0 дауыс
3.4k көрілді
Драмада негізгі кейіпкерлердің (Ф.И. Голощекин мен Ғ. Мүсірепов) бейнелері арқылы тарихи шындықтың қалай бағаланғанын салыстырып эссе жазыңыз.

1 жауап

0 дауыс

1989 жылы жазушы Шерхан Мұртазаның "Бесеудің хаты" атты пьесасы шыққан. Бұл пьесада бір топ қазақ зиялысы 1930-жылдардың басындағы ашаршылық кезіндегі билікке халықтың жоғын жоқтап хат жазған. Бұл тарихта болған оқиға. 

1932 жылы 4 шілдеде қазақтың бірқатар зиялысы Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Филипп Голощекинге хат жазып, халықтың сол кездегі ахуалын баяндаған еді. 87 жыл бұрын бес адам Голощекинге мал шаруашылығының күйрегені, социологиялық қайта құрулар, отырықшыландыру мен ұжымдастыру, алым-салық жинау саясатының ашаршылыққа алып келгенін айтып, дабыл қаққан. Бұл тарихта "Бесеудің хаты" деген атпен қалды. 

Аштықтан миллиондап қырылып жатқан қазақ халқының жағдайын ойлап, Голощекинге хат жазғандар - жазушы Ғабит Мүсірепов, Қазақ мемлекеттік баспасының меңгерушісі Мансұр Ғатаулин, Алматы Комвузының басшы қызметкерлері Емберген Алтынбеков пен Мұташ Дәулетқалиев, Қазақ АКСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының сектор бастығы Қадыр Қуанышев. 

Осы бес зиялы жазған хатынан кейін саяси қуғын-сүргінге ұшыраған. Бірақ Голощекиннің 1933 жылы Қазақстандағы қызметінен кетуіне осы хаттың да үлесі бар. 

Міне, халқының қамын ойлаған зиялылардың ерлігі мен сол оқиғаның бүгінге дейін жетуіне Шерхан Мұртаза жазған тарихи драманың пайдасы зор. Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/uly-zhazushynyn-ush-erligi_a2479701

...