«Қыз Жібек» Е.Г.Брусиловскийдің композиторлық мұрасында тарихи міндетті атқаратын маңызды шығарма есебінде ерекшеленеді: ол тек қазақтың тұңғыш операсы ғана емес, сондайақ қазіргі кəсіби шығармашылықта шоқтығы биік, ең үздік туынды болып табылады. Операны қабылдау дəстүрінде партитурасының, спектакілінің, таңқаларлық сахна көрінісінің пайда болуы мен туындау шартының таңғажайып тағдыры мен ортақ мəдениеттер контекстінде маңыздылығы байқалады.
«Қыз Жібектің» музыкатану талғамында қалыптасқан тарихы мен алуан түрлі көрсеткіші бар: мысалы, түрлі аспектілерден талданғаныменен зерттеуді талап ететін мəселелер жеткілікті, біздің ойымызша, ол тек субъективті фактордың басымдығы емес, зерттеу нысанына айналу спецификасынан белгіленген. Қазақ опера өнеріндегі өміршең шығарманың толық мағлұматы операның клавирінде бермейтіндігі туралы қалыптасқан пікірлерді құптай, оның қарапайымдылығы, тіпті кейбір қарабайырлығымен ерекшеленетіне қарамастан, негізінде ашылмаған көркемдік мəтінінің қырлары мен əлі де толығымен пайдаланылмаған қоры жеткілікті.
Осыған сүйене отырып, мəдениеттегі көркемдік мəтіннің өмірін жандандыруға бағыттайтын жəне оның мағыналық көкжиегін шағымдайтын сюжет уақығасын, дəстүрлі жанрлық жағдайын, кейіпкерлердің əрекеті мен мінез-құлқын, композицялық құрылыстың ерекшелігін зерттеу шеңберіне сұрыптап, опера мəтініне назар аударылды.
Операдағы сөз компонентерінің ерекше назарға алынуына бірнеше фактор септігін тигізді: біріншіден, ұлттық тақырып пен ойлау қабілеті ұштасқан ақын-драматург Ғабит Мүсіреповтің қаламынан шыққандығы себеп болды. Сөзсіз: өмірдің байырғы дəстүрлі құрылымдары мен оны қабылдауды либреттоның композициясы мен драматургиясында суреттеген жазушының сезімталдығы, талғамы арқылы алғашқы тараптан материалды құрастыруы шығарманың көркемдік ерекшелігі мен тартымдылығын белгіледі.
Екіншіден, «Қыз Жібек» операсы айрықша жанрлық табиғатымен, үшіншіден, оның анықталу дəстүрімен. Музыкатанушылардың жұмысында (əдеттегі «Айман – Шолпан», «Шұға» атты алғашқы музыкалық драмалық қойылымдармен салыстырғанда) «Қыз Жібекте» жетекші міндетті музыка атқаратыны баса айтылған. Оны келесі жолдар дəлелдейді:
«Кыз Жібектің» музыкасы əуендік дамудың ішкі динамикасымен белгіленетін, эмоционалды əсерді нақтылайтын күш есебінде Вл.Мессман:
«...Музыка в «Кыз-Жибек» отмечена внутренней динамикой мелодического развития, утверждающей силу эмоционального воздействия» – дейді; Л.И.Гончарова екі операны салыстыра «Қыз Жібек» ілгерідегі «Жалбыр» сынды диалогты опера, диалогты сөздер мен музыкалық номерлердің кезектесуінен құралған, бірақ негізгі мəнерлік құралы музыка болып табылатынын айқындап: «...Кыз-Жибек», как и в дальнейшем
«Жалбыр» – опера диалогическая, построенная на чередовании разговорных диалогов и музыкальных номеров, но главным выразительным средством в ней несомненно является музыка» – дейді;
Спектакльдің музыкалық драматургиясы басты кейіпкерлердің психологиялық ахуалына байланысты сипатталған мотивтеріне сүйенетіні туралы Б.Г.Ерзакович: «...Музыкальная драматургия спектакля опирается на мотивы главных персонажей, связанные с характеристикой психологического состояния героев» – дейді [1].
Е.Г.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсында негізгі жүргізуші күш – музыкасы болып, толық бағалы опера есебінде қабылдануына, оның музыкалық материалының ауқымды жəне жеткілікті деңгейде талданғандығы септігін тигізді: цитата есебінде пайдаланылған халық жəне халықтық-кəсіби дəстүрдің үлгілері (əн мен күйі) белгіленген, оның драматургиялық рөлі, əр кейіпкердің əн топтамасын ұсынатын музыкалық сипаттамасы айқындалған, операның ладтық гармониялық ерекшелігінің негізі зерттелген (ладтар, ладтық тональдіктердің ауысыпқұбылу тəсілдері, аккордтық құрылым, композитордың табиғи-ладтық гармонияны пайдалану нышандары жəне т.б.) [2].
«Қыз Жібек» операсындағы музыканың жаңа деңгейдегі сапасын ескере «...чисто музыкальное развитие и динамика во многом уступают динамике сюжетной и сценической, связанной с разговорной речью» [3] деген пікірді, яғни таза музыканың дамуы мен динамикасы сюжеттік жəне сахналық динамикасына байланысты сөйлеу мəнерінен кем түсетіндігін мойындауымыз қажет, себебі бұл факторлар арнайы еңбектерде қажетінше көрініс таппаған.
