0 дауыс
4.2k көрілді
Жердің ішкі қабықтарын тізіп жаз

2 жауап

0 дауыс
Литосфера

Мантия

Ядро
0 дауыс

Жердің қыртыс қабаты

Гидросфераның астында, құрылықтарда, оның қатарында және онан жоғары таулы-қырлы жерлерде Жердің қатты қабаты бар. Жердің қатты кабатының ең бергі бетін топырақ қабаты немесе Жердің қыртыс қабаты дейді. Жердің осы айтылған үстіңгі үш қабатының астасқан жерінде, яғни олардың араларында тіршілік қабаты бар, оны биосфера деп атайды.

Литосфера

Жердің қатты қабаттарының үстіңгі бетін, топырақ қыртыс қабатымен қоса алғанда, литосфера деп атайды (тас кабат деген сөз). Оның жалпы қалындығы ондаған километр келеді. Литосфераның өзін екіге бөледі: оның үстіңгі қабатын сиал, астыңғы қабатын сима деп атайды.

Сиал

Сиал деп аталу себебі бұл тас қабат көбінесе екі жеңіл металдың, яғни силиций мен алюминий тотықтарынан тұрады. Ал осы екі элементтің аттарының бас буындарынан сиал деген сөз құралады. Сиал қабатының құрамы гранит деген тау жынысының құрамына жақын және көп жерде сол граниттің тікелей өзінен тұрады. Сондықтан сиал қабатын кейде гранит қабаты дегі қатайды. Сиал қабатының қалыңдығын 20—30 километр шамасы есептейді. Мұның меншікті салмағы 2,6—3,0 шамасында. Бұл тұтас қабат емес, таулы құрылықтарда қалың, теңіз түбінде жұқа немесе тіпті жоқ болады.

Сима

Сима кабатының да аталуы алдыңғыға ұқсас, бірақ мұнда алюминий орнына магний алынған, яғни 20—30 километрден әрі қарайғы тереңдікте тау жыныстарының құрамында алюминий азайып немесе жоғалып, оның орнына магний көбейеді. Бұл қабаттағы тау жыныстарыныд құрамы базальт деген тау жынысына жуық келеді. Сондықтан оны базальт қабаты деп те атайды. Сима кабаты, бірінші жағынан, едәуір күшті қысым жағдайында болса, екінші жағынан, Жер бетінің қозғалыс күштерінің әсері тиерліктей тереңдікте болғандықтан иленгіш, ақпалы келеді. Сондықтан оны иленгіш қабат деп те атайды. Оныд қалыңдығы да орта есеппен оншақты километрге дейін, ал орташа салмағы 3,5 шамасында болады.

Мантия қабаты

Литосферадан төмен, Жердің ең ішкі өзегінің сыртында aралық қaбат немесе мантия қабаты бар. Бұл — өте зор қалың қабат, оның қалыңдығы 2 880 километрге дейін барады. Оның құрамы ауыр магмалық тау жыныстарынан тұрады. Бұл қабатта силиций мен алюминий өте аз, ал темір, никель, магний, хром сияқты металдар кеп болады. Мұнда фосфор мен көміртек те бар. Жоғарғы литосферадағы металл тотықтардың орнына мұнда металдың күкірт қосындылары болады. Демек, оттегінің орнын күкірт алып жатады. Жер сілкіну әрекеттері көбінесе осы мантияның үстідгі бөлігінде болады. Аралық қабатта қысым күші аса зор, ол мыңдаған атмосфера шамасында. Мұндай қысымда заттың құрылысы кристалды бола алмайды, ал аморф түрінде, шыны құрылысты болады деп есептеледі.

Ядросы

Жердің ед ішкі орталық өзегі — ядросы — көбінесе темірден, онан қала берді никельден тұрады деп есептеледі. Бұл екеуінен басқа да ауыр металдар, көміртегі болу керек. Жер шары салмағының басым кебісі осы өзегінде, өйткені біріншіден, оның меншікті салмағы өте жоғары (1қ шамасында) болса, екіншіден, оның көлемі өте зор, (радиусы кемінде 3460 километр келеді). Қысым күшінің аса жоғары болу салдарынан езектегі (ядродағы) зат өте серпімді, қатты, шыны құрылысты, тығыз зат деп саналады. Өзектің өзі сыртқы және ішкі болып, екіге белінеді.

...