0 дауыс
408 көрілді
2020 жылы еріктілер жылы деп аталды. 2021 жылы еріктілер қандай қызметтер атқарса немесе айналысса болады? Тек қарттар үйін, балалар үйін, тұрмысы төмен отбасы үйлерінен аралаудан басқа қандай іш шаралар атқарса болады? Кімде қандай алып қосарларыңыз бар?

1 жауап

0 дауыс

Еріктілер әрқашан қоғамдық істерге бөліп жармай белсенді ат салысқан. Сол салада ары қарайғы жұмыстарын атқарғаны жөн деп ойлаймын.

«Еріктілер жұмысы – бұл басқа адамдардың игілігі үшін саналы, ерікті және ақысыз қызмет ету. Саналы және риясыз басқа адамның игілігі үшін еңбек етіп жүрген кез келген адам ерікті болып саналады» (М. Олчман, П. Джордан. Еріктілер – құнды көздер,
Джона Хопкинс Университеті, 1997ж).

«Еріктілер қызметі – дегеніміз, мұқтаж адамдарға риясыз, ерікті көмек көрсету, қалтқысыз қолдау көрсетуге бағытталған адам қызметінің ерекше үлгісі». Сонымен, «Ерікті» (ағылшын тілінен аударғанда volunteer – «өзі тіленіп жұмыс істеуші») – мұқтаж адамдардың немесе жалпы қоғамның мүддесінде тегін, ерікті түрде еңбек ететін адам. Еріктілердің халықаралық белгісі – қызыл V әрпі.

БҰҰ сарапшыларына сәйкес, еріктілер жұмысының үш негізгі белгісін анықтауға болады
1) Еріктілердің жұмысына ақы төленбейді;
2) Еріктілердің қызметі ерікті әрі мәжбүрлеусіз жүзеге асырылады;
3) Еріктілердің қызметі адамдарға немесе жалпы қоғамға және еріктілерге пайда алып келеді.

Еріктілер жұмысы адамзаттың әлемге, еркіндікке, қауіпсіздікке, әділдікке және барлық адамдарға көмек көрсетуге деген мәртебелі қасиеттерін дамытады. Жаһандану және тұрақты өзгерістер дәуірінде әлем бір-бірімен өзара тәуелді, тығыз және шиеленісті болады. Қоғамда шешімі табылмаған көптеген мәселелер туындауда – мысалы экологиялық (қоршаған ортаның ластануы, ормандардағы ағаштарды кесу), және әлеуметтік (қарт және дәрменсіз адамдар, мүмкіндігі шектеулі адамдар, жетімдер). Балалар үйінде, ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған интернаттарда, қарттар үйінде, ауруханаларда, балабақшаларда, мектептерде ауадай қажет.

Ұқсас сұрақтар

...