0 дауыс
8.6k көрілді
1. Дене жылдамдығының уақытқа тәуелділік теңдеуі vх = 4 +5t. Осы теңдеуге сәйкес келетін орын ауыстыру проекциясының теңдеуін көрсет.
2. Дене 2м/с2 үдеумен түзусызықты қозғала отырып, 10 с ішінде 110 м жол жүрді. Дененің бастапқы жылдамдығы қанша?
3. Дене радиусы R = 10 м-ге тең шеңбер бойымен аτ тұрақты жанама үдеумен қозғалады. Егер осы шеңбер бойымен 5 рет айналмалы қозғалыс жасағаннан кейін сызықтық жылдамдық v = 79,2 см/с-қа тең болса, онда аτ тангенциалды үдеу неге тең болады?
4. Екі параллель теміржолда ұзындығы 660 м болатын жүк пойызы 54 км/сағ жылдамдықпен және ұзындығы 180 м болатын жолаушылар пойызы 72 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалады. Егер пойыздар бір бағытта қозғалатын болса, онда бір пойыз екіншісінін қасынан қанша уақытта жүріп өтеді?
5. Белгі беру ракетасы 40 м/с жылдамдықпен көкжиекке 15° бұрыш жасай жіберілді. Оның ұшу қашықтығын анықта. (g = 10 м/с2)
6. Массасы 2 т автомобильді қатаңдығы 105 Н/м тростың көмегімен 0,25 м/с2 үдеуімен тартады. Үйкеліс жоқ. Трос қаншаға ұзарады?
7. Массасы 8 т ғарыш кемесі 500 м қашықтықтағы массасы 20 т орбитадағы ғарыш станциясына жақындады, олардың өзара тарту күшін есепте.
8. Ұзындығы 2 м және массасы 3 кг шыбықтың ортасынан және оған перпендикуляр өтетін оське қатысты инерция моментін анықта.
9. Инерция моменті 40 кг ∙ м2 сермер тұрақты 30 рад/с бұрыштық жылдамдықпен айналады. Сермерді 20 с кейін тоқтататын тежеуші моментті анықта.
10. Массасы 100 г материалдық нүкте шеңбер бойымен модулі 10 м/с жылдамдықпен бірқалыпты қозғалып барады. Периодтың төрттен біріндегі импульс өзгерісін тап.
11. Су көлденең қимасының ауданы 4 cм2 құбырға v жылдамдықпен келеді. Құбырдың екінші шетінде көлденең қима ауданы 1,2 есе артатын болса, су құбырдан қандай жылдамдықпен ағып шығады?
12. Ұшақтың массасы 2,0 ⋅ 106 кг, қанаттың астындағы ауа 100 м/с жылдамдықпен ағады. Ұшақ қанатының ауданы 1200 м2. Ұшақ ауада тұрақты биіктікте ұшуы үшін оның қанатының үстінен ауа қандай жылдамдықпен ағуы қажет? ρауа = 1,29 кг/м3

2 жауап

0 дауыс

1)Vx=4+5t. 

v0 = 4 м/с
a = 5 м/с2
Осы теңдеуге сәйкес келетін орын ауыстыру проекциясының теңдеуі = v0*t +at^2/2 = 4t +5/2*t^2 = 4t +2.5t^2

0 дауыс

2)Дене 2м/с2 үдеумен түзусызықты қозғала отырып, 10 с ішінде 110 м жол жүрді. Дененің бастапқы жылдамдығы қанша?

3)Дене радиусы R = 10 м-ге тең шеңбер бойымен аτ тұрақты жанама үдеумен қозғалады. Егер осы шеңбер бойымен 5 рет айналмалы қозғалыс жасағаннан кейін сызықтық жылдамдық v = 79,2 см/с-қа тең болса, онда аτ тангенциалды үдеу неге тең болады?

...