0 дауыс
1.2k көрілді
Астана қаласының солтүстік ендігі қанша?

Астана қаласының оңтүстік ендігі қанша?

1 жауап

0 дауыс

Бір уақытта КПСС ОК бас хатшысы Никита Хрущевтың идеясы өмірге енбей қалып еді - астықты өңірлің ресми астанасы ретінде қала болмады. Бірақ ол қазір Тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасы бола білді. Осы жоғары мәртебені қалаға күтуге, тарихи шамамен қарасақ, аз уақыт қана қалып еді. 1992 жылы Целиноград қайта Ақмола атана бастады. Ал 1994 жылғы 6 шілдеде Қазақстан Республикасы Жоғары кеңесінің астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулысы қабылданады.

1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдайды. Ол қаланың ел ортасында тиімді геосаяси орналасуымен, ірі көлік жолдарының қиылысында орналасуымен, қажетті көліктік және телекоммуникациялық инфрақұрылымдардың болуымен, астананы дамыту үшін бос жерлердің болуымен негізделді. Қалада ол кезде 319 мың адам болды. Қала аумағы 1997 жылы 258 км.м болды, ал бүгінде Астана 710,2 км.км құрайды.

1998 жылы алтыншы мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес Ақмола Астана болып аталатын болды. 1998 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Қазақстан астанасына медаль беріліп «Әлем қаласы» жоғары атағы берілді. Бүгінгі күні Астана - қазіргі заманның саяси, экономикалық және әлеуметтік - мәдени проблемалар бойынша түрлі кездесулер өткізілетін, көптеген шетелдік инвестициялар тартылатын, сәулет өнерінің біртуар туындылары көтерілетін және ең батыл идеялар өмірге енетін еуразиялық кеңістік орталығы.

http://www.astanahost.kz/ - сайты

...