Ауадағы, судағы, топырақтағы, өсімдіктердегі зиянды заттектерді нормалау
Атмосфералық ауа:
ШРКжз –жұмыс зонасының ауасындағы зиянды заттектердің шекті рауалы концентрациясы, мг/м3. Ол сегіз сағаттық жұмыс күндік немесе ұзақтығы басқа мерзім ішінде (демалыс күндерісіз), яғни аптасына 40 сағаттан аспайтынувқыт аралығында, қызмет істеген барлық жылдар бойы қазіргі және кейінгі буындардың денсаулығын бұзбайтын концентрация мөлшері. Жұмыс зонасы деп қызметшінің тұрақты немесе уақытша еденнен немесе жерден биіктігі 2 м- ге дейінгі кеңістікте болатын орнын айтады. Ластағыш заттектердің класын осы көрсеткішке сүйеніп анықтайды. Қауіптілік класы ШРКжз мағынасына қарай 4 топқа бөлінеді:
1 класс (ШРКжз‹ 0,1 мг/м) – айрықша қауіпті ,
2 класс (ШРКжз ═0-1 мг/м )- жоғары қауіпті ,
3 класс (ШРК ═ 1- 10 мг/м) – орташа қауіпті;
4 класс (ШРКжз ═› 10 мг/м3 ) –болымсыз қауіпті. -ШРКм.б –елді мекеннің ауасындағы заттектердің шекті рауалы максималды бір жолдық концентрациясы, мг/м3. Бұл концентрация ауаны 20 минуттай жұтқанда адам организмінде рефлекторлық реакцияны туғызбауы қажет. - ШРКо.т - елді мекеннің ауасындағы улы заттектердің шекті рауалы орташа тәуліктік концентрациясы, мг/м3 . Зиянды агенттің адам организміне өткенде (демалу, тамақпен бірге және т.б) оларға әлі құртатындай ықпал жасамайтынең көп мөлшері.
Топырақ:
Топырақтағы ластағыш заттектер үш бағытта нормаланады:
1) ауыл шаруашылығында пайдаланатын жердің егістік қабатындағы улы химикаттардың мөлшері;
2) кәсіпорынның территориясындағы улы заттектердің жинақталуы;
3) елді мекендердің, көбінесе тұрмыстық қалдықтар сақтайтын жер топырағының ластануы. Егістік қабаттағы улы химикаттарды нормалауға екі көрсеткіш қолданылады . шекті рауалы концентрация (ШРК1) және уақытша рауалы концентрация (УРК1). - ШРК – топырақтың егістік қабатындағы заттектердің шекті рауалы концентрациясы, мг/кг. Бұл концентрация адамның денсаулығына және 3 топырақтың өздігінен тазалану қабілетіне тікелей немесе жанама түрде қолайсыз әсер тигізбеуі қажет. - ШРК, (РҚМ) – азық – түлік өнімдеріндегі заттектердің шекті рауалы концентрациясы (рауалы қалған мөлшері), мг/кг. ШРК белгілеу үшін қарастырылып отырған заттектің фондық концентрациясы, оның физикалық – химиялық қасиеті, тұрақтылығы, улылығы туралы мәліметтер қолданылады.
Сонымен тәжірибе арқылы келесі мәліметтер анықталады:
- топырақтағы заттектің шектік рауалы концентрациясы, бұл мөлшер деңгейінде оның тағамдық және жемдік өсімдіктерге өтетін көлемі кейбір рауалы қалдықтық мөлшерден аспауы қажет, басқаша айтқанда, тамақ өнімдеріндегі ШРК-дан,
- заттек топырақтан ауаға ұшқанда олардың мөлшері ауа үшін белгіленген ШРК-дан аспайтын рауалы концентрация (ұшатын заттектер үшін);
- микроорганизмдерге және топырақтың өздігімен тазалану процесіне әсер етпейтін рауалы концентрация. Қарастырылған көрсеткіштердің ішіндегі ең қатаң шартты түрде қабылданатын ШРК1, топырақтарды зияндық сапаларына қарай салыстырғанда негізгі болып қолданылатын да тек осы көрсеткіштің өзі ғана.
Егерде әртүрлі орталар үшін ШРК шамасы белгіленбеген болса, онда уақытша гигиеналық норматив – заттектердің уақытша рауалы концентрациясы УРК тағайындалады. Уақытша норматив белгілі мерзімге (2-3 жылға) белгіленеді. Оны есептеу арқылы анықтайды.
Сулы орта:
- ШРК – шаруашылық ауыз су мен мәдени – тұрмыстық жағдайға қолданатын су қоймаларындағы заттектердің шекті рауалы концентрациясы, мг/л. Бұл концентрация адамныңбүкіл ғұмыры ішінде оның мүшелеріне тікелей немесе жанама әсерін тигізбеуі, сонымен қатар келесі ұрпақтардың денсаулығына да және қолданатын судың гигиеналық жағдайын да төмендетпеуі қажет;
- ШРК балық суларында – балық шаруашылығында қолданылатын суаттардың суындағы заттектердің шекті рауалы концентрациясы да белгіленеді.
