0 дауыс
888 көрілді
Ассаламалейкум! Көлікті қыздырмай жүріп кетсе не болады, айтып жібересіздер ме?
Мысалғы көлікті не үшін қыздырады?

Оталдырып қыздырмай жүріп кетсе не болады екен!!!!

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Қысқаша айтар болсақ, көліктің бөлшектері тозбай күтіліп жүруі үшін оталдырып, қыздырып бірақ жүру керек.

1. Кез келген мотор майы суықта қоюланып қалады (қысқы әлдеқайда аз қоюланады, бірақ соған қарамастан), соның салдарынан қозғалтқыш бөлшектері нашар майланады және тиісінше, әсіресе жоғары айналымда тез тозады. Қызған сайын май қажетті тұтқырлыққа ие болады және оның қасиеттерін қалпына келтіреді, сондықтан мотор жеткілікті майлауды алады және қарқынды пайдалануға дайын болады.

2. Суық қозғалтқышта бөліктер арасындағы бос орындар нормадан ауытқиды. Бұл олардың тез тозуына ықпал етеді, әсіресе жоғары жылдамдықта. Саңылаулар қозғалтқышты жұмыс температурасына дейін қыздырғаннан кейін ғана сындарлы түрде анықталған нормаларға сәйкес келеді.

3. Суық қозғалтқыш тұрақсыз жұмыс істейді. Бұл барлық дерлік карбюраторлы автокөліктерге тән, бірақ қазіргі заманғы қозғалтқыштар алдын-ала жылытусыз жүру кезінде "түшкіруі" мүмкін, динамикасы мен қабылдағыштығын жоғалтады.

4. Жылытылмаған қозғалтқышпен жүру қоршаған ортаның температурасы мен қалыпты жұмыс температурасының айырмашылығына байланысты отын шығынын арттырады.

5. Суық салонға отыру -бұл былайша айтқанда төмен рахат сезім, сонымен қатар жылы үрлеусіз әйнектер тез аязбен жабылады, нәтижесінде көріну азаяды.

Оталдырудың төрт тәсілі:

  • Аккумулятор арқылы оталдыру тәсілі:

Алдымен, кілтпен ашқаннан кейін 2-3 секунд тосып, бензин насосының дыбысын күтіңіз. Бензин насостың "сырылдаған" дыбысы тоқтағаннан кейін көліктің механикалық қозғалтқышы болса, ажыратқышты (сцепление) түбіне дейін басып тұрып, ақырын қоя бересіз. Сосын кілтпен от бересіз.

Кілтті бұрап, от беруге әрекет 2-3 реттен аспауы керек. Әр реттің арасында 1-2 минут аралық демалыс болғаны дұрыс. Бұлай болмағанда аккумулятор тез отырып қалады.

Аккумулятор "тоңып" қалып, оталдырғышты (стартер) айналдыруға шамасы жетпесе, оталып тұрған көліктің аккумуляторына жалғауға болады. Ол үшін ұзын, басы қысқаш арнайы кабель бар.

  • Көлікті жылыту тәсілі:

Аккумулятор дұрыс болса да көлік оталмаса, мотордың майын тексеру керек. Егер май мұздап, қатқан болса, онда көлікті жылығанға дейін жылы орынға сүйреп апарып қоясыз. Немесе ыстық жел үрлейтін қондырғының (теплопушка) көмегіне жүгінесіз.

  • Моторды жылыту тәсілі:

Моторды арнайы қыздырғыш арқылы астыңғы май тұратын түбінің тұсынан қыздыру керек немесе арнайы қондырғымен ыстық желді үрген жақсы. Ол кезде көлікті айналдыра қымтап, ыстықты ұстап қалудың бар амалын жасау керек. 10-20 минуттан кейін көлік жылынады.

  • Мотор майын жылытып (ысытып) құю арқылы оталдыру:

Әдетте Қазақстанда сатылатын мотор майлары -40°С суыққа жарамды деп көрсетілсе де, көп жағдайда стандартқа сай болмайтынын ескеру керек.

Аязда майы қатып қалған көлікті еш көмексіз оталдыру үшін не істеу керек?

1. Алдымен көліктің аккумуляторын шешіп алып, пештің не үйдегі жылу батереясының қасына қоясыз;
2. Сосын май құю бекетінен сатып алған 200-300 мл мотор майын пешке не жылу батереясына жақын қоясыз. Мотор майының маркасы мен стандарттық нөмірінің көлігіңізге құйып жүргенмен бірдей болғаны дұрыс. Сонымен бірге егер ашық пеш қасына қойсаңыз, оттан сақтаныңыз;
3. Әбден жылыған аккумуляторды орнына саласыз да, әлгі ысыған майды моторға құясыз. Сосын 0,5-1 минуттан кейін оталдырасыз. Сіз ысытып құйған май мотордың ішіндегіні жібітіп, жылытатындықтан тез оталады.

Дизель моторлы көлікті оталдыру

Бабақұмар Қинаиятұлы, дизель моторлы көлік жүргізушісі:

– Әдетте дизель мотордың оталдыру тәсілі мүлде басқаша. Егер аккумулятордың тоғы 12,5-12,8 амперден төмендеп кетсе, оталдыру мүмкіндігі барынша төмендейді. Ондайда өте қуатты аккумуляторға жалғау керек.

Егер қатты суық болса, жылтқыш қондырғы немесе отбүріккіш (паяльная лампа) арқылы моторды, блокты, бактің (май сандық) қозғалтқышқа (двигатель) жалғанған түтіктерді жылытады.

Сосын помпаны қатты-қатты басып, қысымды күшейтеді.

Осылайша мотор, қозғалтқыш блок, май жолдары жылынып, қысым жоғары болғаннан кейін кілт ашылады. Кілтті ашумен қатар газды басып, бактағы жылы майды соруына көмектеседі.

Сосын от бергенде қатты қысымның көмегімен май тұтанып, көлік оталады, – дейді.

 

http://ernur.kz/kazakstan/kolikti-aulada-kansha-uakyt-kyzdyrugha-bolady

0 дауыс
Қыздырып барып жүр, сонда бәрі good болады)

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
10 жауап
Белгісіз 6.10.2014 Жалпы сұрақ сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
...