0 дауыс
14.3k көрілді
Тоталитаризмнің негізгі ерекшеліктерін сипаттаңыз?

Тоталитарлы саяси режим – ол мемлекеттің қоғам өмірінің барлық салаларына толықтай бақылау жасауы. «Тоталитаризм» терминін ең бірінші саяси лексиконға еңгізген итальяндық фашистер лидері Б. Муссолини. Ол 1925 жылы өз режиміне сипаттама бергенде осы терминді пайдаланған болатын. Осындай режим сондай-ақ Германияда, Испанияда, СССР-да және Руминияда т.б. елдерде болған. Әр елде өзіндік ерекшеліктерімен көрінсе де оның жалпы белгілері, мәні және мазмұны бар. Осындай белгілерге тоталитарлық режим кіреді:

- азаматтардың жаңаша ойлау және жаңа қоғам құруын жоққа шығаратын ресми идеология;

- билікке жалғыз бұқаралық партияның монополиясы, олигархиялық белгілері мен харизматикалық лидер жарияланған қоғам;

- террористік полицейлік бақылау жүйесі;

- барлық бұқаралық ақпарат құралдарына (радио, телевидение, газеты, журнал) партиялық бақылау;

- қарулы-әскери күшпен бақылау;

- экономикаға орталықтанған бақылау және экономикалық қызметті бюрократиялық басқару жүйесі;

- қоғамдық және индивидуальдық өмірдің барлық салаларына биліктің қадағалау орнатуы

- тұлғаның еркін ойлауы мен әрекеті болмайды;

- «Билік бұйырмағанның (рұқсат етпегеннің) барлығына тиым салынады» - деген принцип әрекет етеді;

Тоталитаризмнің негізгі белгілерін белгілі батыстық политологтар К. Фридрих, З. Бзежинский, Х. Арендт өз уақытында анықтаған. Белгілі Американдық зерттеуші З. Бзежинский тоталитарлық режимге келесідей «диагноз» қойды: егер елде осы аталған белгідердің бесеуі кездессе онда осы режим демократиялық жаққа көшпейді.

Тоталитарлық – ол индустриализация, модернизация дағдарысы кезеңіндегі қоғамның «реакциясы» мұндай кезеңде қоғам үлкен қиыншылыққа келеді: дәстүрлік құрылымдар бұзылады, адамдарда сезімнен айырылу, жалғыздық пайда болады.

Үстемдік жүргізетін – идеологияға соның саяси іс-әрекетінің мазмұнына әсер ететітіне қарай. Тоталитаризмді негізінен коммунизмге, фашизмге және ұлтшылды-социализмге бөледі.

Жалпы түрінде 1918 жылы қалыптасқан тоталитаризмнің тарихи алғашқы түрі кеңес типіне жататын коммунизм болып табылады.

1 жауап

0 дауыс

 Тоталитаризм – ол индустриализация, модернизация дағдарысы кезеңіндегі қоғамның «реакциясы», мұндай кезеңде қоғам үлкен қиыншылыққа келеді: дәстүрлік құрылымдар бұзылады, адамдарда сезімнен айырылу, жалғыздық пайда болады. Үстемдік жүргізетін идеологияға, оның саяси іс – әрекетінің мазмұнына әсер ететініне қарай тоталитаризмді негізінен коммунизмге, фашизмге және ұлтшыл – социализмге бөледі.                                  Саясаттанудағы  әлемдік  практика социализмнің екі түрін  ажыратуға мүмкіндік береді: оңшыл және солшыл.                                                                                                   Тоталитаризмнің оңшыл түрі екі формадан  - итальяндық фашизм және неміс ұлтшыл - социализмнен тұрады. Оңшыл жаққа жатқызылуының себептері – жеке меншік институты және нарықтық экономиканың сақталуы, экономикалық өздігінен реттелу механизмдерін қолдану.                         Италияда фашизмнің орнауы ұлттық және экономикалық тұтастықты сақтау процесіндегі артта қалушылыққа деген ұсақ және орта буржуазияның теріс реакциясы болатын. Фашизмде ұсақ буржуазиялық топтардың ескі аристократияға деген антагонизм көрініс тапты. Фашизм  «ұлттық жанды» қалпына келтіру, жаппай қылмысты ликвидациялау, мәдени және этникалық негізге сүйеніп, коллективті бірізділікті  қамтамасыз етуді көздеді. Италиядағы фашистік тоталитаризмнің орнауы елдегі ықпалды топтардың позициясына сәйкес болды: король, аристократия, офицерлік корпус және шіркеу. Режимнің елдегі билікті жүзеге асыра алмауы белгілі болғаннан кейін бұл таптардың өздері Муссолиниді биліктен тайдырды.                                                               Оңшыл тоталитаризмнің классикалық формасы Германияда 1933 жылы пайда болған ұлтшыл - социализм болып табылады. Бұл режимнің орнауы қоғамның либерализм дағдарысы мен әлеуметтік – экономикалық және ұлттық ерекшеліктердің жоғалуына жауабы болды. Германияның бұрынғы күш пен құдіреттілігін қалпына келтіруді арийлік расаның үстемдігі  мен өзге халықтарды бағындыру идеясының негізінде жүзеге асыру көзделген болатын. Фашистік қозғалыстың жаппай әлеуметтік базасы жұмыс класына да, аристократияға да, ірі буржуазияға да антагонистік көзқараста қараған ұсақ және орта буржуазия болатын. Фашистік қозғалысқа қосылу ұсақ және орта буржуазияға жаңа әлеуметтік тәртіп орнату және фашистік режим алдындағы өзінің жеке қызметіне байланысты ондағы жаңа статус пен артықшылықтарға ие болуға мүмкіндік берді. Немістердің ұлттық және әлеуметтік сананың өсуіне Бірінші Дүниежүзілік соғыстағы (1914 – 1918ж.) жеңіліс пен экономикалық дағдарыстың (1929 – 1933ж.) ықпалы зор екенін айта кету жөн. Ұлтшыл – социализмнің фашизммен туыстастығы бар, бірақ дегенмен де, ол көбінесе кеңес коммунизмге ұқсайды. Мысалы, тоталитарлық партиялық ұйымшылдық түрі және «товарищ» деп айтқанында.

