"Ел аузынан" кітабынан
Не тәтті?
Жиренше шешен бір күні жолда келе жатып алдынан қарсы кездескен бір баладан:
- Дүниеде бәрінен не тәтті, балам? – деп сұрайды.
Сонда бала:
- Бал тәтті, - деген екен.
- Ал жүмсақта не жұмсақ?
- Мамық жұмсақ.
- Қаттыда не қатты?
- Тас қатты.
Бұл баланың жауабын тыңдап түрған екінші бала: «Осы сұрақтарыңызға мен жауап беріп көрейін, рұқсат етіңіз», - деп өтінеді.
- Ал айта ғой, балам, не тәтті? – дейді Жиренше шешен.
- Ананың сүті, - деп жауап беріпті бала.
- Не жүмсақ?
- Ананың қолы!
- Ал енді не қатты? – деп сұрағанда.
- Атаның жүрегі, - деген екен.
Шешен екінші баланың жауабына риза болып, батасын беріпті.