Интернет арқылы ақша табуға бола ма, жоқ па деген сауалдың басы ашық. Бүгінде миллиондаған адамдар интернет арқылы жақсы табыс тауып, тіпті соны негізгі кәсібі етіп алғандығы осыны айғақтайды. Интернет-бизнесмен деп аталатын бұл кәсіптің иелері үйінде компьютердің алдында отырып қомақты ақша табуда.
Блогымызда интернет арқылы ақша табудың бірқатар тәсілдері туралы жазған болатынбыз. Бүгін рунет, яғни орыс тілді интернетте кең таралған, миллиондаған адамдар қолданып, жақсы табыс тауып жүрген Glopart (глопарт) жобасы туралы әңгіме етпекпіз.
Ақша табудың сенімді түрі – өз ақпарат тауарларыңызды шығару.
ХХІ ғасырды ақпарат ғасыры деп тектен текке айтып жүрген жоқ. Ақпаратты иеленген адам қазір бәрін де иелене алады. Яғни, ақпарат ең өтімді және пайдалы тауар болып саналады. Сондықтан, ғаламтор арқылы ақша табамын десеңіз ақпарат тауарларын жасауға маманданыңыз.
Ақпарат тауарын қалай жасауға болады? Әрбір адам белгілі бір саланың сарапшысы (эксперті) сияқты. Мәселен, сіз гитараны жақсы тартатын болсаңыз, өзіңіз жақсы білетін осы өнер түрі туралы ақпарат тауарын жасай аласыз. Ол үшін гитараны қалай тартып, үйренуге болатындығы жайлы бейнесабақ түсіресіз. Оны арнайы бейнекамера арқылы, болмаса ұялы телефонмен де түсіруге болады.
Міне, сол гитара тартуды қадамдап үйрететін түсірілімді ақпарат тауар ретінде сатуға шығарыңыз. Оны, тіпті дискіге жазудың да қажеті жоқ. Жоғарыда аталған глопарт қызметі арқылы сіз еш қиналмастан ақпарат тауарыңызды сата аласыз. Глопартта ақшаны алу, ақша аудару қызметі өте жақсы жолға қойылған.
Бейнекурстармен бірге сіз электронды кітап түрінде де өз ақпарат тауарыңызды жазып, сата аласыз. Мәселен, бауырсақ немесе басқа кондитерлік өнімді пісірудің рецептерін, болмаса балық аулау тәсілдеріне арналған электронды кітап шығаруыңызға болады. Мұның бәрі ақпарат тауарлары.
Егер ақпарат тауарларыңыз жоқ болса…
Егер сіздің ақпарат тауарларыңыз жоқ болса немесе оны дайындау амалдарын білмесеңіз, онда қалай ақша табуға болады? Глопарт қызметі арқылы кез-келген адамның ақша табуына мүмкіндік бар. Ол үшін сіз глопартқа тіркеліп, серіктестік (партнерлік) бағдарлама бойынша басқа интернет кәсіпкерлердің ақпарат тауарларын сата аласыз.
Интернет кәсіпкерлер сізге қуана-қуана өз тауарларын сатуға береді. Сол үшін сіз тауардың 30-50, тіпті онан да жоғары пайызы көлемінде комиссия ақысын алып отырасыз. Глопартта ақпарат тауарлары өте көп және күн сайын жаңа тауарлар түсіп отырады. Яғни, сіз өз қалауыңызша кез келген ақпарат тауарын таңдап алып, сата аласыз.
Тек әріптестік бағдарламаға қатыса отырып, өзгелердің тауарларын сату арқылы күректеп табыс тауып жүргендер көп. Сондықтан, бұл бүгінде көптеген адамдардың қосымша, тіпті негізгі табыс көзіне айналуда.
Глопарт сервисіне қалай тіркелуіге болады?
Тіркелудің еш қиындығы жоқ және ол тегін жүргізіледі. Сіз мына сілтеме http://glopart.ru/invite/95472 арқылы сервиске оңай тіркеле аласыз. Сілтемені басқан соң ашылған беттегі «попробовать бесплатно» деген кнопканы басу қажет. Содан кейін жаңа ашылған беттегі терезеге өзіңіздің электронды поштаңызды жазып, «далее» дегенді басыңыз. Онан әрі тіркелуге арналған бет ашылады, соны толтырған соң сіз глоапрт сервисінің клиенті болып табыласыз.
Бүгінде орыс тілді интернетте миллиондаған адамдарға күнкөрістік жұмыс тауып беріп, жақсы табыс табуға мүмкіндік жасап отырған глопарт сервисіне тіркеліп, бағыңызды сынап көріңіз.
Толығырақ: https://akikat01.com/internet-ar%d2%9byly-a%d2%9bsha-tabu/