Медициналық колледждерде оқытылады.
Мысалы:
1)«Қызылорда медициналық жоғары колледжі»
2)«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» акционерлік қоғамы жанындағы медицина колледжі
3) Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының
ШЖҚ "ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ" КМК
4) «ӨСКЕМЕН ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
5)ШЖҚ «Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы
Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі» МКК
және т.б.
Гигиена және эпидемиология
«Гигиена және эпидемиология» мамандығы оқу үдерісі күндізгі. Оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай.
Студенттерге «Гигиенист - эпидемиолог» деген біліктілік беріледі.
Студенттерге жоғарғы білімді 64 оқытушы дәріс береді.
Колледжде студенттерге мультимедиялық түрде білікті санатты оқытушылар дәріс береді.
Қабылданған студенттерге жағдайына байланысты жатақханамен қамтамасыз етіледі.
0303000 – «Гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша кәсіби қызметтің объектілері. Гигиенист – эпидемиологтың кәсіби қызметінің объектісіне:
- Санитариялық – эпидемиологиялық қадағалау мекемелері, СЭС,
- Орталықтары, дезинфекциялық станциялары,
- Салауатты өмір салтын насихаттау орталықтары,
- Обаға қарсы күресу және дезинфекциялық бейіндегі өндірістік кәсіпорындар жатады.
0303000 – «Гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша кәсіби қызметтің түрлері:
Гигиенист – эпидемиологтың кәсіби қызметінің түрлері бойынша:
- Дәрігердің басқаруымен және бақылауымен мемлекеттік санитариялық бақылау эпидемияға қарсы, алдын алу, дезинфекциялық шаралар және лабораториялық зерттеулер жүргізеді.
- Бактериологиялық зерттеуге сынама алады, сүртпе даярлайды және зерттелетін материалдарға алғашқы егу жүргізіледі;
- Тағам өнімдерінен және басқа қоршаған орта объектілерінен лабораториялық зерттеуге және гигиеналық сараптама жүргізуге сынамалар алады;
- Қоршаған орта объектілеріне аспаптық және лабораториялық зерттеулер жүргізу әдістерін қолданады;
- Тағам және өндірістік кәсіпорындарға, балабақша мен мектептерге, коммуналдық нысандарға, емдеу – алдын алу мекемелеріне ағымдық санитариялық бақылау жүргізеді;
- Эпидемиологиялық қадағалауды іске асырады және инфекциялық аурушаңдыққа талдау жасайды;
- Жұқпалы аурулардың ошақтарында тексеру жүргізеді;
- Дезинфекция, стерилизация, дезинсекция және дератизацияның барлық түрлерін ұйымдастырады және жүргізеді;
- ҚР – ң реестріне сәйкес қазіргі кездегі дезинфектанттарды, дезинсекция және дератизация жабдықтарын қолданады;
- Өндірістік мекемелерде аурушаңдыққа талдау жүргізеді және еңбек жағдайын жақсарту шараларын әзірлеуді жүзеге асырады өткізуді (дәрігермен бірлесіп);
- Өткізуді алдын ала жоспарлауды, ұйымдастыру және иммунопрофилактика медициналық құжаттарының дұрыс жүргізілуін бақылайды;
- Халықтың әртүрлі топтарының тамақ рационына баға береді;
- Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу шараларын жүргізеді және бақылайды;
- Емдеу – алдын алу мекемелерінде (перзентхана, хирургия бөлімшелерінде және т.б) эпидемияға қарсы тәртіптің орындалуына бақылау жүргізеді:
- Қоршаған ортаның гелминттермен ластануына тексеру жүргізеді;
- Апат, аса қауіпті және карантиндік инфекциялардың ошақтарында санитария – гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастырады және жүргізеді;
- Халық арасында санитариялық – ағарту жұмыстарын жүргізеді;
- Халықты гигиенаға үйрету және тәрбиелеу, салауатты өмірсалтын насихаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.