0 дауыс
8.2k көрілді
Біздің аула көңілді тақырыбына эссе жазу керек. Бүгін жазып берсеңіздер деген өтінішім бар?

1 жауап

0 дауыс

Туған қаламызды көрікті әрі таза ұстау - әр тұрғынның парызы. Қаламызда өз тазалығымен әрі, береке-бірлігі жарасқан тұрғын үй иелерінің айтуға тұрарлық тұстары да баршылық. Біздің түсірілім топ бүгін ең әдемі аулалардың бірінде болып, жергілікті тұрғындармен арнайы жүздесіп қайтты.

Сүйікті қаламыз Павлодар – Қазақстандағы ең көрікті әрі таза қалалардың бірі екендігін мақтан тұтамыз. Әйтсе де, сол тазалық пен әдеміліктің ар жағында  татулық пен бірліктің, тынымыз еңбектің жатқандығына аса мән бере бермейтініміз ақиқат. Егер әр азамат өзі туып өскен, тірлік кешіп жатқан үй-жайы мен ауласын, қала берді көшесін үлкен жүрекпен құрметтеп сүйе білсе, ол жер шынымен де жерұйыққа айналып шыға келері хақ. Бүгінгі кейіпкеріміз Наталья Тимошенко өз қаласын шексіз сүйетін патриот жандардың бірі. Ол үшін өн бойындағы өнері мен тынымсыз еңбектері сөйлей алады.

Наталья Тимошенко, өнерпаз:

Мен бұл істі 2012 жылдары бастадым. Зейнеткерлікке шыққан соң қолым босады. Балконнан  өз аулама көз тастап тұрып, шашылып жатқан әрі сұрқай түрі маған ұнамады. Содан ауладағы  балаларға ақысын төлеп, көмектерін сұрадым. Алдымен когалдандырып, кейіннен сәндей бастадым.

Өзге аулалардан оқшауланып көзге түсер бұл ауланың көркі – бірлігі мен тірлігі жарасқан тату-тәтті көршілер екендігін өнерпаз Натальяның өзі де мақтанышпен айтады. Ал еңбекқор әрі өнерлі тұрғынның әрбір туындысына құрметпен қарайтын көршілері қолдарынан келгенше әрбір атқан таңы мен кешін ертегі әлемінде өткізгендей боламыз деп ағынан жарылады. Өнерпаз Наталья қыс бойына пластик құтыларды жинап, небір әдемі туындыларын дүниеге әкелуден еш жалықпайды. Сөйтіп күн жылына бастағанда аула ішін тағы да сәндеп, ескісі болса жаңартып әлек болады. Ол тұрғындарына қуаныш қана сыйлауға жаратылған жүрегі кең жан ба дерсіз...Әрбір қала тұрғынына тілерім өмірді әдемілік пен тазалыққа өткізсе, - дейді кейіпкеріміз.

Наталья Тимошенко, өнерпаз:

Міне жуырда ғана біз тұрғындар сенбілік өткізіп, ауланы тазаладық. Бояп, сырлап жаңа өң бердік. Соңынан дәл аулаға дастархан жасап шай іштік.  Біз көршілермен өте тату-тәтті тірлік кешудеміз.

Толығырақ: https://pavlodartv.kz/kz/news/society/korikti-aula-konildi-turgyndar

...