Табиғаттың қаһарлы құбылысы – жер сілкіну – жалпы геофизикалық себертерден болатын жер қыртысындағы, оның астыңғы қабаттарындағы дүмпу (соққы, қимыл) және жер бетіндегі діріл, тербеліс. Бұның бәрі былай өрістейді. Жер қайнауында әрдайым күрделі процестер орын алуда.
Жер қыртысы біртұтас емес, оны литосфералық плиталар құрайды- континентальды және мухиттық; плиталардың шеттерін сейсмикалық және тектоникалық жағынан алғанда белсенді опырылу аудандар қоршайды. Литосфералық плиталар әрдайым қозғалыста болып жылына 1-6 см жылдамдықпен түрлі бағыттарға жылжиды. Бұндай қозғалыстардың себебі – жер шарынң айналу динамикалық эффектілермен үйлескен жер қыртысының астындағы ыстық және қою сұйықтықтың баяу конвекция түріндегі ағыстары шығар деп білеміз. Бір жерде жаңа сұйық зат төменнен жоғарыға көтеріп плиталарды жан-жаққа ығыстырса, екіншісінде плиталар бір-бірін шеттерімен жанай өтеді, ал тағы басқасында бір плита екінші плитаның үстіне мінгесіп оны төменге батырып жатады. Тақталардың осындай қимылдары бара-бара кернеулердің пайда болуына, олардың ұлғаюына әкеледі де оларды арттыра түседі. Енді осы кернеулер ақыры жер сілкінісіне айналу үшін бір түрткі болу керек сияқты. Түрткі ретінде келесі физикалық процестер болуы мүмкін: ай жән күн тартысымн болатын су толысуы; күн белсенділігі; жер полюстерінің орнынан жылжуы; жер субядросының қозғалысы бірқалыпты еместігі(элипс бойынша жылжу); басқ жердегі сілкіністер; адам әрекеттері; аталған процестрдің бір-бірімен үйлесіп келуі.
Сел тасқыны
Сел тасқындары көбіне кенеттен басталады. Кішкене тау өзендерінің бассейндерінде және құрғақ боп тұрған сайларда минералды бөлшектердің, тастардың, тау жыныстар сынықтарының концентрациясы өте биік болып түзілген лай судың ағындары деңгейін күрт көтеріп өтеді.
Ереже бойынша сел тасқындары толассыз жауған нөсерден, сирегірек сырғыма мұздақ немесе маусымды қар жамылғысының күрт ери бастауынан, сондай-ақ өзен арнасына сырғыған топырақ пен шөп-шаламның көп түсуі салдарынан пайда болады. Селдің себептеріне тау сайларында жиналған үлкен көлемді көлді түзеген судың бөгетті бұзып өтуі жатады.
Зор қирату күші бар сел бір ағызындылардың көлемінде жүздеген мың, кейде тіпті миллион текше метрге дейін жететін материалды тауды төмен қарай жылжытады.
Қар көшкіні
Қар көшкіні басқа да көшкіндердің жылжуы сияқты гравитация тартысы қар астындағы ұстау күштерінен асқан кезде пайда болады. Қар өзінің әрекетін бастай отырып, барлық жаңа қар массаларын, тастарды және басқа заттарды ілестіре отырып тез арада жылдамдығын күшейтеді. Негізінен, көшкін қар ұсақ кристалдар мен ауаның араласуымен сипатталады. Жазықтау жерге немесе аңғар түбіне жете қар өз қозғалысын тоқтатады.
50°-тан көп құлама тіктілікте қар өздігінен жайғана төмен құйылады, яғни қар массасының пайда болу жағдайы туындамайды. Көшкіннің пайда болуына ең қолайлы жағдай – 30-40° тігімен орналасқан,майда шөптер басқан баурайларда биіктігі 30 см қардың өсуі жатады. Көп нәрсе ескі жатқан қар жамылғысына және жаңа қар басу қарқындылығына байланысты болады. Егер 2-3 күн аралығында 0,5 м қар жауса, ол, әдетте, қауіпті емес; ал осы жағдай 10-12 сағатта болса қар көшкіні әбден мүмкін.
Ауа райы құбылыстары
Метеорологиялық сипаттағы табиғи ауыртпалықтарға қатты тұратын желді (жылдамдығы 25 м/с-тан биік), толассыз нөсер жауын шашынды (12 сағат арасында 50 мм немесе одан көп мөлшерде болса), ірі бұршақтың түсуін (бұршақтың көлденең мөлшері 20 мм және одан да үлкен), күшті қар жаууын (12 сағат арасында 20 мм немесе одан көп мөлшерде), қарлы борандарды (жел жылдамдығы 15 м/с көп болса), қақаған аязды немесе шыжыған аптап ауа-райын жатқызады.
Ауадағы желдің жылжуы үшін 12-баллдық Бофорт бағанасы анықталған. Дауыл зор қиратқыш күші бар және айтарлықтай ұзақ уақыт тұратын, жылдамдығы 32,6 м/с (117,3 км/сағ) асатын, яғни 12 баллды жел. Сондай-ақ, дауылдар деп Тынық Мұхиттың Орталық Америка маңайында пайда болатын тропикалық циклондарды айтады. Қиыр Шығыста, Үнді Мұхиттың аудандарында болатын тропикалық циклондарды тайфун деп атайды. Тропикалық циклондар желдің жылдамдығы көбіне 50 м/с асып тұрады. Циклондар мен тайфундар, әдетте, қарқынды жауын-шашынмен бірге жүреді, мұндай нәрселер жиі кездерде дауылды желдердің өздерінен де қауіпті болып келеді.
Борандар ретінде Бофорт бағанасында 8-11 баллды желдер саналады. Күшті борандар (тасқындар) кейде дауыл деп те аталады. Желдің жылдамдығы 15-30 м/с жетеді. Тасқынның ұзақтығы – бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін, ені оннан жүз километрге дейін барады. Олар да, айтарлықтай, жауынның түсуімен жүреді. Кейде кенеттен басталатын күшті желдер кездейсоқ пайда болып ұзақ тұрмайды. Олардың жылдамдығы 10 минут арасында 3 м/с-тан 30 м/с дейін күрт көтеріледі.
Құйындар көбіне ыстық ауа райында және жоғары ылғалдылықта, атмосфераның төменгі қабаттарында тұрақсыздық байқалғанда пайда болады.
Орман және дала өрттері
Табиғи өрттер деген ұғымға орман, дала және егістік алқаптарында болатын өрттер, шым тезек және жер асты жанғыш өрттері жатады. Ерекше зиян келтіретін және адам өміріне зиян келтіретін өрттің кең тараған түрлері болып орман және дала өрттері болып табылады. Бұл өрттер сирек кездесетін құбылыс емес, олар жыл сайын болып тұрады; өкінішке орай өрттің 90-97%-і адамның кінасынан болып тұрады. Орта есеппен алғанда болған 100 өрттің 3-7 ғана найзағай ойнағанда түскен жасылдан немесе шым тезектің өздігінен жану себебінен болады. Көктемде негізгі себебі ауыл шаруашылық өрттері; бұл өрттерді ескі және арам шөптерді құрту үшін, топырақты күл элементтерімен байыту мақсатында немесе орманды тазалағанда, яғни ағаш дайындаған орындарда кесілген қалдықтар мен діңгектерді жою үшін жүргізеді.
Жанартаулар (Вулкандар)
Ежелгі Рим мифологиясында Вулкан деп от құдайын атаған. Планетамызда жанартау әрекетшілдігі жер қойнауындағы әрдайым болып жатқан белсенді процесстердің нәтижесінде өрістейді.