Дәрігерлердің айтуынша, мұрынның жиі қанауы - мұрын қуысының жаралануы және гипертония, жүрек ақауы, өкпе эмфиземасы, бауырдың зақымдануы сияқты тамыр ауруларынан болады.
Мұрыннан қан кетудің 85%-ы аурудың белгісі саналады, ал 15%-ы мұрын қуысы аурулары себебінен болады.
Мұрыннан қан ағу себебін білесіз бе?
Мұрыннан қан кету себептері түрлі жағдайлардан болады.
- Инфекция аурулары. Дифтерия, қызамық, тұмау, қызылшада мұрыннан қан кету байқалады;
- Анемия, лейкемия, пурпура секілді аурулардың алғашқы белгісінде мұрыннан қан кету сезіледі;
- Жүгіру, секіру жаттығуларында қан қысымы тұрақсыз болса, жиі мұрыннан қан ағады;
- Қан кетудің тағы бір себебі – мұрыннан жарақат алу. Бұл кезде мұрыннан жұлын сұйықтығы ағады. Көбінесе мұрынның алдыңғы жағына саусақ тигізу арқылы зақымдаудан да мұрын қанайды.
Қан кетудің қандай түрлері бар?
Физиотерапевтер бұл жағдайды сипатына қарай болмашы қанау, қалыпты қанау және ауыр қанау деп үшке бөледі. Алғашқысы, мұрын қуысынан тамшылап қана қан бөлінуі, мұның айтарлықтай қаупі жоқ, дегенмен ол – созылмалы аурудың бастапқы белгісі болуы ғажап емес. Қалыпты қан ағу деп дәрігерлер бір мезгілде мұрыннан 200 мл-ге дейін қызыл сұйықтық бөлінуін айтады. Мұндай жағдайда қан адамның өңешіне құйылуы да мүмкін. Кішкентай балалардың мұрын қаны асқазанына кеткен кезде, құсып, іші өтіп, артериялық қысымы төмендейді. Үшінші жағдай – мұрыннан 1 литрге дейін қан кетуі. Бұлардың барлығының да себебі қан тамырлары жүйесіндегі ақаудан болуы ықтимал. Сондықтан дер кезінде дәрігерге көрінген абзал.
Толығырақ: https://baribar.kz/55128/muryn-nege-jii-qanaydy/