0 дауыс
3.8k көрілді
Ой кеселдері дегенді қалай түсінесің?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Ой кеселді нәрселерден қашық болу дегенді қалай түсінемін?

Ұлы дана Абай атамыз «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңінде «бес нәрсеге асық бол» деп, талапты, еңбекті, терең ойды, қанағат пен рақымды асыл істер қатарына жатқызып, сонымен қатар «бес нәрседен қашық бол» деп, жаман істерге: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ секілді қасиеттерді жатқызған.

Әрине, адам болу үшін айтылған асыл қасиеттердің маңызы зор. Жоғарыда айтылған бес қасиеттің қайсысын алсаң да, барлығы адам бойында керекті қасиеттер деп есептеймін. Себебі адам талпынбаса, талаптанбаса, еңбек те етпейді, демек еріншек болады. Ал терең ойлау қабілеті болса да қажет. «Бар нәрсеге қанағат» деп шүкіршілік айтпасақ, тағы болмайды. Ал адам бойында рақым болмаса, мейірімділік те болмайды, демек, ізгілік пен махаббат та орын алмайды.

Бес жаман істен неғұрлым аулақ болып,бойымызды да, ойымызды да таза ұстаған жөн. Басқа адамдарды өсектеп, ғайбат әңгіме айту еш жақсылыққа жатпайды. Кеудені керіп бос мақтанып, одан қалса, еңбек етпей, еріншек болу, босқа мал шашу – аулақ болатын істер. Себебі, өмірде еңбекпенен мал тауып, нан алып жесең, одан тәтті әрі қымбат ас болмайды деп есептеймін.
0 дауыс
Мен оны жаман заттардан қашық болып жүру керек деп түсінетін. Мысалы ретінде біреудің бағалы затын ұрлық қылу керек, бір адамнан өшін алу керек деген ойлардан алыс жүру керек деген мағынаны білдіреді. Біз жамандықты тек адамдарға емес және өзімізге де жаман істер істей аламыз. Сондықтан біз адамдардың өміріне тигізетін жамандық істемей және жақсылықты істеп жүруге тиіспіз. Біз адамға сөз айтар алдында ойлану керек біз оған жақсылық әлде жамандық істедікпе? Жақсы сөз жанды жылытады. Ал жаман жүректі жаралайды бәлкім біз айтқан сөзден сол адам өз өмірінен айырылып қалады шығар. Сондықтан біз осы өмірге тек жақсылық көрсетуіміз қажет.

Ұқсас сұрақтар

...