Модель болу үшін арнайы сабақ таңдап керек емес, себебі біздің елде модельдік қызмет тек қосымша табыс көзі ретінде айналысатын іс болып табылады көбіне.
Сіздің бойыңызда болуға тиісті қасиеттер:
1) сырт келбетіңіз ерекше, тартымды
2) дене бітіміңіз жинақы , спорттық
3) бойыңыз ұзын
4) Энергияңыз мол, ойыңыз ұшқыр болу міндетті.
Қазақстандық модельдердің табысы
"Шетелде 3-4 жақсы бренд, фирма немесе агенттіктермен келісімшартқа отырса өзіңді ғана емес, ата-анаңды асырауға болады. Ал елімізде ол маманданған кәсібі болмаса, тек қосымша табыс көзі. Себебі, модельдікпен өзін асырай алатын дәрежеге жеткеніміз жоқ. Алайда сұранысқа ие модель Қазақстанда да жақсы табыс таба алады. Мысалы, бейнебаянға түскені үшін орташа есеппен 500 АҚШ долларын, ал фотосессияға 300 доллар алуға болады. Бәрі модельге байланысты. Бұдан көп немесе аз да алатындар бар", - дейді Олжас Тоғымбет.
Көбіне Еуропалық брендтер азиялық фактураны жиі алады екен. Себебі бізде аудитория көп. Қытай, Жапония, Корея және басқа елдердің халқының саны аз емес. Олжастың айтуынша, барлығы бағыңа байланысты.
"Модель ретінде агенттікке қабылдаған кезде, көп жағдайда алдымен келбетке, кейін бойға қарайды. Ол агенттіктің саясатына байланысты. Бірі креатив модельдер іздейді, екіншісі подиумға арналған. Ал қыз немесе ұлдың танымал болып кетуі ең алдымен бағына, кейін әрине, келбеті мен ұмтылысына, өз-өзімен жұмыс істеуі мен талабына байланысты. Маркетинг пен PR-ды ұмытпаған жөн. Бақ келемін десе аз уақытта танымал модель атануға болады", - дейді қазақстандық.