Сондықтан операның мазмұндық қырын тереңдететін маңызды бөлігі, тіпті оның драмалық көріністерінің дамуында бастапқы міндетті атқаратын сөйлеу эпизоттары (диалог пен ілікпе сөз) ерекше қызығушылықпен зерттеуге алынды.
Ақпараттық жəне маңызды құндылықты көптеген авторлық белгілер атқарады, олар нақтылы көріністерді түсіндіріп жəне анықтауда маңызды болғанына қарамастан əдетте талдау шеңберінен тыс қалады (сондай-ақ сөйлеу мəнері де). Қазақ тіліндегі сөздер қатарының аудармасы көлеңкеде қалғаны музыкатанушылардың интерпретациясында əртүрлі дəлелсіздіктерді тудырды, сол себептен, автор мəтініне ізденушілік қызығушылық арта түсті.
«Қыз Жібек» операсында ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы композиторлық шығармашылықтың (мысалы, Жаяу Мұса, Зілқара, Тəттімбет, Мұхит, Мəди, Ыбрай) айқын жекешеленген үлгілері, кейіпкерлердің мінезіне жəне уақиғаға сəйкес сұрыпталған халықтың əн мен күйін пайдаланып, дəстүрлі өнердің білімпаздары мен оны бағалай білетін өкілдері Құрманбек Жандарбеков, Күлəш пен Қанабек Байсейітовтер, Манарбек Ержанов атсалысып, Е.Г.Брусиловскийдің шығармашылық ықылысы мен сезімталдылықпен жүзеге асыруымен қатар, «қазақтың көшпенді тұрмысындағы рухани бастаулары мен əдет-ғұрыпы фольклордың эпикалық үлгісін» айқын бейнелей, «лирикалық-романтикалық поэманың» [4] бірінші бөлімінің негіінде шығарылған либреттоның мазмұны мен құрылысын ерекшелегеннің арқасында туындының эстетикалық феномені белгіленді.
Ғ.Мүсіреповтің шығармашылық үрдісі мен іскерлігінің нəтижесінде эпостың сюжеттік желісінің жаңа сюжетті-композициялық тұрғысында қайта құрылуы филологиялық жəне музыкатанушылардың əдебиеттерінде толық баяндалған [1; 5; 6]. Сондықтан бұл сұрақты қозғай бермей, музыкалық шығарманың өрістеу үрдісіндегі сюжеттің желісі қарастырылады.
Еуропаның эстетикалық қабылдау канонынан бас тартып, «Қыз Жібек» операсының сюжетіне ұлттық фольклорлы эпикалық сюжеттік байлам тарапынан алғанда алдымызда «батырдың қыз айттыруы» ұсынылған.
Дəстүрде қызды айттыру мотивтері қазақ эпос шығармаларында жиі кездеседі. Мысалы, Қамбар, қалмақ ханы Қараманмен қанды күреске түсу арқылы өзіне қалындықты аллады жəне Алпамыс өзінің қалмақ бəсекелестерін жеңгеннен кейін ғана Гүлбаршын деген зайыбы болады. Бұл сюжет Қыз Жібек туралы эпоспен сабақтасады. Төлегеннің інісі Сансызбай Көрен ханмен бəсекелестікте жеңіп, батыр ретінде ерлікпен құдаласады (эпостың 2 бөлімі), ал Төлеген «романикалық эпостың қаһармандарына тəн, қиын құдаласады» (эпостың 1 бөлімі). Батырлықпен құдаласудың астарында берілген мазмұн «Қыз Жібек» операсында тікелей көрініс тапты.
Алдымен бейнелік мінездемелер назар аудартады. Біздің алдымызда Жібек – «нағыз қалындық болатын қыз» бейнесі; бəсекелес күйеу жігіттер – адам сүйсінетін нəзіктеу батыр Төлеген жəне əмірлі, табанды (мойымас), өз күшіне сенімді, ер жүрек батыр Бекежан. Қалған кейіпкерлер операның басты кейіпкерлерінің айналасында топтаса, олардың дəстүрлі ортасын көрсетеді: Жібек жəне оның жеңгесі Батсайы, дос қызы Дүрия, қыздар тобы; Төлеген – ақын Шеге, туыстары (əкесі Базарбай, анасы Қамқа, қарындасы Қарлығаш), жігіттер тобы; Бекежан жəне дос жігіттер тобы.
Сыртқы пішін бойынша басқа зерттеушілердің ізімен: қыз – жігіт жəне оның қарсыласынан тұратын үштік тақырыбын айтуға болады. Бірақ қазіргі заман ағымына сəйкес «махаббат үштігі» жат болғандықтан, ұлттық дəстүрге тамырлаған таныс бейнелермен ұштастырғанды жөн көрдік.
Кейіпкерлердің топтасуы мен басты кейіпкерлердің айналасында уақиғалардың шоғырлануы, орын ауысуларының, қарым-қатынастарының байланысы, бейнелердің арақатынастарының түрі, қоршаған ортамен кейіпкерлердің қақтығысы (С.А.Қасқабасов белгілегендей уақиға үш жерде өрістейді – Жібектің ауылында, Төлегеннің ауылында, Бекежанмен айдалада) – негізгі сюжеттік жəне композициялық өзектің баяндалуын анықтауға мүмкіндік береді.
Толығырақ: https://articlekz.com/kk/article/22803