Ұлтшыл - социалистік идеологияның негізі:                                                                  - неміс рейхін қалпына  келтіру;                                                                                                - неміс расасының тазалығы  үшін тартыс;                                                                                                                         -  басқа ұлттарды жою (әсіресе еврейлер);                                                                                 - антикоммунизм;                                                                                                                       - капитализмді шектеу.Оңшыл тоталитаризмнің әлеуметтік тірегі -  экстремистік көзқарастағы қоғамның орта таптары; демеушілері – ірі капитал өкілдері.                                                                                                   Солшыл тоталитаризмге кеңес  коммунистік режим мен Орталық және Шығыс Еуропадағы, Оңтүстік – Шығыс Азиядағы, Кубадағы режимдерді жатқызуға болады. Ол нарықты мүлдем жоққа шығаратын, үлестіретін жоспарлы экономикаға сүйенген болатын (кейбір мемлекеттерде бұл жүйе әлі де көрініс табуда). КСРО – да әлеуметтік бірізділікке қол жеткізу көзделген. Пролетариаттың мүдделеріне ғана сай келетін түсініктер ғана прогрессивті деп саналды. Бірақ, шыңына келгенде КСРО-дағы жұмыс классы маргиналды болды, себебі оның негізін бұрынғы крестьяндр құрған.           Тоталитаризм өзінің коммунистік түрінде көп өмір сүреді. Бөлек мемлекеттерде бүгінгі күнге дейін өмір сүреді. Коммунистік тоталитаризм басқа идеологияларға қарағанда тәртіптің негізгі түрін көрсетеді, өйткені ол жеке меншікті, әрбір жеке автономияны және мемлекеттің абсолюттік билігін жояды. Кеңестер Одағында Тоталитаризм орныққан 1920 – 1930 ж. байлар мен кулактарды тап ретінде жою шаралары және ауыл шаруашылығын коллективтендіру саясаты жүзеге асырылып, қазақ халқы алапат ашаршылық пен босқыншылықты бастан кешті. Кеңестік Тоталитаризм ұлттық зиялы қауым өкілдерінің бір бөлігін өзіндік саяси ұстанымдарына орай “тап жаулары”, “жат пікірдегілер” және “әлеуметтік қауіпті элементтер” ретінде қудалады.Кейбір авторлар тоталитаризмді нашар дамыған елдердің модернизациясының саяси түрі деп қарастырады. Бірақ тоталитаризм – тарихи тәртіп. Тоталитаризм–жабық қоғам  уақытында сапалы жаңаруына  үйренбеген.             Тоталитаризм – үкімет тарапынан қоғамды қадағалап отыратын, ұжымның мақсаты мен идеологиясына бағынатын қоғамдық жүйе және қоғам өмірін ұйымдастыратын саяси тәсіл болып табылады. ХХ ғасырларда тоталитаризм саяси жүйе ретінде қалыптасып, осы ғасырдың 40-50 жж. Теориясы жүзеге асты. Тоталитаризм үлгісі: фашистік Германия және Кеңес үкіметі болып табылады. ХХ ғ. Жедел қарқынмен индустрия дамыды. Экономикалық даму әлеуметтік және саяси сфераларға әсерін тигізеді. Мемлекет техникасының дамуы арқылы миллиондаған адамдардың санасына ақпараттық агенттіктер арқылы әсер етіп, бағындырды. 
