Аққулар ұйықтағанда стилі мен көркемдегіш сөздер қандай?

+1 дауыс
1.7k қаралым
Мұқағали Мақатаевтың "Аққулар ұйықтағанда" поэмасының стильі мен көркемдегіш сөздер қандай?
• Санаты: Мектеп

1 жауап

0 дауыс
Мұқағали Мақатаев - бір ғасырда бір рет қана дүниеге келетін қазақ поэзиясының ірі талант иесі. Мұқағали аққуды қасиеті, киелі құс екендігін суреттеген. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасында негізгі кейіпкерлер: бала, баланың анасы, баланың әкесі. Ана баласы үшін аққуды атып, баласы үшін бәріне де даяр, қамқор жан екенін білдірді. Баланың әкесі -  адал жан, ол халық дәстүрін қастерлеп, киелі аққу құсты атудан бас тартты. Поэмадағы бала  сырқаттанып жатыр, оның өмірі қыл үстінде болды.
«Бала жатыр төсекте, албыраған,
Әке жатыр еденде, қалжыраған.
Түн күзетіп ана отыр, қос жанары
Шарасыздан шаршаған, жаудыраған.
Айдынында аққулар ұйықтап жатыр,
Сайдан соққан самалмен тербетілген.
Жер бетінде тыныштық, көл бетінде,
Қауышыпты қара орман, көл де, түн де.» [4]
Келесі поэма кейіпкері тәуіп шал - мейірімсіз, таяз ойлы, есінен ауысқан адам. Ол баланың ата - анасына  жалған наным айтты.
«Мана, күндіз, тәуіп шал не деп кетті?!
Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті...
-Аққуменен баланы аластаңдар,
Деді-дағы жәйімен жөнеп кетті...»
Поэмадағы  жылқышы қарт - түсінігі мол, көргені көп, парасатты, ақылды, данышпан. Ол анаға ақыл айтып, оны дұрыс жолға қоюға тырысты.
«Жетім көлдің» басында жылқы жатқан,
Дөңге шығып, қарт тұрған жылқы баққан
«...Апыр-ай, бұл кім болды, таңсәріде,
Көргенсіз, көл басында мылтық атқан?!
Құстардың зәре-құтын шырқыратқан,
Неғылған қаныпезер құлқы қатқан?!»
Адамды табиғат жаратқан. Табиғат – біздің анамыз. Әр ана өз баласы үшін өлімге де бара алады. Бұл поэмада ана қасиетті құсты жаралады.
Көл бетінде көлбеңдеп, жаралы аққу,
Ұша алмайды, ұшпақ боп- күш қылады...
Сыңар қанат сынық құс байлауда тұр,
Тағы бірі айдында жайрап жатыр.
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасында қазақ тұрмысына жақын ойлар айтылады, ана махаббатының құдіреттілігі сезінеді, табиғатты қорғауды үйретіледі.

Ұқсас сұрақтар

127,938 сұрақ
322,815 жауап
153,160 пікір
72,926 қолданушы