйрығымен саны – 5 адам, лицей педагогтары мен мамандарынан тұратын қабылдау комиссиясы құрылады.
4. Қабылдау конкурсының екі турын ұйымдастыру үшін «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қоры (бұдан әрі-Қор) президентінің бұйрығымен саны – 5 (бес) адам, Қор басшылығы, әдіскерлер және Қор мамандарынан тұратын жұмыс тобы құрылады.
5. Құжаттарды қабылдау рәсімі 2020 жылғы 15 мамыр мен 17 маусымға дейін онлайн түрде жүзеге асырылады. Үміткердің заңды өкілдері онлайн-форманы және www.bilemtihan.kz сілтеме бойынша конкурсқа қатысу өтінішін толтырады.
6. Конкурсқа қатысу үшін төмендегі құжаттар талап етіледі:
1) Үміткердің ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (форма бойынша);
2) туу туралы куәлігінің көшірмесі, ЖСН(ИИН);
3) фотосурет 3х4.
Құжаттардың түпнұсқалары талап етілмейді.
https://bil.edu.kz/talapkerge/