0 дауыс
8.6k көрілді
Ғылыми зерттеу жұмысының түрлері қандай ? Ғылыми жұмыстың безендіру түрлері, тәртіптері қандай болады ?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Ғылыми-зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ) – қол жеткен білімдерді кеңейту және жаңа білімдер алу, ғылыми топшылауларды тексеру, табиғат пен қоғамда көрініс табатын заңдылықтарды анықтау, жобаларды ғылыми тұрғыда жинақтап қорытындылау, ғылымды негіздеу мақсатындағы зерттеулер, тәжірибелер жүргізумен, ғылыми ізденістермен байланысты ғылым сипаттағы жұмыстар, талдамалар.

ылыми зерттеулер мына түрлерге жіктеледі:

1) қоғамдық өндіріске байланысы жағынан

2) қаржыландыру көздеріне байланысты

3) мақсатына байланысты

4) халық шаруашылығына қажеттілігіне байланысты

5) зерттеу ұзақтығына байланысты

Қоғамдық өндіріске байланысы жағынан ғылыми жұмыстар мына жұмыстарға жіктеледі: жаңа технологиялық үрдістер, машиналар, құрылыстар, өндірістің тиімділігінің артуы, еңбек шартының жақсаруы, жеке адамның тұлға болып дамуы және т. б.

Қаржыландыру көздеріне байланысты ғылыми зерттеулер:

-         мемлекеттік бюджетті

-         өндірісті-келісімдік

-         қаржыландырылмайтын

Мемлекеттік бюджетті ғылыми зерттеулер мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылады.

Өндірісті-келісімділік зерттеулері өндірісті келісім-шарт негізінде тапсырыс беруші мекеме қаржыландырылады.

Қаржыландырылмайтын зерттеулер келіссөз туралы келісім-шарт негізінде орындалады.

Ғылыми зерттеудің мақсатына байланысты 3 түрге бөлінеді:

1)    бастамалы

2)    қолданбалы

3)    өндірулер

Бастамалы зертеулер табиғаттың жаңа заңдары мен принциптерінің пайда болуына негізделеді. Олардың мақсаты қоғамның ғылыми білімінің артуына себепші болу. Мұндай зерттеулер белгілі және белгісіздік шекарасында жүргізіледі.

Қолданбалы зерттеулер табиғат заңдарының жаңа тәсілдерін анықтаумен және салаларда қолданысымен байланысты.

Мақсаты – адам кәсібінде практикасында бастамалы зерттеулер нәтижесінде ғылыми білімнің қолданылуы. Қолданбалы зерттеулер нәтижесінде ғылыми түсінік негізінде техникалық түсінік пайда болады. Қолданбалы зерттеулер өз кезегінде 3 түрге жіктеледі:

1) іздеу

2) ғылыми зерттеу

3) жобалы-құрастырушылық жұмыстар

Іздеу жұмыстары объектіге әсер ететін факторларды қалыптастыруға, жаңа технология мен техниканың пайда болуына бағытталған.Ғылыми-зерттеу жұмыстары жаңа технология, зерттеу құрал-жабдықтарын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.

Жобалы-құрастырушылық жұмыстар логикалық жобаны сипаттайтын құрастырулардың пайда болуын қадағалайды.

Қазақстан Республикасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының жоғарғы ғылыми мекемесі - елдің барлық жоғарғы оқу орындары мен ғылыми мекемелеріне қоғамдық және жаратылыс ғылымы салалары бойынша ғылыми жұмыстарды іске асыратын ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы болып табылады.

ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы тікелей ҚР Үкіметіне бағынышты. Академия мүшелерінің жалпы жиналысы олардың жоғарғы органдары болып табылады. Төрт жылда бір рет жалпы жиналыс академия жұмысынажетекшілік жасайтын Президентті, Президиумды тағайындайды.

Осы мақсатқа сәйкес Президиумда барлық ғылыми-ұйымдастыру жұмыстарын қамтамасыз ететін ұйымдар құрылған. ҚР Ұлттық Ғылым Академиясына өндіріс салаларының ғылыми-техникалық прогресстік жағдайына тікелей әсер ететін, ғылымның маңызды бағыттарын зерттеуді орындап отыратын бірқатар ғылыми-зерттеу институттары бағынады.

...