Нәтиженің дәлме-дәлдігіне және дұрыс болуына қан алу техникасы, қолданатын аспаптар (интелер, скарификаторлар және т.б.), пробиркалардың тазалығы, сонымен бірге сақталу және тасмалдау тәртібі ықпалын тигізеді.
Талдау алдындағы кезеңді стандартқа келтіру - стандарттық коммерциялық керекті заттардың қолдануымен, биосынамалардың алыну және сақталуымен, стандарттық реактивтердің және диагностикум жүйелерімен байланысты, себебі олар зерттеулердің дәлме-дәлдік деңгейін жоғарылатады.
Жалпы клиникалық талдауға науқастан қанды саусақтан, венадан, құлақтың ұшынан, нәрестелерден - өкшеден алынады. Қан таңертен ашқарынға, түрлі диагностикалық процедуралардың, дәрі-дәрмектердің қабылдау алдында, күш түспеген кезде) алынғаны жөн. Қанды резинкалық қолғаппен, асептикалық тәртіптерін сақтап алынады. Капилярлы қан бір рет қолданатын зарарсыздандырған скарификатор-инелері қолданылады. Гематологиялық зерттеулерге қан 3 әдісті қолдануға болады:
1. Саусақты тескен соң бір-неше қан тамшысын (3-4 тамшы) сағат немесе затты әйнекшесіне немесе пластик планшетінің қуысына тамызып, араластырып зерттеуге қолданады.
2. Қанды натрий цитратымен өңделген Панченков капилярына алып,
қолдануға болады.
3. Саусақты тескен соң бір-неше 6-8 қан тамшысы пластик пробиркасына
(К2ЭДТА немесе К3ЭДТА – трилон Б 1 мл қанға 1,5-2,2 мг есебімен).
Сынама алынған соң,пробиркадағы қанды 10 рет төңкеріп араластыру керек. 1 мл қанға 1,5-2,2 мг .
Зертханада 1 немесе 2 әдістер қолданса, онда келесі ерітінділер жасалады:
- 4 мл 0,9% натрий хлоридтің изотониялық ертітіндісі – эритроциттердің санын анықтауға;
- 5 мл трансформатор ертіндісі – гемоглобинді анықтауға;
- 0,4 мл 3% сірке қышқыл ертіндісін – лейкоциттерді есептеуге;
- 5% 3-ауыстырылған натрий цитраты Панченков капилярына 50 белгісіне дейін немесе комерциялық пробиркаларды буферге дайындарған 3,8% Nа цитратымен – бұл 12 сағат эритроциттерді сақтайды және ЭТЖ-ні анықтауға қолданылады.
Қанның зерттелуі эритроциттердің сұйылтуынан басталады (себебі басқа ертінділер эритроциттерді гемолизге ұшыратады).
Лейкоциттердің формуласын, эритроциттердің, лейкоциттердің, тромбоциттердің морфологиясын анықтауға қан жағындысы дайындалады: тесілген бармақтан бірінші қан тамшысы құрғақ мақта томпонымен сүртіледі, сонан соң құрғақ майсыздырылынған заттық әйнектің үстіне қан тамшысы тамызылады, тездетіп жұқа жағынды жасалады.
Вена қаны. Гематологиялық зерттеулерге венадан қанды антикоагулятпен өңделген
пластик пробиркасына құйылады. Ең қолайлысы стандарттық ваккумды пробиркалары - вакутейнерлер – олар стандарттық жүйеде керекті қан мөлшерін тартып алады және биоқауіпсіздікті сақтайды. Педиатрияда микроәдістер қоланылады, сондықтан қан арнайы микрокапиллярларға немесе микропробиркаларға алынады.
Толығырақ: https://helpiks.org/7-42554.html