0 дауыс
5.8k көрілді

1. Импульстың сақталу заңы қай кезде орындалады?

2.Егер массасы тұрақты дененің жылдамдығы

2 есе азайса,онда оның кинетикалық энергиясы

қалай өзгереді?

3.Тік жоғары лактырылған доптың потенциалдық

және кинетикалық энергиясы оның ұшуы барысында

қалай өзгереді?

1 жауап

0 дауыс

Ньютон  заңдарының  көмегімен  денелердің  қозғалысы  мен  өзара  әрекеттесуіне  қатысты  мәселелерді  шешуге  болады. Көптеген  практикалық  сипаттағы  мәселелерді  шешу  үшін  белгілі  бір  жағдайларда  сақталатын  физикалық  шамалар  қолданылады.Денелердің  механикалық  қозғалысын  сипаттайтын  осындай  физиклық  шамаларға  дене  импульсі  және  күш  импульсі  жатады.

Дене  импульсі- дене  массасы мен жылдамдығының  көбейтіндісіне тең  физикалық  шама:

                       

Дене  импульсі- векторлық  шама ,  себебі  жылдамдық  векторлық  шама  болғандықтан  оның  дене  массасына  көбейтіндісі де  векторлық  шама  болады. Импульс  жылдамдықтың  бағытымен  бағытталады,SI жүйесіндегі  бірлігісекундына  килограмм  метр(кг*м/с).

Уақыттың ∆t аралығы  ішінде F күшінің  әрекеті  салдарынан  дене  импульсі  өзгереді:

                   

Мұндағы ∆ ― дене  импульсінің  өзгерісі.шамасын күш  импульсі  деп  атайды.

Күш  импульсі де векторлық  шама  б.т. Күш  импульсі  векторының  бағыты  әрект  етуші  күш  бағытымен  сәйкес  келеді. Күш  импульсінің SI-дегі  бірлігі-ньютон *секунд(Н*c)

    Бұл  ұғымдарды  пайдалана  отырып, Ньютонның екінші  заңын  импульстік түсінік  тұрғысынан  юлайша  тұжырымдауға  болады:дене  импульсінің  өзгерісі  күш  импульсіне  тең.

Импульс  денелердің  өзара  әрекеттесуі кезінде  сақталатын  біренсаран  физикалық  шамалардың  қатарына  жатады.

Бір дене екінші  денені  қозғалысқа келтірсе,  онда ол  екінші денеге  қанша қозғалыс  берсе, сонша  қозғалысын жоғалтады.

  Екі  немесе  оданда  көп дене бір-бірімен өзара  әрекеттескенде, сан  алуан өзгерістер  болуы  мүмкін.Мысалы, зеңбіректен салют снарятарын атқанда, оның сынықтары жан-жаққа  ұшады да, бұрынғыдан еш  нәрсе  қалмайтындай  көрінеді. Сынықтардың түсі, пішіні,орны  және  жылдамдықтары өзгереді. Алайда  осы  құбылыстарда кейбір  шамалар(импульс)сақталады да  және  олар  басқа  өзгеретін  шамаларға  шектеулер қояды. Денелердің  өзара әрекеттесуі  кезінде  сақталатын шамаларды  табуға  бізге Ньютонның  заңдары көмектеседі.(42-сурет бойынша түсінік)

Жылдамдықтары ν 1,ν 2 ал  массалары m 1,m 2 болатын  2 шар өзара  әрекеттессін  делік. Өзара  әрекеттесу  күштері  Ньютонның  үшінші  заңымен  байланысады.

немесе

Мұндағы  және — шарлардың  бастапқы жылдамдықтары / және  шарлардың өзара  әрекеттескеннен  кейінгі  жылдамдықтары ∆t-өзара әрекеттесу  уақыт  аралығы.Өрнекті түрлендіріп  алатынымыз,

              m 1ν1+m 2ν2=m 1ν ́1 +m 2ν ́2

немесе

P 1+P 2=P 1́+P 2́

Алынған   теңдік  бойынша: өзара  әрекеттескенге  дейінгі  жүйе импульсі өзара әрекеттескеннен кейінгі  жүйе  импульсіне  тең.

Бұл- импульстің сақталу  заңы және  ол  былайша  оқылады:тұйық  жүйеде  өзара  әрекеттесетін  денелер  импульстерінің векторлық  қосындысы  өзгеріссіз қалады(сақталады)

Импульстің  сақталу  заңы  біз  қарастырып отырған  денелер  жүйесіне сырттан  ешқандай  күштер әрекет  етпесе  ғана  орындалады.

Толығырақ: https://www.tarbie.kz/34345

...