Денелердің өзара әрекеттесуі-табиғатта кез келген дене міндетті түрде қандай да бір басқа денемен әрекеттеседі. Оған кез келген екі дененің соқтығысуы да, сондай-ак бір-бірімен серіппе немесе жіп арқылы байланысқан денелердің әрекеттесуі де мысал бола алады. Денелердің қозғалысын бақылау, олардың бір-біріне әрекет етуінің екі жақты сипаты болатынын кәрсетеді. Былайша айтқанда, денелердің бір-біріне әрекет етуі өзара әрекеттесу болып табылады.
Өзара әрекеттесу - күрделі құбылыс. Біз бұл жерде күнделікті өмірде көріп жүрген өзара әрекеттесудің қарапайым мысалдарын қарастырамыз. Кейінірек, білімімізді жинақтай келе, оның күрделі түрлерін де қарастыратын боламыз.
Сонымен, мұз айдынында коньки теуіп жүрген екі баланың бірі екіншісін қолымен итеріп жіберді делік. Сол кезде олар бағыттары қарама-қарсы жаққа қарай сырғанап кететін болады.
Бұл жерде қай бала итерсе де, құбылыстың нәтижесі бірдей болады.
Екпіндеп жүгіріп келе жатқан бала ақырын жүріп келе жатқан баламен қақтығысып қалса, онда олардың қозғалыс жылдамдығы өзгереді
Бұтақта отырған құс ұшып шығарда ол бұтақты кері итереді. Қайықта отырған адам суды ескекпен есе отырып, сумен әрекеттеседі. Соның нәтижесінде қайық ілгері қарай жылжып, су ескектің көмегімен кері серпіледі. Әдетте дене бір немесе бірнеше денемен өзара әрекеттесуге қатысады. Мысалы, адам ауыр шкафты орнынан қозғалтпақ болып итерген кезде ол жермен және шкафпен өзара әрекеттеседі. Егер дене өзара әрекеттесу кезінде жылдамдығын өзгертпесе, мысалы, тыныштық қалпын сақтаса, онда оның тағы да басқа денемен (немесе бірнеше денемен) өзара әрекеттесуін байқауға болады. Қарастырылатын денеге басқа денелер бірлесіп әрекет етсе де дененің жылдамдығы өзгермеуі мүмкін.
Бұл келтірілген мысалдар денелердің бір-біріне ықпалы әрдайым өзара әрекеттік сипат алатынын кәрсетеді. Сондықтан бұл қарастырылған құбылыс әрекет емес өзара әрекеттесу болып табылады.
Физикада денелерді, олардың қозғалыстары мен әзара әрекеттесуін сипаттау үшін бірқатар физикалық шамалар енгізілген. Ол шамалармен физиканы одан әрі оку барысында танысатын боласыңдар.
Толығырақ: https://kk.wikipedia.org/wiki/