- Өтініш;
- Білімі туралы құжат (түпнұсқа және көшірме);
- 86-У нысандағы медициналық анықтама;
- 3×4 көлеміндегі фотосурет (4 дана);
- Жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі (туу туралы куәлік, жеке куәлік, төлқұжат (паспорт));
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады. Көрсетілетін қызметті алушылар – шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
3) босқын – босқын куәлігі;
4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
5) оралман – оралман куәлігі.