0 дауыс
8.1k көрілді
Қосымша географиялық ақпарат көздерін пайдаланып дүниежүзілік үш дінге тұсаукесер дайындап, қорғаңдар?

1 жауап

0 дауыс

Діни география –экономикалық географияның салаларының бірі. Ол дүние жүзі халықтарының конфессиальдық құрамын, ұлттық – тілдік, нәсілдік құрамдарын, этнология мен этногеографияның негізгі ұғымдарын қарастырады.

Ислам дініне дейін арабтар арасында география ғылымы тек дәстүрлі әрі ежелден келе жатқан мәліметтер және арабтар мен аумағындағы жерлер туралы білімдерімен шектелген. Исламға дейін арабтар география ғылымының кейбір, атап айтқанда жел туралы мәліметтерінен хабардар болған. Олар бұл саладағы білімін құрлық пен теңіз арқылы жасайтын саудаларында пайдаланған. Сонымен қатар жұлдызтану мен планеталар және аспандағы басқа денелердің жылжуы туралы мәліметтерін сапарлары мен ықтималды соғыстар үшін қажет еткен. Әртүрлі салалардағы мәліметтердің қажеттілігі география мен астрономия ғылымдарының маңыздылығын өрістетті.

Ислам келген соң география ғылымы туралы жазылған кейбір жазбалар мұсылмандарға көмектесті. Ресей жазушы әрі ирантанушы Игнатий Крачковский: "Исламдық биліктің таралуы мен хижраның 2-3-ші ғасырларындағы Исламның көптеген әсіресе қаржы саласындағы мекемелік мамандардың пайда болуына себепті болды. Мұсылмандар бұрынғы мәліметтерді пайдалану мүмкіндікке ие болды. Иранда жерді өлшеу үшін Хусру Ануширван кезіндегі мәліметтерді пайдаланған. Мысыр үшін Шығыс Римның билік жүйесі үлгі болды. Бірақ жағдай нақты мәліметтермен, жаңа салықтар белгілеуді қажет етті. Сол себепті арнайы кітаптар, атап айтқанда "Әл-Харадж" деп аталатын кітаб шықты. Сонымен қатар Бағдаттағы барлық жұмыстар, саяси және кеңселік істерімен айналысатын ұйымдар астанамен қарым-қатынас орнатуға жолдар іздестіруге себеп болды. Сол кездегі әлемнің ең үлкен құдыреті болған аббасидтер үкіметі тек өзінің және аумағындағы елдермен шектелмей, басқа жерлер, әсіресе исламдық үкіметпен шекаралас елдер туралы нақты мәліметтер жинады. Елшілер немесе өз еліне оралған тұтқындар мәліметтердің негізгі көздері болды.

Исламның пайда болуының алғашқы онжылдығынан сапарға шығу кеңінен тарала бастады. Бұл сапарға барлық мұсылмандардың діни міндеті болып саналған қажылық пен Алланың үйіне зиярат жасау себепті болды. Сонымен қатар құрлық және теңіз жолдары арқылы жасалған сауда, оның ішінде алыс жерлерде тұратын мұсылмандар арасындағы айырбас, мұсылмандарды география ғылымын меңгеруге жігерлендірді. Сауда географиясының исламдық жерлер шекарасынан асып, Африка мен Солтүстік-Шығыс Еуропа және Оңтүстік-Шығыс Азияға жетті. Осыған орай Ислам сауда арқылы Үнді теңізіне қарай таралды.

Исламның білім алу насихаттары география ғылымының кеңеюіне әсер етті. Исламның ұлық Пайғамбары: "Қытайға дейін сапар шегу қажет болса да, ғылым үйреніңдер,"- деп айтқан болатын. Сол себепті хижраның бірінші ғасырынан бастап, білім іздеп, оны толықтыру мақсатымен жасалған сапарлар көбейді. Мәселен, алыста орналасқан Қытай жерлеріне сапар шеккен Асхад Әл-Хейр Ансари Анласи "Сини" яғни "қытайлық" деген лақабымен белгілі болды. Мұсылмандардың астрономия мен математика салаларындағы білімдері қамари айларын белгілеп, әсіресе рамазан айының басталуымен күнделікті намаздардың уақытын анықтауға көмектесті. Сондай-ақ, Исламдық жерлердегі намаз оқитын адамдар үшін Қыбланың бағыты айқындалды. Мұсылмандар география ғылымын меңгеруге итермелеген келесі бір манызды себеп – Құран Кәрімнің өткендердің мұраларын үйреніп, ақиқатты түсіну үшін сапар шегуге насихаттауы болды

