Журналистика мамандығына таңдау пәні:
1) Шығармашылық
2) Шығармашылық
В042-Журналистика және репортерлық іс
Мысалы: СДУ журналистика мектебінің 2020 жылғы қабылдау емтиханы (шығармашылық емтихан) онлайн форматта өткізіледі. Талапкер шығармашылық емтиханды қалауына сай қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тапсыра алады. Шығармашылық емтихан екі кезеңнен тұрады:
- Жазбаша емтихан (40 ұпай);
- Ауызша емтихан (40 ұпай).
Жазбаша емтихан ашық сұраққа жауап жазу арқылы, ал ауызша емтихан университет сайтына жарияланған емтихан сұрақтарының ішінен кездейсоқ таңдалған екі сұраққа жауап беріп, портфолио таныстыруы я болмаса комиссияның қосымша сұрағына жауап беруі арқылы жүзеге асырылады.
Журналистика мамандығына түсу үшін талапкер ҰБТ-да оқу сауаттылығы және Қазақстан тарихы пәндерінің әрбірінен кемі 5 ұпай иеленген болуы керек. Сонымен қатар шығармашылық емтиханның әрбірінен (жазбаша және ауызша) кемі 5 ұпай иеленген болуы шарт.