Білім гранты бойынша оқитын студент басқа жоо білім грантын сақтаумен егер ұқсас мамандыққа ауысқанда ғана ауыса алады. Жекелеген жоо үшін бекітілген білім гранты бойынша мақсатты орындарға, сондай-ақ белгілі бір квота шегіндегі педагогикалық мамандықтар бойынша түскен студенттер басқа жоо тек ақылы негізде ғана ауыса алады. Басқа жоо студенттері мен магистранттарын ұлттық жоо ауыстыру тек ақылы негізде жүзеге асырылады.
Білім гранты бойынша оқитын докторанттар және магистранттарды бір жоо-нан басқасына ауыстыру мемлекеттік білім тапсырысы саласындағы уәкілетті органның қайта бөлуі жолымен рұқсат етіледі.
Бір ЖОО басқасына студенттерді ауыстыру рәсімі мынадай түрде болады:
1) басқа жоо ауысқысы келетін студент жоо басшысының атына ауыстыру туралы өтініш береді және мөрмен расталған жазбаша келісімді алғаннан кейін өзін қызықтыратын жоо басшысына жүгінеді;
2) қабылдаушы жоо басшысының атына ауыстыру туралы өтінішке мыналар қоса берілуі керек:
- оқу жұмыстары жөніндегі проректор және кеңсе тіркеушісінің қолы қойылған және мөрмен бекітілген транскрипт көшірмесі;
- бірыңғай ұлттық тестілеу немесе кешенді тестілеуді тапсыру туралы сертификат (бакалавриат үшін);
- түсу емтихандарын тапсыру туралы сертификат (магистратура және докторантура үшін);
- білім гранты иегерінің куәлігі.
3) факультет деканы ұсынылған құжаттар негізінде оқу жоспарларындағы пәндердің айырмашылығын анықтайды және игерілген пререквизиттерге сәйкес оқыту курсын белгілейді, білім бағдарламасына сәйкес игерілген несиелерді қайта есептеуді жүргізеді және тіркеу бөлімімен келісу бойынша жеке оқыту жоспарын бекітеді;
4) факультет деканының визаларына сәйкес оқу бөлімінің бастығы, жоо бастығының орынбасары, жоо басшысы студентті ауыстыру туралы бұйрық шығарады;
5) мемлекеттік білім тапсырысы бойынша оқитын магистранттар мен докторанттар ауысқан жағдайда жоо басшысының бұйрығы білім саласындағы уәкілетті орган шешім қабылдағаннан кейін шығарылады.
Студент ауысатын жоо басшысы бұйрық шыққаннан бастап 3 жұмыс күні ішінде студент бұрын оқыған ЖОО-на оның жеке ісін жіберу туралы жазбаша сұраныс жібереді. Сұранысқа білім алушыны ауыстырумен тіркеу туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.
Бұрын білім алушы оқыған жоо басшысы осындай сұранысты алғаннан кейін «ауыстырумен байланысты шығарылған (жоо атауы)» тұжырымдамасымен оқудан шығару туралы бұйрық шығарады және оқудан шығару туралы бұйрық шыққаннан бастап 3 жұмыс күні ішінде қабылдайтын жоо мекенжайына білім алушының жеке ісін жібереді.
Білім алушы оқыған жоо-да транскрипт көшірмелері, сынақ кітапшасы, студенттік билет және жіберілетін құжаттардың тізілімі қалады.
Білім алушыны ақылы негізде бір жоо басқасына ауыстырғанда оның және қабылдаушы жоо арасында шарт жасалады.
Студентті шетелдік білім ұйымына ауыстырғанда игерілген оқу бағдарламалары туралы (академиялық анықтама, транскрипт), сондай-ақ ҚР нострификациялау рәсімінің белгіленген тәртібінде алдыңғы білім деңгейін аяқтау туралы құжатты ұсынуы тиіс.
Толығырақ: http://www.sdo.ukgu.kz/?q=kk/node/181