0 дауыс
1.7k көрілді
1. Ай  жарқырап күн  болмас, өтірік жарқырап  шын болмас.

2. Ашылатын күн  айқұлақтанып батады.

3. Айдың шалқалап туғаны – боран-шашынның болғаны.

4.Үркер суға  түссе – құт,  жерге түссе жұт болады.

5. Жұлдыз жиі болса, күн  ашық  болады.

6. Адассаң,  темірқазыққа қара.

7. Құйрықты жұлдыз  көрінсе, құт кетеді.

9. Тірліктің жемісі күнде,  тамыры – жерде.

10. Айдың жарығы төңірегіне түседі, өзіне түспейді.

Осы мақалдардың мағынасын түсіндіріп берсеңіздер

1 жауап

0 дауыс

Ай  жарқырап күн  болмас, өтірік жарқырап  шын болмас.

 -Менің ойымша , қанша қисыны келгенімен ештеңені басқа заттың орнына қолдана алмайсың. Қанша жағдайдың барлығы жалған сзге сайып тұрса да , түбі шындық белгілі болады деген.

Айдың шалқалап туғаны – боран-шашынның болғаны.- Ай туғанда айтады ғой өзіне жайлы туыпты немсе жайсыз туыпты деп. Егер өзіне жайлы туса , егінге малға жайсыз деп жориды, ал өзіне жайсыз яғни тік туса керісінше егін жайға  жайлы деп болжаған.

 Жұлдыз жиі болса, күн  ашық  болады; Адассаң,  темірқазыққа қара. -Бұл мақал бола қоймас, бұл астрономиялық білім немесе ақпарат деп білемін.

Айдың жарығы төңірегіне түседі, өзіне түспейді.- Жақсы адамның жан- ағына жасаған жақсылығына баламалап айтылған  болар.

...