Сонымен қатар Құран Кәрімде географиялық мәліметтерді кездестіруге болады. Жаратушы Құранның әртүрлі аяттарында жеті аспанның жаратылысы және жер мен аспанның байланысты болуына тоқталады. Бұл аяттар жердің теңіздері мен қырлары туралы айтады. Мұндай мәліметтер де мұсылмандардың географиялық білімін көбейтулеріне себеп болды. Мұсылмандар бастапқы кезінде география саласында басқа, атап айтқанда математика мен медицина ғылымдар саласында Грекия, Иран және Үндістан өркениеттердің еңбектеріне сүйенді және оларды зерттеп, аударып, одан әрі дамытты. Иран, Мысыр, Үндістан жеңістері мұсылмандарға ғылыми және мәдени жетістіктерге жетуге мұрсат болды.

Мансур Аббосидің билігі кезінде география мен астрономия ғылымы санскрит кітабының араб тіліне жасалған бірінші аудармасы мұсылмандар қолына жетті. Сөйтіп мұсылмандарға Үнді астрономиясы мен географиясы туралы маңызды дерек болды. Ирандықтардың мұсылмандардың география ғылымы мен карталар жасауға өз үлестерін қосқандары туралы деректер бар. Германиялық географтар хижраның үшінші ғасырында грекиялық географияның исламдық география ғылымын басып алғаны туралы айтады. Бірақ бұл ғасырдың соңында Шығыс әсіресе Иран географиясы Батыс географиясынан артығырақ әсер етті. Өйткені мұсылман географтарының көбісі ирандықтар болған. Сонымен қатар ирандық салт-дәстүрлер теңіз сапарларына және кеме саяхаттарына байланысты араб тіліндегі еңбектерге үлкен әсер еткен. Мұндай әсерді ирандық теңіз түсініктері мен парсы тіліндегі сөздерден, атап айтқанда порт, капитан, компас деген сөздер білдіреді. Сондай-ақ, бұл терминдер Иранда жол мен мекендерді көрсететін карталардың ежелден бар болуын анықтайды. [1]

Бүгінде әлемде дүниежүзілік діндер деп аталатын үш дін бар, олардың бұлай деп аталатыны бұл діндерді кейде әр түрлі континеттерді мекендейтін көптеген халықтар ұстанады.

Олардың ішінде ең көп тарағанының бірі – христиандық, оны ұстанатындар 1 млрд. адамнан асады. Христиандықтың ықпалы Еуропа, Америка, Австралия елдерінде неғұрлым күшті. Христиан дінін ұстанушылар Азия мен Африкада да бар, мұнда олар еуропалықтардың миссионерлік әрекетімен тараған.

Енді бір дүниежүзілік дін – ислам неғұрлым шоғырланып тараған. Мұсылмандар негізінен Азия мен Африкада (Сауд Арабиясы, Түркия, Иран, Ирак, Ауғанстан, Пәкістан, Бангладеш, Алжир, Марокко, Египет, Индонезия, Үндістан, Малайзия және т.б.). Исламды ұстанушылар Орта Азияда, Қазақстанда, Кавказда, Ресейде, Қытайда, Еуропада тұрады. Дүние жүзінде мұсылмандардың жалпы саны 1,5 млрд. адамға жуық және мұсылман елдерде халықсаны артып келе жатқандықтан тез көбеюде.

Үшінші дүниежүзілік дін – буддизмнің тараған ауданы географиялық жағынан анағұрлым шектеулі. Оны ұстанатындар непалдықтар, бирмалықтар, Үндіқытай, Үндістан, Шри-Ланка, Қытай, Моңғолия елдерінің дінге сенетін тұрғындарының біразы.

Толығырақ: https://kk.wikipedia.org/wiki/

...