Сәлеметсәзбе! мен 2010 жылдан бастап мектепте мұғалімдік қызметтемін. Еңбек демалысынан кейін 2 ай толық жұмыс істеп, декреттік демалысқа шықтым. енді маған кезекті еңбек демалысы және сауықтыру ақшасы төлене ме? Еңбек демалысымның күні толық 56 күнтізбелік күн бола ма?
Жауап:
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 192-бабына сәйкес әйелге, қалауы бойынша, жүктiлiкке және босануға байланысты демалыстың алдында немесе тiкелей одан кейiн не балаға күтiм жасауға арналған демалыс бiткен соң жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi.
Кодекстің 104-бабына сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретiн жұмыс стажына:
1) нақты жұмыс iстелген уақыт;
2) қызметкер нақты жұмыс iстемеген, бiрақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе iшiнара сақталған уақыт;
3) қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығына, оның iшiнде жүктiлiгiне және босануына орай демалыста болған уақытына байланысты нақты жұмыс iстемеген уақыт;
4) қызметкер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс iстемеген уақыт қосылады.
Аталған жағдайда еңбек демалысының ұзақтығын жұмыс беруші толық немесе жоғарыда аталған стажға үйлесімді белгілеуге құқылы.
Сонымен бірге, Кодекстің 239-бабына сәйкес мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын азаматтық қызметшiлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы лауазымдық жалақысы мөлшерiнде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып берiледi. Азаматтық қызметшiлерге сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтiзбелiк жылда бiр рет төленедi.
Яғни, қызметкерге сауықтыруға арналған жәрдемақы еңбек демалысының ұзақтығына қарамастан толық мөлшерде төленуі тиіс.
Толығырақ: https://old.enbek.gov.kz/kk/node/274808