Мысалдар
Атомдық Бейтарап атомдар Ковалентті Жоғары Ерімейтін С, Si, SiO2
Молекулалық Молекулалар Әлсіз молекулааралық байланыстар Төмен Органикалық еріткіштер мен суда ериді Барлық газдар, жай заттар, І2, Вr2, қышқылдық оксидтер, қышқылдар, органикалық заттар
Иондық Иондар Иондық Жоғары Суда ерімтал келеді Металдар мен бейметалдардан түратын заттар, гидроксидтер, тұздар
Металдық Металл атомдары мен катиондары «Электрон» газы Әр түрлі Ерімейтін Металдар Example
Бұл кестеден мынаны көруге болады:
1. Атомдық кристалдық торлы заттарда (а) байланыс ковалентті, оны үзу үшін арнайы химиялық реакциялар жүргізу қажет. Қалыпты жағдайда олардың барлығы қатты, балқу температуралары жоғары, ерігіштігі өте нашар заттар.
2. Молекулалық кристалдық торлы заттар (ә) түйіндерінде молекулалар орналасқан, ал молекулааралық тартылыс күші өте аз болуына байланысты мұндай кристалдық торлы заттардың көпшілігі қалыпты жағдайда газ күйінде кездеседі. Оларды қыздырғанда оңай балқиды немесе температура әсерінен ыдырап кететін беріктігі нашар қосылыстарға жатады.
3. Ионды кристалдық тop (б) түйіндерінде иондар орналасқан, олар суда жақсы ериді, ерітінділері мен балқындылары электр тоғын жақсы өткізетін қатты заттар.
4. Металдық кристалдық тop (в); Металдарда металдық байланыстар болады, себебі кристалдық торларының түйіндерінде металл атомдары мен иондар орналасқан, ал металдың көлемінде электрон бұлттары (валенттілік электрондар оңай белініп шығады, өйткені олар ядромен нашар байланысқан) еркін қозғалып жүреді. Осы электрондар металдық қасиеттерді анықтайды:
а) жоғары жылу және электрөткізгіштік
ә) металдық, жылтыр
б) созылғыштық, тапталғыштық
Толығырақ: https://vk.com/wall-79006731_1