Индустрияның дамуы арқылы монополиялар пайда болып, олар экономиканың барлық салаларын қамтыды, енді адамдар санасында қоғамды құру деген идея пайда болды. Оңай басқарылатын, керек бағытқа бұра алатын, бағынғыш қоғам пайда болады. Осы индустриялды ғасырда адамдар санасында ерекше ұжымдық – механизм дүниетанымы қалыптасты. Бұл дүниетанымның негізі – қоғамның үлкен механизмі ретінде қарастырылуы және осы механизмде әр индивид механизмінің бір бөлшегі. Ал үкімет өз кезегінде осы механизмді басқаратын оператор. Және де бұл механизмдегі әр адам өз жұмысын нақты істеп, оператордың талабын орындауы керек. Әйтпесе механизм сынып қалады, яғни қоғам құлдырайды. Сондықтан сынбау үшін адам индивидтікке салынбай қоғамның талабына сай өз міндеттерін дұрыс атқару керек. Тоталитаризмнің орнауына психологияның әсері болды. Адам ұжымнан тыс өмір сүре алмайды, өзіне әлсіз деп сезінуге сендірді. Қоғам және ұжым адамның бүгінгі күнге де, болашағына да сенім әкелді. Класқа кірген адам өзінің эмоцияларын сыртқа шығара алуы. Мысалы: СССР-де жұмысшы кластағы адамдар байлар мен капиталистерге қарсы шыға алды және жазаланбады. Ал Германияда ариялық нәсілге жататындар басқа халықтарды құртуға мүмкіншіліктері болды, олар да бірақ жазаланбады. Мұндай психологиялық факторлар тоталитарлық тәртіптің пайда болуына және сақталуына себеп болды. Тоталитарлық тәртіптің пайда болуына сақталуына себеп болды. Тоталитарлық тәртіптің пайда болуына негіз болған әлеуметтер: экономикалық, саяси, кризистік периодтағы жағдайлар қоғамның жағдайын нашарлатады яғни ешқандай классқа жатпайтын қарапайым адамдарға әсер етеді. Себебі оларды қолдайтын ешкім болмай, олардың жағдайы мүлде нашарлайды. Сондықтан ол әр түрлі үгіттерге көніп, сенеді. Міне нағыз осылар тоталитарлық тәртіптің орнауына негіз болды.  
Тоталитарлық тәртіптің ерекшеліктері: 
1.  Барлық тоталитарлық тәртіптердегі спецификалық ерекшеліктері бар, олар барлық тоталитарлық мемлекеттерде жүзеге асады. Утопиялық идеал барлық тоталитарлық мемлекеттергетән. СССР-де идеал болып коммунистік болашақ табылады. Ал Германияда мұндай идеал болып бақытты рейх табылады. Барлық тоталитарлық тәртіптің ерекшелігі – мақсатқа жету үшін барлық әдістер қолайлы. Қоғамның дамуының ең негізгі компоненті ретінде идеология болды. СССР үшін мұндай идеология Марксизм – Ленинизм болып табылады. Ал қалған идеологиялардың өмір сүруіне құқықтары болмады. Бұл идеялар патерналистік тұрғыдан қарастырылады. Басқарушы барлық мәселелерді шешті, адамдарға тек соны ғана орындау қалды. Бұл бұйрықтарды орындау жақсы нәтижеге жеткізеді және барлық мәселелерді шешеді. 
2. Ақпараттар агенттігінің мемлекет монополиясы. Ақпарат агенттері тек мемлекетке тиісті. Мемлекетлауазымды ерекше қызметші болып барлық ақпараттарды басқарады. Ал басқарусыз тоталитарлы мемлекет үшін азаматтарды біріктіру мақсатында дұшпан бейнесі пайда болады. Бұл бейне мемлекеттің өз ішінде де, және халықаралық алаңда болды. СССР - өмір сүруінің соңғы жылдарында осындай дұшпан бейнесі болып – империализм саналды. Тоталитарлық тәртіп империализмде дұшпанда көріп, оған жоламауға тырысып, қашқақтады. 
3.  Бір ғана басқару партиясы бар саяси жүйе дамиды. Ол елдегі барлық басқаруды қолға алады. Бұл партия қоғамдағы нақты жинақталған түрлі игіліктерге құқығын береді.                                                                                                          4. Тоталитарлы тәртіп қоғамда жаңа адамды қалыптастыруға ұмтылады. Ол индивид өз идеяларына берілген үкіметке сөзсіз бағынатын адам болуы қажет.                                                                                                                            5.   Адамды күнделікті бақылау керек болса оның жеке өмірінде бақылау.

Толығырақ: https://www.yaneuch.ru/cat_08/totalitarizm-ony-negzg-tipter-men/519505.3351965.page1.html

...