-Судың интегралдық көрсеткіштері:
ОБҚ – оттекке биологиялық қажеттілік – сынау инкубациясының белгілі уақыт ішінде (2, 5, 20, 120 тәулік) органикалық заттектердің (нитрификация процесін кіргізбегенде) биохимиялық тотығу (ыдырау) процестеріне пайдаланылған оттектің мөлшері, мг О2/л суға (ОБК5 -5 тәулік, ОБҚ20 тәулік ішінде);
ОХҚ – оттекке химиялық қажеттілік – судағы барлық тотықсыздандырғыштарды тотықтыруға қажетті, яғни тотықтырғыштың жұмсалатын мөлшеріне эквивалентті, оттектің мөлшері (бихроматты әдіспен анықталады), мг О2/л суға.
ОБҚ/ОХҚ қатынастарына қарап отырып, заттектердің биохимиялық тотығуының тиімділігін айтады.
Су объектілеріндегі судың құрамы мен қасиеті өзен жармасындағы немесе ақпайтын су қоймаларындағы су алатын нүктеден радиусы 1 км – дей жердегі нормативтерге сәйкес болуы керек Заттектердің шектік рауалы концентрациясының шамасы әртүрлі болады, ол суды қолдану категориясының түріне байланысты келеді.
Мысалы, шаруашылық- ауыз су және мәдени- тұрмыстық жағдайға қолданылатын су объектілерінің суында хлорорганикалық қосылыстың – гексахлоранның мөлшері 0,1 мг/л шамасында болуға рұқсат беріледі, ал балық шаруашылығына пайдаланатын су қоймаларының суларында бұл заттек мүлде болмауы қажет. Бұл заттектер организмнің ішіне түскенде ғана қолайсыз әсер тигізсе, екіншілері сырттай ұштастырылғанның өзінде зиянды әсерін тигізеді, осыған байланысты іс-жүзінде әртүрлі шектеулер қолданылады. Мысалы, санитарлық шектеулерге сәйкес бір заттектердің суда болуы шомылу мен жуынуды шектейді, ал санитарлық-гигиеналық шектеу басқа заттектердің болуына қарай оны ішуге және тамақ пісіруге лимиттейді. Сондықтан, ШРК-мен қатар су объектілеріне басқа шектеу нормативі – зияндылықты лимиттеу көрсеткіші (ЗЛК) қолданылады. Ол суды сандық жағынан емес, тек судың сапасына қойылатын талаптарды сипаттайды. ЗЛК үш түрге бөлінеді:
- санитарлық- токсикологиялық (заттектердің адам организмін және су жануарларын уландыруын сипаттайды);
- жалпы санитарлық (заттектің су объектісінің жалпы санитарлық жағдайына, сондай –ақ өздігімен жүретін процестердің жылдамдығына тигізетін әсерін сипаттайды);
- органолептикалық (заттектің судың органолептикалық қасиетін – иісін, дәмін, түсін, көбіктенуін өзгерту қабілетін сипаттайды, яғни адамның сезім мүшелерімен бағаланатын қасиеттер).
Ауыз суға және шипалылығын пайдалануға бағытталған сулар негізгі 11 көрсеткіштермен нормаланады. Қазіргі кезде 1200- дей улы заттектерге ШРК белгіленген. Адамның денсаулығының төмендеп, ауруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру қажет. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы 40 бойынша, денсаулық дегеніміз – бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық. Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы 50-52%-ы - өмір сүру салтына, 20-25%-ы – тұқым қуалау факторларына, 18-20%-ы – қоршаған ортаға, ал 7-12% ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады. Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн.-нан астам заттар шығарылған. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаған жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксенобиотиктер, яғни адам мен басқа тірі ағзалар үшін бөтен заттар. Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі трансформациялармен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, бір типті тұрғын жерлерге және т.б. яғни «үшінші табиғатқа» айналуына байланысты. Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физико – химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік – экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік – экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стресстік құбылыстар арқылы әсер етеді.
Ауру мен өлімнің қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі жекелеген мемлекеттер мен аймақтар мысалынан көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын дүние жүзінде шамамен 500 мың адам цестидцидтермен уланады және оның 5 мыңы өліммен аяқталады. Мұндай құбылыстар әдетте «үшінші әлем» 41 елдерінде жиі кездеседі.
АҚШ-пен салыстырғанда бұл елдерде улану 13 есе артық. Американ ғалымдарының мәліметтері бойынша барлық қатерлі ісік ауруларының 90%-ы қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне байланысты. ФРГ-де соңғы 10 жылда қатерлі ісікпен ауыратындардың үлесі ер кісілерде 15-тен 23%- ға дейін, ал әйелдерде 17-ден 25%-ға дейін артқан. Аурулар индустриалды және ластанған аудандарда жиі кездеседі.
Балалардың жалпы ауруларына әсер ететін күшті фактор көміртегі тотығы мен шу болып табылады. Ғалымдардың мәліметтері бойынша СО-ның молшері 6,5-тен 12 ПДК-ға көтерілуі балалардың ауруларының 2 есе, ал акустикалыққолайсыздықтың 8-ден 20%-ға артуы – 14 есеге артуына әкеледі. Арал аймағы экологиялық апат аймағы болып табылады. Бұл аймақ аурулар мен өлімдердің жоғары болуымен сипатталады. Мысалы Өзбекстанда балалар өлімінің жиілігі туылған мың балаға 87-ден келеді, ал Скандинавия елдерінде 7-8, Жапонияда – 5.