Мұхаммед Пайғамбар (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын): "Егер, сіздің ыдысыңызға бір шыбын түсіп кетсе - оны түгелдей матырып алыңыз. Өйткені, оның бір қанатында кесел болса, шипасы - екінші қанатында" депті.
Бір атеист Пайғамбарымыздың(Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) осы сөзінен үзінді келтіре отырып:
"Сіз - дәрігерсіз. Бірақ шыбынның қанатында қандай шипа болуы мүмкін?" деп кекесінмен сұрады. Өкінішке орай, ол кезде менің бүгінгідей білімім жоқ еді. Сондықтан:
-"Егер, Хадисте солай деп жазылса, онда шипа болуы тиіс. Себебі, мың жарым жылда Пайғамбардың (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) хадисінен ғылым ешқандай қателік тапқан емес" деп жауап бердім.
Осы жақында ғана Құран мен Сүннеттің ғылыми негіздері туралы бір кітаптан мынандай дерекке кездестім:
1932 жылы Үндістанда безгек эпидемиясы лаулаған оттай тарай бастайды. Оның жойқындығы соншалықты, Үндістанның халқына түгел қырылып қалу қаупі туды. Бірақ дәрігерлер бір ғажапқа таң қалды. Шағын ғана ауылдың тұрғындары кеселден өздігімен айыға бастады. Ол жерге шұғыл арнайы комиссия жіберілді. Сөйтсе, тұрғындар шыбын түсіп жатқан ашық тұрған құдықтан су ішеді екен. Зерттеу барысында ол суда безгектің виброндары өздігінен өліп қалатыны белгілі болды. Сондай-ақ, суға түскен шыбынның бактериофаг бөлетіні анықталды. Яғни, бактериофаг та бактерия. Бірақ өзге бактерияны жеп тауысады. Бұл бактериофагтар жәй көзге ілінбейді, бар болғаны 20-25 микрон. Оны тек өте күшті, қазіргі заманғы микроскоппен ғана көре аласыз. Австралиядағы Маккуори университетінің профессоры Энди Битти бұл құбылысты жеке зерттеуге кірісті. Нәтижесінде, шыбынның ағзасында айналасының бәріне, микробтың кез-келген түріне қарсы әсер ететін мықты антибиотик бөлінетіні белгілі болды. Ол тіпті, шек құрттары мен "алтын түсті" стафилакоккты жойып жібереді екен!