Табиғатты және қоғамдық өмірді зерттеуді талдаусыз жүргізу мүмкін емес. Талдау дегеніміз заттың немесе құбылыстың ішкі мәнін түсіну мақсатында оның құрамдас бөліктерге (элементтерге) бөлінуі. Мысалы, автокөлікті басқару үшін оның неден тұратынын білу қажет: бөлшектерін, торабын, олардың атқаратын міндеті мен әрекет ету қағидаларын және т.б. Бұл жағдай экономикалық құбылыстар мен үдерістерге де қатысты. Дәл осындай пайданың мәнін түсіну үшін оны табудың негізгі көздерін, сондай-ақ, оның шамасын анықтайтын факторларын білу қажет. Оны неғұрлым терең бөлшектеп зерттеген сайын қаржылық нәтижені қалыптастыру үдерістерін тиімдірек басқаруға болады. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.
Экономикалық талдау – бұл құрамдас бөліктерге бөлінуіне негізделген экономикалық құбылыстары мен үдерістердің мәнін танып білудің ғылыми тәсілі және олардың байланыстар мен тәуелділіктерінің әр алуандығын зерттеу.
ШҚТ мазмұны кәсіпорынды басқарушылық жүйесінде негізгі орынды алатын, өзі орындайтын функциялары мен рөлінен туындайды. Басқару- шылық жүйесі өзара байланысты келесідей жоспарлау, есеп пен бақылау, шаруашылық қызметті талдау және басқарушылық шешімді қабылдау сияқты функциялардан тұрады.
ШҚТ басқарушылық функциясы ретінде өндірісті жоспарлау мен болжаумен тығыз байланысты, өйткені бұл функцияларды терең талдау жасамай жүзеге асыру мүмкін емес.
Талдаудың бұл функциясы – жоспардың орындалуын бақылау және дайындау, оларды негіздеу үшін ақпараттар – нарықтық экономикада күшейеді, өйткені сыртқы ортаның белгісіздік және құбылмалы жағдайында ағымдағы және болашақтағы жоспарларға түзету енгізуді талап етеді
Қазіргі уақытта өндірісті басқару құралы ретінде талдаудың рөлі артуда. Бұл әр түрлі келесі жағдайлармен негізделген:
- өндірістің капиталсыйымдылығы мен ғылыми сыйымдылығының артуымен, шикізат құны мен оның тапшылығының өсуімен байланысты өндіріс тиімділігін арттыру қажеттілігімен;
- басқарудың әміршілдік-әкімшілдік жүйесінен шығып, нарықтық қатынастарға өтумен;
- экономиканы мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелен- дірумен және басқа да экономикалық реформалардың іс-шараларымен байланысты.
Шаруашылық субъектісінің ШҚТ негізгі мақсаттары:
1. Экономикалық заңдар әрекетінің сипатын зерттеу, кәсіпорынның нақты жағдайында экономикалық үдерістер мен құбылыстардың үрдістері мен заңдылықтарын бекіту.
2. Ағымдағы және болашақтағы жоспарларды ғылыми негіздеу. 3. Ресурстарды үнемді пайдалануды, басқарушылық шешімдері мен жос- парлардың орындалуын бақылау. 4. Шаруашылық қызмет нәтижесіне сыртқы және ішкі, субъективті және шынайы факторлардың ықпалын зерттеу.
5. Алдыңғы қатарлы тәжірибені және ғылым мен тәжірибенің жетіс- тіктерін зерттеу негізінде кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру резервтерін іздеу.
6. Экономиканың даму деңгейіне және бар мүмкіндіктерді пайдалануға, өнім мен қызмет нарығында оның жағдайын анықтауға қол жеткізген жоспарларды орындау бойынша кәсіпорын қызметінің нәтижесін бағалау. Шынайы диагностикалау бизнес-үдерісті басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
7. Анықталған резервтерді пайдалану бойынша нұсқаулар жасау.
Мында толық мәлімет берілген: https://www.uniface.kz/index.php?post=article§ion=3&id=399