0 дауыс
23.3k көрілді
Эвфемизм мен дисфемизм сөздерді екі бағанға бөліп жаз? Но учебник Қазақ тілі Атамұра 2018 Б.А.Әрінова
Сұрақтың нақты мәтінін жазсаңыз?

3 жауап

0 дауыс

Эвфемизм (грек. eu – жақсы, phemі – айтамын) – мағынасы тұрпайы сөздерді басқа атаумен ауыстырып, сыпайылап жеткізу. Эвфемизм қоғамдағы моральдық, этикалық норма негізінде қалыптасып, сыпайыгершілік пен әдептілікке байланысты туған. Эвфемизм – тілдегі ауыспалы мағынадағы сөздерді толықтырып отыратын көркемдеуіш, бейнелеуіш құралдардың бірі. Эвфемистік мағына тудырудың тәсілдеріне метафора, метонимия, синекдоха, символ, ирония, парафраза, эпитет сияқты топтармен қатар фразалық тіркес пен мақал-мәтелдер, сондай-ақ есімдік пен эллипс те жатады. Мысалы, “өлді” деудің орнына қайтыс болды, дүние салды, жан тәсілім етті, т. б. сөз орамдары айтылады. Сондай-ақ адамның дене мүшесіндегі кем-кетікті (саңырау – құлағының мүкісі бар), ауруды (қылтамақ – жаман ауру) басқа сөздермен ауыстырып қолданады. Тіліміздегі фразеологизмдердің көпшілігі Эвфемизмдер негізінде пайда болған. Мысалы, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шықты, тіл тигізді, сөзге келді, жүз шайысты сияқты тіркестер ұрысты, ренжісті, ауыр сөздер айтты деген мағынаны білдіреді.

Дисфемизм (лат. dis, гр. dus - қарама-қарсылық не болымсыздық мағына тудыратын қосымша, гр. рһemi - айтамын), какофемизм — ауыс мағынаның бір түрі. Қалыпты қолданылатын зат, құбылыс атауларын неғұрлым дөрекі, тұрпайы сөздермен ауыстырып айту. Дисфемизм - мағынасы жағынан эвфемизмге қарама-қарсы құбылыс. Дисфемизм кеміту,қорлау,жаратпау ұғымын тудырады. Мысалы:боқ мұрын бала,боқтан өзгені сөз қылу,боғымен жасты баламен ойнады,боғын пышақтады,қолынан боқ келмейді,боққа татымайды,боғы ботқа,т.б. Қазақ тілінде бәр сөзге қатысты осыншама дисфемизмдер бар.Дисфемизмдер - әдеби тілдің үлгісіне жатпайды.Бұлар көбінесе көркем шығармада ауызекі тілдің сөйлеу үлгісі ретінде кейіпкерлердің тілінде ұшарасады.Сол арқылы әр жазушы өзінің қаһарманының мінез-құлқын,іс-әрекетін,ой-өрісін бейнелеп,нақтылы шынайы бейнесін жасайды.

  • Мысалы: бала деудін орнына жүгірмек, сөйлеме деудін орнына былжырама деу.
0 дауыс

Эвфемизм: сыпайы, адепты, тартипти.

Дисфемизм: адепсиз, кортык, бокмурын

Айырмашылыгы:биреуы ойды коркемдеп жеткизудин бир тасили

Екиншиси ауызект сойлеу тилинин улгисинде кейыпкерлердын тылынде ушырасады.

0 дауыс

Өлген соң-Дүние салған соң

Ұрлап кетпес үшін-қолды қылмас үшін

Аяғын ақсаңдай басады-аяғын сылтып басады

Керең адам екен-құлағы ауырады екен

Өтірікті көп айтады-қосып айтады

Аузында сөз тұрмайтын,өсекші-көп сөйлейді.

...