Мен бір сенімді танысыма, өз атымнан ИП ашып берген едім, ол кісі жеке кәсіппен айналысады. Сенімді адам. Ол кісі, барлық жыл сайынғы салығын, төлемдерін өзім төлеймін, тек маған өз атыңнан ИП ашып берсең болды, - деді. Мее ол ИП-мен жұмыс жасамаймын. Ол кісі өз жұмысын жасап жатыр. Енді мендегі сұрақ, мен Алла қаласа, 5-6 айдан соң органға (полицияға) жұмысқа тұрайын деп жатыр едім. Әлгі менің атымнан ашылған ИП, маған органға жұмысқа тұруыма кедергі болып жүрмей ме? Органға жұмысқа тұратын уақытта, ИП-ны қанша күнде жауып тастау керек? Естуімше, мемлекеттік қызметке, органға жұмысқа тұратын кезде, өз атыңда ИП, ТОО н/е басқа да жеке кәсіп болмауы керек екен. Маған осы сұраққа нақты-нақты жауап беретін, заңды білетін адам керек. Алдын ала алғысымды айтамын.