0 дауыс
500 көрілді
Журналист болу үшін қандай өнер керек. Қандай сабақты жақсы оқу керек?

1 жауап

0 дауыс

Журналист болу үшін ораторлық қасиетіңізді дамытуыңыз керек. Ол үшін әдебиет қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілдерін терең меңгеру қажет. Көптеген әдебиеттер оқу міндетті.

Шешендік өнерді дамыту арналған 6 пайдалы кеңес
Шешендік (ораторлық) өнер - бұл сізге қысқа, әдемі және кедергісіз сұхбаттасушыға өз көзқарасыңызды жеткізуге көмектесетін ең құнды машықтаңдардың (навык) бірі. Табиғатынан шешен (оратор) адамдар бар, оларға тек бір тақырыпты берсең болды, бір сағат бойы тыңдауға болады. Ал табиғат дарын бермеген, бірақ та аталған қырларды игергісі келетіндерге не істеу керек?
Шешендік өнер, басқа да машықтар (навык) сияқты дамытып, жаттықтыруға, жетілдіруге болады.
Бұл мақалада біз сіздерге ораторлық қабілетті арттыруға арналған 6 пайдалы кеңес береміз, соның арқасында сіз керемет қабілеттерді дамыта аласыз және тыңдаушылардың назарын өз сөзіңізге аудара отырып, көпшілікке еркін сөйлей алу қабілетін арттырасыз.
______________________________________________
1. Бастауыш шешендердің қиындықтары қандай? Әдетте, бұл сөздік қордың жеткіліксіздігі және шектеулі лексикон. Шешім қарапайым тек сөйлеу, сөйлеу және тағы да сөйлеу керек.
Бұл жаттығуды үйде жасай аласыз. Көз алдыңыздағы кез келген затты алыңыз – фен, тарақ, тарелка, жалпы алғанда қандай зат екендігі маңызды емес. Ары қарай 5 минут бойы ол зат туралы өз ойыңызды айтып, осы заттың барлық ерекшеліктерін сипаттап, оның қандай керемет және қажетті екенін түсіндіруге тырысыңыз. Алдымен қиын болады, бірақ уақыт өте келе сіз бұл тапсырманы оңай атқарасыз.
Бес минут аз екенін көрсеңіз, уақытты ұлғайтып, 10, 20, 30 минутқа созып айтсаңызда болады.
Ең бастысы фразалар мен ойлар қайталанбауы қажет.
_____________________________________________
2. Паразит сөздер - ораторлық өнерді бастаушылардың ең басты жауы. Оларды өз сөзінде болдырмауға тырысыңыз. Әдетте, адамдар бұл сөздерді қатты толқып, не өз ойыңды білдіруге асыққанда қолданады. Айтып жатқан сөзіңіз туралы ойлануды үйреніңіз. Бастапқы кезеңдерде сөзіңізді бақылауға, сөздерді қадағалауға, паразит сөздерді мүлдем қолданбауға, ойдан алып тастауға тырысыңыз.
Сол кезде сөздеріңіздің сапалы әрі әдемі болғанын байқайсыз.
______________________________________________
3. Сөйлеу қарқыны - игеруді талап ететін ораторлық қабілеттің тағы бір ерекшелігі. Сіз қалай сөйлеп отырғаныңызды қадағалаңыз. Тым жылдам айтылған сөзді аңғару қиын, ал баяу атылған әңгіме іш пыстырады. Сондықтан үзіліс жасауға, қажетті орындарды интонациямен бөлуге, дауысты көтеруге және төмендетуге тырысыңыз, сол арқылы аудиторияның назарын өзіңізге аудартасыз.
______________________________________________
4. Үйде заттар туралы өз ойыңды айту - бұл жақсы, бірақ ораторлық өнер шеберлігін шыңдау үшін адамдармен көбірек қарым-қатынас жасау керек. Негізінен, студенттерге шешендік өнерді үйрену оңай. Өйткені сіз өз тобыңыздың алдында сөз сөйлеуге қол жеткізе аласыз, және де сөз сөйлеу кезінде аудиторияның реакциясын, мінез-құлқын, олардың көңіл-күйін және тыңдау ниетін бақылай аласыз. Ең бастысы қобалжымаңыз, топ, аудитория алдында көбірек сөйлеуге тырысыңыз, уақыт өте келе үйреніп кетесіз.
!!!Қорқынышыңызға қарсы шығыңыз!!!
______________________________________________
5. Сіздің сөзіңіз тым құрғақ болмауы керек. Сөз арасында мақал-мәтел, танымал адамдардың сөздерін, сонымен қатар әзіл келтіруге тырысыңыз. Айтпақшы, әзіл айту өте үлкен рөл атқарады. Уақытында әзілді пайдалана алу-бұл өз аудиториясын ұстай алатын, керек кезде туындаған келеңсіздікті шеше алатын жақсы оратордың бір қыры.
Әзілдіңде сапалы болуын ұмытпауыңыз қажет!
 ______________________________________________
6. Алдында айтылғандай, егер сіз шешендік өнерді дамытқыңыз келсе, онда үлкен сөздік қорыңыз болу керек. Оны толтыру үшін әрине оқу керек. Көптеген түрлі әдебиеттерді оқыңыз: ғылыми, көркем, бизнес кітаптар, фантастика.
Әрбір сөйлемді талдауға тырысыңыз. Ол қалай құрылғанын, қандай интонациямен, қандай эмоционалдық жүктемені көтереді (Өзіңізді қинаудың қажеті жоқ, ең бастысы өзіңізге ұнайтын кітаптарды оқысаңыз да жәрдемін береді!).

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
...