050701 - Биотехнология
Биотехнология - болашақтың ғылымы, Қазақстанның даму Стратегиясының осы онжылдықтағы қарқынды дамитын алғашқы ғылымының бірі болып табылады. Биотехнология іргелі биологиялық білімдерді адамның практикалық қызметінде қолдануға және табиғи қорларымыздың жойылып кетпеуін сақтауға негізделген ғылым мен өндірістің жаңа саласы болып табылады.
Биотехнологтар ғылыми-зерттеу лабораторияларында, медициналық-биологиялық, микробиологиялық және ауылшаруашылық өндірістерінде, фармацевти ка, азық-түлік өнеркәсібі, өңдеу өнеркәсібі мекемелерінде, ғарыштық және әскери-стратегиялық зерттеулермен байланысты мекемелерде, ҚР Ұлттық Биотехнология Орталығы институтында қызмет істей алады.
Бакалавриатты бітіруші түлекке биотехнология бакалавры беріледі
050701 - Биотехнология мамандығы бойынша студенттерді қабылдайтын ЖООдары:
І. Ұлттық ЖООдары:
1. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
2. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
3. Қ. И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
4. Қазақ ұлттық аграрлық университеті
ІІ. Мемлекеттік ЖООдары:
1. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
2. Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
3. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстанның аграрлық - техникалық университеті
4. Алматы технологиялық университеті
5. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
6. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік университеті
7. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік универсиететі
8. М.Өтемісов атындагы Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік университеті
9. С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті
10. М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
ІІІ. Меншік ЖООдары:
1. Инновациялық Еуразия университеті
2. Қазақстан инженериялық - техникалық академиясы
3. Қазақ гуманитарлық заң инновациялық университеті