0 дауыс
326 көрілді
Менің келіншегім Өзбекстан азаматшасы Шымкент қаласына көшіп келді алайда құжаттарды жинау кезінде ЖСН де аты жөнін қате жазып берген екі айдан бері түзетіп берген жоқ өтініш көмектессеңіздер

1 жауап

0 дауыс

ҚР азаматтары қандай жағдайда тегін, атын, әкесінің атын өзгерте алады? Құжаттағы аты-жөніңізді қазақшаландырғыңыз келе ме? Ол үшін нені білу қажет? Аты-жөнді өзгертудің қандай зияны немесе кедергісі бар? Сұрақтарыңызға жауапты АХАЖ бөлімінің қызметкерлерінің көмегімен әзірледік.

1. Құжаттағы текті өзгертуге бола ма?

Болады. Мысалы, Сіздің әкеңіздің аты-жөні - Ибрагимов Дастан Берікұлы. Тегіңізді осы үш атаумен өзгерте аласыз. Әкеңіздің тегін немесе атаңыздың атын ала аласыз, яки тек әкеңіздің атын қалдырсаңыз болады.

Некеге тұрғаннан кейін жұбайлар бір-бірінің тегіне өте алады. Әйелі ерінің тегіне немесе ері әйелінің тегіне өтуіне жол беріледі. Егер текті некеге тұру туралы куәлікті аларда бірден өзгертсе, ешқандай мәселе жоқ. Жаңа куәлікті дайындата бересіз.

Неке қиылғанға біраз уақыт өткен соң да жұбайының тегіне өтуге болады. Бірақ ондай жағдайда "құжатты өзгерткеніңіз туралы анықтаманы" әрдайым өзіңізбен алып жүру қажеттілігі туындайды. Бұл ұнамаса, некеге тұру туралы куәлікті қайтадан жаңарта аласыз.

Ажырасқан жағдайда, өз тегін қайтаруға болады.

2. Әкесінің атын өзгертуге немесе мүлдем алып тастауға бола ма?

Кейбіреулер түрлі себептерге байланысты әкесінің атын алып тастағысы келеді. Бірақ бұл - әкесінің келісімімен ғана орындалатын жағдай. Азамат 16 жасқа толмаса да, туу туралы куәлігінен әкесінің атын алып тастай алады. Ол анасының өтінішімен жүзеге асады. Егер бала 10-16 жас аралығында болса, онда баланың келісімі қажет. Құжаттағы әкенің атын сот шешімі шыққан кейін, АХАЖ бөлімінде өзгертуге болады.

Бұл процесті тіркеуге тұрған аймақта жүзеге асырсаңыз, жаңа құжат 1 аптаның ішінде дайын болады. Егер басқа аймақтан болса, 1 ай көлемінде күтуіңізге тура келеді.

Бала асырып алған жағдайда оның аты-жөнін толықтай өзгерту мүмкіндігі бар.

3. Азамат құжаттағы атын қалай өзгерте алады?

Ең қиыны - құжаттағы есімді өзгерту процесі. Ол үшін Сізде бар құжаттың барлығын жинау керек. Оның ішіне мектептегі аттестат, университеттен алған дипломыңыз, мақтау қағаздарыңыз сияқты көп құжат болуы тиіс. Бұлардың барлығын жинап АХАЖ бөліміне барасыз. Өтініш жазасыз, Сізге арнайы заңды іс ашылады.

Жаңа құжат 15 күннің ішінде дайын болады. Егер құжаттарды тіркеудегі емес аймақтан рәсімдесеңіз, 1,5 ай көлемінде күтуіңізге тура келеді.

Ескеріңіз, атыңызды бірнеше рет өзгерте алмайсыз. 

4. Аты-жөнді өзгертудің қандай зияны немесе кедергісі бар?

Біріншіден, көп жағдайда "құжатты өзгерткеніңіз туралы анықтаманы" өзіңізбен алып жүруіңіз керек болады. Банкте несиерәсімдегенде, жұмысқа орналасарда т.б. жағдайларда құжаттарыңыздың жинағы қалыңдай түседі.

Екіншіден, кей мемлекеттерге шекарадан өтерде, әртүрлі аты-жөнді қабылдамайды.

Үшіншіден, жиі қолданатын құжаттарыңызды қайтадан өзгерту қажет. Мысалы, аты-жөніңіз өзгергеннен кейін, жүргізуші куәлігін қайта жасатуыңызға тура келеді. Бірақ мектептегі аттестат, университеттегі дипломдарды өзгертудің қажеті жоқ. Ол құжаттарды пайдаланарда, жоғарыда айтқандай, "құжатты өзгерткеніңіз туралы анықтаманы" қоса өткізесіз.

5. -ов(а), -ев(а) жұрнақтарын қалай өзгертуге болады?

Қиын емес. Жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығына барып, өтініш білдіресіз. Жеке куәлігіңізден бөлек туу туралы куәлігіңіздің түпнұсқасы болса, жеткілікті. 1100 тг көлеміндегі мемлекеттік баж салығын өтейсіз. Шамамен 2 аптаның ішінде жаңа құжатыңыз дайын болады.

Қазақшаландыру немесе әріптік қателерді түзеткен жағдайда, "құжатты өзгерткеніңіз туралы анықтаманы" алып жүру қажет емес. 

ҚР Заңына сәйкес, қазіргі уақытта азаматтың туу туралы куәлігіндегі аты-жөні бірыңғай қазақша немесе бірыңғай орысша болуы тиіс. Мысалы, құжатқа Назарова Алтынай Айдаровна яки Назар тегі (Назар) Алтынай Айдарқызы деп қана жазыдыра аласыз.

6. Құжатты өзгерткен соң қандай жағдайда айыппұл салынуы мүмкін?

ҚР азаматтарының жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлікпен немесе тұрғылықты жерінде тіркеусіз 10 күннен 3 айға дейінгі мерзімде тұрса, ескерту жасалады. Көрсетілген мерзім өтіп кетсе, азамат ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтартуралы кодексінің 492-бабының 2-тармағы бойынша 5 АЕК  мөлшеріндегі айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Әкішілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде жасалған осы сияқты құқық бұзушылық үшін 10 АЕК мөлшеріндегі айыппұл салынады.

Азамат жеке куәлікті рәсімдеу үшін тек 16 жас мерзімге толуы бойынша ғана жүгіне алады. Осы уақытқа дейін оған құжат берілмейді. Егер азамат 18 жасқа толғанда, жеке куәлікті алуға бірінші рет жүгінсе, одан 5 АЕК мөлшеріндегі әкімшілік айыппұл алынады.

  • (1 АЕК - 2269 теңге)
Толығырақ: https://baribar.kz/card/zheke-kualiktegi-aty-zhoendi-qalay-oezgertuge-bolady/
...