0 дауыс
765 көрілді
Алғашқы төсек қатынасында қыздың етеккірі келген бірақ жұбайы оған қарамай дәрет алып қосылып көрейік депті, қыз қатты қиналдым дейді, ал ері ооңай кірді негізі қиын болады деуші еді деп әйелінен сұрапты. Бұл қалай? Әлде етеккір келіп тұрған соң солай болуы мүмкін бе?

1 жауап

0 дауыс

Сексолог мамандар етеккір кезінде төсек қатынасына түсуге мүлде болмайтындығын айтпайды. Десе де жұқпалы ауруларды болдырмау үшін мұндай күндері жақындаспауға кеңес береді. Қанның ауру тудыратын бактерияларды тасымалдау мүмкіндігі жоғары болғандықтан етеккір кезінде түрлі жұқпалы ауруларды жұқтырып алу қаупі бар. 

Етеккір кезінде көбі бала көтеру мүмкін емес деп ойлайды. Бірақ бұл да шындыққа жанаспайды. Жүктілік мүмкіндігі көбіне овуляция кезінде жоғарылайды. Бірақ кейбір әйелдерде овуляциялық күндер 5-6 күнге жылжуы мүмкін. Кейбіреуде бір циклда екі овуляция болуы да ғажап емес. Әйел ағзасына енген сперматозоидтар бес тәулік бойы тірі болады. Сондықтан жүктіліктен сақтанған әйелдер үшін бұл күн де мереке емес. Сақтану шараларын етеккір кезінде де жасауға тура келеді.

Бір шетінен, етеккір уақытында гормондар шарықтайтындықтан дәл осы күндері төсек қатынасынан өзгеше ләззат алуға болады. Күнделікті секске қанағаттанбаған әйелдердің көбісі етеккір уақытын сол үшін де асыға күтуі әбден мүмкін.

Етеккір кезіндегі ауыруды басудың да бір жолы – секс. Төсек қатынасы қанның көп бөлінуін тездетіп, етеккір уақытын азайтады. Сондықтан циклді ұзақ созбау үшін де етеккір кезінде махаббатпен айналысуға болады.

Әйткенмен тазалық талаптарын да ұмытпау керек:
1. Жыныстық қатынасқа түсу үшін циклдің үшінші күнін таңдаған дұрыс. Бұл уақытта қан ағуы азаяды. Ештеңеге алаңдамай төсек ләззатын сезінуге болады.
2. Секстен бұрын екі жақ та суға түсіп, жыныс мүшелерін тазалап жуып алғаны жөн.
3. Етеккір кезінде секстің қарапайым түрін таңдаған дұрыс.
4. Қанның көрінуі ер адамның секске зауқын соқтырмауы мүмкін. Сондықтан жарықты өшіріп, оның орнына балауыз шам жағып кешті ерекше әсерлі етуге болады.

Толығырақ: https://16qyz.kz/etekkir-kezinde-zhynystyq-qatynasqa-tusuge-bola-ma/

...