Жұмыскерлер үшін қарастырылған аударым мөлшері 2017 жылғы 1 шілдеден бастап – әр жұмыскердің табысының 1 %, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 1,5 %, 2020 жылғы 1қаңтардан бастап – 2%, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 3%.
Жалдамалы жұмыскер үшін қарастырылған аударым мөлшері 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 1 %, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 2%.
Жұмыс беруші еңбек келісімшарты бойынша жұмыс істейтін әрбір жалдамалы жұмыскер үшін заң жобасына сәйкес ай сайын былайша жарна есептеп, аударуы тиіс:
- 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап, жеке кәсіпкердің табысы есебінен, МӘМС-ға есептелген табыстың 1% мөлшерінде жарна аударады. Мысалы: 2017 жылдың шілде айына жұмыскерге 60 000 теңге сомасында айлық жалақы есептелген, шілде айына
МӘМС-ға аударылатын жарна сомасы 600 теңгені құрайды (формула – 60 000 теңге х 1%).
- жұмыскер МӘМС-ға 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жалдамалы жұмыскердің айлық жалақысынан ұстап қалу арқылы, есептелген табыстың 1% мөлшерінде жарна аударады. Мысалы: 2019 жылдың қаңтар айынан жұмыскерге 60 000 теңге сомасында айлық жалақы есептелген, оның шілде айына МӘМС-ға аударатын жарна сомасы 600 теңгені құрайды (формула – 60 000 теңге х 1%).
Әр жұмыскер үшін осылай.
Толығырақ: https://fms.kz/kk/qa