0 дауыс
1.3k көрілді
Көкірекке сарысу жиналса не істеуге болады?

2 жауап

0 дауыс

Адамның дене қызуы қатты көтерілгенде, терінің беткі қабатында өте көп мөлшерде тер бөлінеді. Кейбір мүшелердің қабынуы кезінде, құрсақ және кеуде қуыстарын қаптап жататын қабықшаларда да сұйықтық пайда болады. Бірақ бұл сұйықтықтың терден айырмашылығы — оның құрамында плазмаға ұқсас, қанның белоктары болады. Міне, осындай сұйықтықтарды сарысу деп атайды. Көбінесе сарысу плевраның (көкіректің ішкі бетін астарлап тұратын сірі қабық), жүрекмаңы қапшығының және іш перденің қабынуынан дамиды. Қабыну ауруларынан пайда болған сарысу өте қауіпті деп есептелінеді, өйткені ол ішкі мүшелердің қызметін бұзуы мүмкін. Мысалы, жүрек қапшығындағы сарысу жүректің толықтай босаңсуына мүмкіндік бермейді, соның салдарынан жүрек қанға толып кетеді. Плевра қуысындағы сарысу өкпенің кеңеюіне мүмкіндік бермейді, сондықтан адамның тыныс алуы қиындайды. Негізгі ауру көздері — мүшелердің немесе қуыс қабықшаларының қабынуын емдеген кезде, сарысу бірте-бірте сіңіп жоғалып кетеді. Кейде оны пункция жасап (тесіп) сорып алады.
Дерек көзі: https://erketai.kz/aurular/saryisu/

0 дауыс
Сарысу ірің емес бе  ?
сарысу болған көкірек ауруын шынжара  дейді ғой деймін,  солай ма екен  ?
...