Жылу машинасының ПӘК-і ең үлкен болатын жағдай.
Жауап: Т1 – қыздырғыш температурасы, Т2 – Салқындатқыш температурасы
/ Неғұрлым Е1 жоғары, ал Т2 төмен болса /
Пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) – жүйенің (механизмнің) энергияны түрлендіру немесе басқа денеге беру тиімділігін сипаттайтын шама. Ол көбінесе грек әрпі η -мен (этта) белгіленіп, мына өрнек арқылы анықталады: η =Wпайд./Wтол, мұндағы Wпайд., Wтол. жүйенің жұмыс істеуі кезінде жұмсаған пайдалы және толық энергиялары. Орнықты режимде жұмыс істейтін механизмдерде сырттан келтірілген энергияның (Wтол.) бір бөлігі (Wпайд.) пайдалы кедергілерді (металл кесу, жүк көтеру, затты бөлшектеу, т.б.) жеңуге, ал қалған бөлігі (Wшығ.) зиянды кедергілерді (үйкеліс, денені қыздыру, гистерезис тұзағы, құйынды токтар) жеңуге жұмсалады. Бұл жағдайда η =Wпайд./Wтол. Немесе η =1–Wшығ./Wтол. арқылы анықталады. Кез келген механизмнің жұмыс істеуі кезінде міндетті түрде энергия шығындары болатындықтан барлық уақытта η <1 болады. Ол ондық бөлшекпен немесе пайызбен (%) өрнектеледі. Мысалы, ЖЭС-тің Пайдалы әсер коэффициенті 0,35 – 0,40 (35 – 40%), іштен жанатын қозғалтқыштарда 0,40 – 0,50 (40 – 50%), қуатты генераторларда 0,98 (98%); ал фотосинтез процесінің Пайдалы әсер коэффициенті 12 – 15% шамасында.